Бейсенбі, 23 Қаңтар 2020 09:36

«Бір жылда үш маусым бар» (Тәмсіл)

Бірде Кұң Зының (Конфуций) шәкірттері аула сыпырып жүріпті. Аулаға кіріп келген қонақ олардың бірінен: «Сен кімсің?», – деп сұрапты. Шәкірт бала таң-тамаша қала: «Мен Кұң Зының шәкіртімін!», – деп жауап беріпті. Қонақ: «Тамаша болды, мен сізден бір істің жөнін сұрайын деп едім», – деп жөнін айтыпты. Шәкірт бала: «Жарайды!», – деп келісіпті. Іштей: «Сіз менен бір ғажап сұрақ сұрап, мені жаңылдырмақшысыз ғой», – деп ойлапты. Қонақ: «Бір жылда қанша маусым бар?», – деп сұрайды. Шәкірт ішінен мұны да сұрақ деуге бола ма деп ойлапты да: «Бір жылда төрт маусым болады ғой», – деп жауап берген екен. Қонақ басын шайқап: «Жоқ,…
Жұма, 17 Қаңтар 2020 14:15

Рухани кемелдену кілті

«Жаңғыру – өткеннен қол үзіп, тек жаңа құндылықтарға жол ашу деген сөз емес. Шын мәнінде бұл – ұлттық мұраларымызды бүгінгі оң үрдістермен үйлестіре дамытуды көздейтін құбылыс. Бұл ретте, біз Абайды айналып өте алмаймыз. Себебі, ұлы ойшыл осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты жаңғыруға, жаңаруға, жаңа өмірге бейім болуға шақырған» дейді Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында. Әлбетте, Абай – халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз, ұлттық идеологиямыз, оның өлмес мұрасын алдымен өзіміз танып, сосын әлемге таныту – біздің ғұмырлық парызымыз. Шындығында, Абайдың туғанына 175 жыл уақыт өтсе де, оның еңбектері халық жадында…
Сәрсенбі, 15 Қаңтар 2020 15:50

#Abai175

Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығы аясында ұйымдастырылған челлендж. Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылы, Д.А.Қонаев орта мектебінің үстаздары #Abai175
Гүл қуанышы мен тас қайғысы Ерте көктемде енді-енді жіпси бастаған жердің төсін түртіп оятып, әдемі бір гүл өсіп шықты. – Бұл жерде қандай тамаша! – деді төңірегіне тамсана көз тастаған гүл. – Ауасы қандай тап-таза! – Миллион жылдан бері осы көрініс, – деді терең күрсінген тас, жылда-жылда қайталана береді. Іш пыстыратыны соншалық, жарылып кете жаздайсың. Өмірің қызықты болсын десең, дүниеге сәби көзімен қарап үйрен. *** Саусақ Сырқат дәрігерге мұңын шағып отыр: – Шамасы, ұзамай өлетін шығармын... Саусағыммен қай жерімді түртіп қалмайын, сырқырап қоя береді. Ауруды тексеріп көрген дәрігердің әңгімесі: – Әрине, солай болады. Өйткені саусағыңыз сынған ғой. Бар болғаны саусағыңыз…
Сейсенбі, 14 Қаңтар 2020 09:49

#Abai175

Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығы аясында ұйымдастырылған челлендж. Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылы, Д.А.Қонаев орта мектебінің үстаздары #Abai175
Сейсенбі, 14 Қаңтар 2020 08:49

#Abai175

Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығы аясында ұйымдастырылған челлендж. Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылы, Д.А.Қонаев орта мектебінің үстаздары #Abai175
Қонаевтың нақылға айналған сөздері: Бүгінгі күн – кешегі күннің шәкірті. *** Жалада шындық болмайды. *** Сатыға аяқ салмай жатып, баспалдақтан аттама. *** Қанмен сіңгенді қасиеттемесең, қадірің болмайды. *** Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау. *** Ақиқаттан аттап кету – арға сын. *** Орынды сын ойлантпай қоймайды. *** Адамға жазаның ең үлкені – жұмыссыз қалдыру. *** Адам айнасы – адам. *** Тәуелсіздіктің жүгі ауыр. *** Қараң қалған билік қайтып оңалмайды. *** Бітімі қисық ағаштың көлеңкесі де өзіндей болады. *** Адамдық қалыпты биік ұстау – кімге де болса үлкен сын. Адамгершілік деген асыл қасиетті аласартып алмасақ екен. Өмір өзегі осы, азаматтық…
Сәрсенбі, 08 Қаңтар 2020 15:02

Еңбекпен келген ақша

Бір саудагер ұлына күнделікті бір аббасиден (парсының күміс тиыны) беріп: — Ұлым, мынаны ал және оны көбейтуге тырыс, – дейді екен. Ал ұлы болса, әкесі берген ақшаны күнде суға лақтыра салуды әдет қылыпты. Саудагер бұл туралы білсе де баласына ештеңе демепті. Ұлы еш жерде жұмыс істемеген екен, ештеңемен айналыспапты да. Әкесінің үйінде тұрып, тек ішіп-жеп қана жатады екен. Күндердің бір күні саудагер бүкіл туыс-туғанына: — Егер ұлым сендерден ақша сұраса, бір тиын да бермеңдер, – деп ескертіпті. Содан кейін баласын шақырып: — Балам, барып жұмыс істе, ақша тап. Сенің еңбекпен тапқан ақшаңның қандай болатынын көрейін, – депті. Ұлы болса, туыс-туғандарын…
Жексенбі, 05 Қаңтар 2020 14:19

Әкенің орны

Жүз, мүмкін, екі жүз жыл бұрын, баяғы өткен заманда бір кедей отбасы кішігірім ауылдың шетінде өмір сүріпті. Әбден тозығы жеткен лашықта әйелі мен күйеуі, сегіз жастан асқан ұлы мен оның қартайған атасы тұрыпты. Әйелі мен күйеуі күні-түні тізе бүкпей еңбек еткенімен, ішер асқа жарымай, бір жапырақ нанды әрең тауып жейді екен. Ал қартайып, жасы жеткен атасынан еш қайыр жоқ. Құр сүлдері қалған қарттың құлағы да естімейді, көзі де дұрыс көрмейді, қол-аяғы дірілдеп, өзі әрең жүреді екен. Сонда да қарап жатпай, балаларына көмектеспекші болғанымен, ол бейбақтың пайдасынан гөрі, тигізер зияны көп болыпты. Бір күні қарт төсегінен тұрып бара жатып, жерде тұрған…
Дүйсенбі, 30 Желтоқсан 2019 10:21

Қызметші мен қожайын

Баяғыда бір ауқатты кісі кедей адамды өзіне қызметші етіп алыпты. Қызметшісі сондай сымбатты, ал оны қызметке алған адам сұрықсыздау екен. Бірі әмір беріп, екіншісі оның бұйрықтарын орындап, қызмет етумен күндер өтіп жатыпты. Күндердің күнінде аптап ыстық пен аштықтан сол өңірде көптеген адам көз жұмыпты. Сонда кедей қызметші «Қожайыным екеуімізді танитындар жоқтың қасы, бәрі жұтта өліп кетті. Менің сымбатты көркім нағыз қожайын болуға лайық қой. Ал мына сұрықсыз ендігі уақытта маған қызмет етсін» деген оймен ауқатты адамға: — Ей, қызметші, мен саған қожайынмын, – депті. Осылайша екеуі сөз таластырып, айтыса бастапты. Олардың бұл тартысы бір әділ адамның құлағына жетіпті. Әлгі адам…
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет