Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2020 09:53

Әлемге ақыл себуші

Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес, Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес. Қарадан хакім болған сендей жанның Әлемнің құлағынан әні кетпес! ...Сұм дүние сылаң беріп көптен өтер, Сау қалғанның көбісі ертең бітер. Тоқтамас дүниенің дөңгелегі, Шешеннің айтқан сөзі көпке кетер, – деп Мағжан ақын жырлағандай, шешеннің айтқан сөзі көпке жетті. Бұл шешен Абай еді. «Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды», деп, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Абай шығармаларының өшпес…
Жұма, 04 Қыркүйек 2020 11:18

Даубай ақын

Хантәңірінің баурайында туып, Қарасаздың қойнауында түлеген Даубай Әбдісай жуырда Қазақстан Жазушылар одағының, айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының мүшесі болды. Өткен жылы ғана «Дария ғұмыр» атты тұңғыш жыр жинағы оқырманға жол тартқан еді. Ақын кітабының кіріспесінің өзінде: Дария толқын ғұмырым, Дария қарттың ұлымын. Көктүрік тегім бөрі емген, Бөрідей көкке ұлыдым... Мұхаммедтің үмбеті Алланың ғана құлымын, – деп бастайды. Расында, ақын поэзиясына үңілер болсақ, елең етіп, көңіл аударып, қайталай оқымасаң, түсіну әсте қиын. Тілі күрделі, ойы орамды, әр жолы салмақты метафора, эпитет, теңеу секілді көркемдеуіш құралдарды ұтымды қолданған. Өлеңдеріне тән ерекшелік – шындықты бұрмаламай дәл тұстан айту. Иә, ақын ағамыздың…
Жұма, 04 Қыркүйек 2020 11:13

Тоғызбайдың бойында тоғыз өнер

Тоғызбай Нұрсейітовтің өмірбаяны соғыстан кейінгі ұрпақтардың өмір жолына ұқсас та, ерекшелеу де. Ұқсастығы – орта мектеп бітіре салып, жоғары білім алуға бірден ұмтылғандардан гөрі екі-үш жыл еңбекке араласқан жастардың жұлдызы жанатын. Үш жылдай ұжымшарда қызмет етіп, ҚазҰУ-дің Заң факультетіне түсіп, заңгерлік мамандық алғаннан кейінгі қызметі де кәдімгідей сара жолмен жүргендей ойқыл-тойқылсыз. Қорғаушыдан бастап, тергеуші, аға тергеуші, прокурор көмекшісі, бірінші орынбасары, прокурор лауазымы. Ұйғыр, Шелек, Еңбекшіқазақ аудандарында, кейінірек Кеген, Шелек, Кербұлақ аудандарында, яғни, үлкен Алматы облысының жартысына жуық аумақта заңдылықты бақылап, еңбегін елге сіңіріп, зейнеткерлікке шықты. Қызметтің жолында жүріп отбасын құруды да ұмытқан жоқ. Жұбайы Хабибамен Елмұрат, Ермек атты ұлдарды, Ләйлә…
Сәрсенбі, 26 Тамыз 2020 09:18

Алланың өзі де рас, сөзі де рас

Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз еш уақытта жалған болмас. Көп кітап келді алладан, оның төрті, Алланы танытуға сөз айырмас. Аманту[1] оқымаған кісі бар ма? Уәктубиһи[2] дегенмен ісі бар ма? Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер, Жарлық берді ол сіздерге, сөзді ұғарға. Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді, Оларға кез-кезімен нәби[3] келді. Қағида шариғаты өзгерсе де, Тағриф[4] алла еш жерде өзгермеді. Күллі махлұқ өзгерер, алла өзгермес, Әһлі кітап[5] бұл сөзді бекер демес. Адам нәпсі, өзімшіл мінезбенен Бос сөзбенен қастаспай түзу келмес. Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы…
Сейсенбі, 18 Тамыз 2020 15:16

