Сәрсенбі, 19 Ақпан 2020 14:34

Ырыс жайлы аңыз

Баяғыда бір жолаушы жолаушылап келе жатып шағын бір ауылға түсіпті. Ауылдың сыйлы кісінің үйіне дәл түскен екен, ол да жолынан жығылмай қонағын жік-жапар болып күтіп алыпты. Түннің бір уағында қонақ иттің ұлығанынан оянып кетіпті. Бұл қонақ жәй қонақ емес еді. Жер бетіндегі жан - жануардың тілін меңгерген ғалым адам болатын. Ауыл сыртынан – Қонақтың атын жеймін! – деп ұлыған қасқырға үй иесінің иті: – Қонағымның атын жер болсаң, сені адамдарға ұстап беремін, – деп жауап қатып тұр екен. Қасқыр болса: – Бұл ауылды таң ата жау шабады, – деп тайып тұрыпты. Қонақ үй иесін оятып, дереу ауылдың көшуін сұрапты. Ауылды…
Сейсенбі, 18 Ақпан 2020 14:15

Досы көп көрші

Баяғыда екі көрші болыпты. Қыс келіп, алғашқы қар жауады. Бір көршісі ерте тұрып, күрегін алып, есіктің алдын қардан тазалайды. Мойынын созып, көршісінің ауласына қараса, оның есігінің алды тап-таза екен. Ертесі күні қар түнімен жауып шығады. Әлгі жігіт одан ерте тұрып, көршісінен бұрын қар тазалап тастамақ болады. Таң сәріден тұрып, қар күреп болған соң тағы көрші аулаға қарайды. Ал ол жақ тап-таза. Үшінші күні қар көп жауып, тізеден келіпті. Күн шыға сыртқа шыққан жігіт тездетіп ауланың қарын күреп, тазалайды. Әдеттегісінше, көршісінің ауласына мойынын созып қараса, түнде қар жаумағандай-ақ тапталып жатыр. Жігіт таңғалады. Сол күні екі көрші көшеде кездесіп қалады. Ананы-мынаны бір…
Бейсенбі, 13 Ақпан 2020 09:05

Төрт әйел туралы тәмсіл

Баяғыда төрт әйелі бар сұлтан өмір сүріпті. Әйелдерінің бәрі де бірінен-бірі өткен сұлу, ақылды болыпты. Десе де, сұлтан ең мейірімді, ең жас, төртінші әйелін бәрінен де қатты жақсы көріпті. Сондықтан оған әрдайым қымбат көйлек кигізіп, баға жетпес әшекейлер сыйлап, көңілін таба біліпті. Сұлтан жер бетіндегі ең сұлу әйел – үшінші әйеліне де ессіз ғашық болыпты. Ол өзге елдерге сапарға шыққанда үшінші әйелінің әдемілігіне ел тамсансын деп, әрдайым оны жанына ертіп жүріпті. Десе де, «Сұлу әйелім күндердің бір күнінде менен кетіп қала ма?» деген ойдан қатты қорқыпты. Ақылы мен қулығы асқан сұлу – екінші әйелін де сұлтан құлай сүйіпті. Өйткені ол…
Дүйсенбі, 10 Ақпан 2020 15:08

Хантәңір мұзбалағы

Мұқағали, «Ең бірінші бақытым – халқым менің» деп жырлады. Абайды ұлттың ұлы ақыны десек, Мұқағали – қазақ халқының жарық жұлдызы. Оның өлеңдерінде не құдірет бар дегенде, өз заманының адамдарымен таң азанмен бірге тұрды. Халық күрсінсе, бірге күрсінді, халық шаттанса, бірге шаттанды. Қасиетті Хантәңірі тауынан мұзбалақ қыранның көкте қалықтап жүргенін халық көрді. Бірақ қолға ұстап бағындырудан қорықты.Өйткені, ол көк аспанмен тілдесіп, туған жердің тасына дейін түгендеп, ата-бабалардың аманатын көздің қарашығындай сақтауға, әр тырнағы алмас қылыштай жарқылдап,ұлттың ұлы тұлғаларын өтірік жаламен жауына байлап матап берген, өзгенің сойылын соғып халыққа қайғы-қасірет әкелген, адамның бет пердесін киген, нағыз түр-түсі шибөрі, жылан сияқтыларды отты жырымен…
Дүйсенбі, 10 Ақпан 2020 14:46

Мұқағали тілі

Халық тілінің қайнар көзі сан ғасырды бастан кешіру барысында қалыптасқан ауыз әдебиетінің алтын қорынан бастау алады. Сондықтан тіл халықтың баға жетпес асыл байлығы. Әрқандай халықтың жазба әдебиеті ата-бабаларымыз жаратқан ұшан-теңіз мол ауыз әдебиеттен нәр ала отырып дамиды. Сол үшін орыс халқының әйгілі жазушысы Максим Горький «Сөз өнері ауыз әдебиетінен басталады» дейді. Ауыз әдебиеті – халық тілін үйренудің мектебі. Халық тілін үйренудің алтын бесігі болған ауыз әдебиеттен үлгі алған Асан қайғы Сәбитұлы, Шалкиіз Тіленшіұлы, Ақтанберді Сарыұлы, Бұқар Қалқаманұлы қатарлы өкілдік сипатқа ие от ауызды, орақ тілді жыраулар дүниеге келді. XX ғасырға келгенде қазақ әдебиеті өзінен бұрынғы замандар әдебиетіне ұқсамайтын аумалы-төкпелі тариты…
Дүйсенбі, 10 Ақпан 2020 10:46

