1986 жылғы желтоқсан көтерілісінің басталуына Мәскеудегі орталық жергілікті қазақ халқының пікірімен санаспай Ресейдің Ульянов облысындағы партия комитетінің 1 хатшысы Г.В.Колбинді Қазақстан коммунистік орталық комитетінің 1 хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. 17-18-інші желтоқсанда Алматы қаласында қазақ жастары КСРО үкіметінің отарландыру, әміршілдік-әкімшілік жүйесіне қарсы наразылық білдіріп, Л.И.Брежнев атындағы (қазіргі Республика) алаңға бейбіт шеруге шықты. Өйткені, Қазақстанды Одаққа қосылғалы 6 орыс, оның біреуі әйел, екі украин, поляк, грузин, еврей, армян және ұйғыр ұлтынан бір адамнан басқарыпты. Қазақтан тек Д.А.Қонаев қана ұзақ жыл басқарып,…