Дана Хикар және Абай

Қазақ қауымы «Дана Хикар сөзімен» ең алғаш осыдан отыз жыл бұрын қауышқан болатын. Дана Хикар хикаясы – адамзаттық асыл ойдың уызындай болған әрі көне, әрі аса құнды туынды. Адамзаттың ортақ игілігі саналатын «Дана Хикар сөзі» – XVI-XVII ғасырлардан армян жазуымен жеткен қыпшақ тіліндегі мұралар ішіндегі көркем-дидактикалық жанрдағы әзірге белгілі, шоқтығы биік жалғыз шығарма. Бұл дидактикалық шығарманың сипаты мен мән-мазмұны, зерттелуі мен тілі жайлы танымдық мағлұмат қазақ қауымына С.Құдасовтың 1990 жылы жарияланған «Армян жазулы қыпшақ ескерткіші «Дана Хикар сөзінің» тілі» атты монографиясы арқылы мәлім болған еді. «Дана Хикар хикаясы» деген атпен БҒМ М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты тарапынан «Мәдени мұра»…
Бір бозбала ұстазға келіп, одан білім үйренгісі келетінін айтады. Сонда ұстаз: — Оның саған керегі не? – деп сұрайды. Бозбала: — Мықты, әрі жеңімпаз болғым келеді, – деп жауап беріпті. — Онда жан-жағыңдағының бәріне мейіріммен қара, сыпайылық, әдептілік таныт, қырағы бол. Мейірімді және әдепті болсаң, ел саған құрметпен қарайды. Ал сенің жаның тазарып, мейірімің артады, демек күшің де көбейе түспек. Қырағылықтың арқасында кез келген өзгерісті байқай білесің. Осылайша түрлі келеңсіздіктің алдын алып, күреске түспей-ақ жеңімпаз бола аласың. — Қалайша? — Өйткені сенімен күреске түсетін ешкім де болмайды, – дейді ұстаз. Бұл әңгімеден кейін өз жөнімен кеткен бозбала бірнеше жылдан кейін…
Бейсенбі, 13 Тамыз 2020 10:02

Абайдың бірінші қара сөзі

Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық – әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын. Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын! Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз…
Дүйсенбі, 10 Тамыз 2020 10:09

Абай күні

Бүгін, 10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны – Абай күні. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы №495 Қаулысымен 10 тамыз ресми түрде «Абай күні» болып жарияланды және мерекелер күнтізбесіне енгізілді. Ұлттық немесе мемлекеттік мерекелер тізімінде тұрмағандықтан бұл күн демалыс берілмейді. Десе де, қазақтың қамын жеп, бүгіні мен болашағына жетер мол мұра қалдырған ұлы тұлғамызды ұлықтап, жақыннан тани түсуге бұл күннің тигізер пайдасы мол екені анық. Абайын таныған, Абайдың шығармашылығымен сусындап өскен ұрпақтың атар таңы әрдайым ақ екені тағы анық. Ендеше, барымызды бағалай білейік! Абайдың суреті (Жамбыл Жабаев) Мынау тұрған Абайдың суреті ме? —Өлең — сөздің ұқсаған құдретіне,Ақыл, қайрат, білімді…
Жұма, 07 Тамыз 2020 10:48

Әр істің бір қайыры бар

Бір бала жолға шығыпты. Күн де күлімдеп, нұрын төгіп тұр екен. Бала кенеттен сүрініп, жығылыпты. Тізесін жарақаттап, маңдайын да тасқа ұрып алыпты. Сонда әлгі бала: «Құдай-ау, қандай қорғаушы едің, жығылып қалдым ғой», – деп ренжіпті. Осылайша ол келесі жолға түседі. Ал бірінші кетіп бара жатқан жолымен жүргенде алдында жатқан улы жыланға тап болатынын ол білмеді де. Ары қарай кетіп бара жатқанда сіркіреп жаңбыр жауып, күн күркірепті. Жаңбырдан тығылу үшін ол үлкен ағашқа қарай жүгіреді. Бірақ тағы сүрініп, жығылып қалыпты. Бұл жолы да: «Жаңбырдан тығылуға да мүмкіндік бермедің, өзің қандай қорғаушы едің?» – деп Құдайға реніш білдіріпті де, тағы жолын ауыстырып,…
– Әбу Насыр әл-Фарабиді бірінші кезекте кім деп танимыз? – Әл-Фараби – біріншіден, арабтілді философ. Ол Аристотель, Платон кітаптарын араб тіліне аудара отырып, өзінің көптеген еңбектерінде олардың идеяларын одан әрі қарай дамытты. Әл-Фараби – бүкіл түркі дүниесінің ғұламасы. – Қазақ ғалымдары арасынан әл-Фарабиді тұңғыш зерттеушілер кімдер? – Әл-Фарабиді Қазақстанда тұңғыш зерттеген – Ақжан Машани. Ол кісі, негізінен, жаратылыстану ғылымдары жағына көңіл бөлді. Ал ұлы ғалымды Қазақстанға шынымен қайтарған – Ағын Қасымжанов. Ол кісінің жетекшілігімен Философия және құқық институты жанынан 1975 жылы әл-Фараби мұрасын зерттеу орталығы құрылды. Сол жылы А.Қасымжановтың Б.Ғафуровпен бірлесіп жазған «Әл-Фараби – мәдениет тарихында» деген монографиясы Мәскеуде жарық…
Page 1 of 7

Күнтiзбе

« Қазан 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет