Президент Қ.Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында еңбек нарығын цифрландыру, жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын реформалау, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындарды жұмыспен қамтуды арттыруды, жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын қарқынды жүргізуді тапсырған болатын. Тиісінше, тұрғындарды жұмыспен қамтудың оңтайлы бағдарламалары әзірленіп, екі қолға бір күрек тапқандардың саны арта түсті. Осылай деген аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Досжан Сейдахметовпен сұхбаттасудың сәті түсті. – Досжан Қайратұлы, әлем елдерін тұрақсыздық жайлап, жұмыссыздық…