Қонаев – ұлт мақтанышы

Түрген ауылы Д.А.Қонаев атындағы орта мектебінде «Өрлеу» БАҰО АҚФ Алматы облысы бойынша ПҚБАИ, Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімімен бірлескен Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 108 жыл толуына арналған «Ұлт мақтанышы Д.А.Қонаев мұрасы негізінде ұлттық құндылықтарды ұлықтау-рухани жаңғыру кепілі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға қатысушылар Д.А.Қонаев бюстіне гүл шоқтарын қойды. Конференция – «Өрлеу» БАҰО АҚФ Алматы облысы бойынша ПҚБАИ Д.А.Қонаев атындағы орта мектебімен бірлескен «Рухани жаңғыру – мектеп оқушыларының ғылыми ізденістерін ұлттық құндылықтар аясында әлеуметтендірудің негізі» тақырыбында ғылыми-эксперименттің 3 жылдық жұмыстың қорытынды нәтижесі. Конференция жұмысы Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі А.Тортаеваның құттықтау сөзімен ашылды. Конференцияның І бөлімінде «Өрлеу»БАҰО АҚФ Алматы…
Дүйсенбі, 10 Ақпан 2020 10:02

Әйтей батыр

Әйтей Құлманбетұлы – XVIII ғасырда өмір сүрген, елінің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін жоңғар қалмақтарымен кескілескен ұрыстарға қатысып ерен ерлігімен көзге түскен қолбасшы, тарихи тұлға. Халқымыз сан ғасырлар бойы аңсап келген арманына, Аллаға шүкір XXI ғасырдың басында жетіп отыр.Өз алдына шаңырақ көтеріп, жандарын шүберекке түйіп, ата мекенін анталаған жаудың шабуылынан қорғай білген қаһарлы ата-бабаларымызды қастерлеп еске алмасақ болмайды. Мың өліп, мың тірілген қазақ жұртына бұл еркіндік, бұл бостандық айрықша қымбат. Әйтей батыр туған жерін, туған елін ежелгі жауымыз құба қалмақтардан қасықтай қаны қалғанша қорғап, қазақ жерінен қуып шыққан, сол жолда құрбан болған қайсар ұлдарымыздың бірі екені тарихқа аян. Әйтей Құлманбетұлы -…
Сәрсенбі, 29 Қаңтар 2020 09:42

Қарымды қаламгер

Бүгінде сексеннің сеңгіріне сеніммен шығып, журналистік шығармашылық өмір жолындағы атқарған қызметін, жариялаған туындыларын тізбелеп, қорытындылағандай болғанмен әлі де сергек қаламы қолынан түспеген жерлесіміз ақшилік Нұрсадық аға Сарғожаевтың әңгімесін жазушы Жарылқасын Нұсқабаев хатқа түсірген екен. Осы өмірбаяндық очеркті аздаған қысқартулармен оқырман назарына ұсына отырып Нұрекеңе мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз өзі шығармашылық жолын бастаған кешегі «Үлгілі колхоз», «Еңбек жалыны» бүгінгі «Еңбекшіқазақ» газетінің ұжымы атынан. Хайролла Ахметжанов, Қазақстанның құрметті журналисі. Көп оқу орындарын бітіріп, түрлі мамандықтарды игергеніммен содан іріктелгені бір ғана сала. Ол еңбектегі ғұмырымның темірқазығы атанбақ. Оған мысал: мен 1957 жылы Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген селосындағы ауылшаруашылығын механизациялау училищесін тәмамдап, комбайнер мамандығын…
Бейсенбі, 23 Қаңтар 2020 09:36

«Бір жылда үш маусым бар» (Тәмсіл)

Бірде Кұң Зының (Конфуций) шәкірттері аула сыпырып жүріпті. Аулаға кіріп келген қонақ олардың бірінен: «Сен кімсің?», – деп сұрапты. Шәкірт бала таң-тамаша қала: «Мен Кұң Зының шәкіртімін!», – деп жауап беріпті. Қонақ: «Тамаша болды, мен сізден бір істің жөнін сұрайын деп едім», – деп жөнін айтыпты. Шәкірт бала: «Жарайды!», – деп келісіпті. Іштей: «Сіз менен бір ғажап сұрақ сұрап, мені жаңылдырмақшысыз ғой», – деп ойлапты. Қонақ: «Бір жылда қанша маусым бар?», – деп сұрайды. Шәкірт ішінен мұны да сұрақ деуге бола ма деп ойлапты да: «Бір жылда төрт маусым болады ғой», – деп жауап берген екен. Қонақ басын шайқап: «Жоқ,…
Жұма, 17 Қаңтар 2020 14:15

Рухани кемелдену кілті

«Жаңғыру – өткеннен қол үзіп, тек жаңа құндылықтарға жол ашу деген сөз емес. Шын мәнінде бұл – ұлттық мұраларымызды бүгінгі оң үрдістермен үйлестіре дамытуды көздейтін құбылыс. Бұл ретте, біз Абайды айналып өте алмаймыз. Себебі, ұлы ойшыл осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты жаңғыруға, жаңаруға, жаңа өмірге бейім болуға шақырған» дейді Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында. Әлбетте, Абай – халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз, ұлттық идеологиямыз, оның өлмес мұрасын алдымен өзіміз танып, сосын әлемге таныту – біздің ғұмырлық парызымыз. Шындығында, Абайдың туғанына 175 жыл уақыт өтсе де, оның еңбектері халық жадында…
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет