Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметіне көңіліңіз тола ма? Әлде айтар қандай да бір сыныңыз бар ма? Ендеше, QR код арқылы ХҚКО-ның жұмысын бағалауыңызға болады.
Ол үшін:
– ХҚО-дан қызмет алып болған соң, ғимарат ішінде ілінген электронды бағалау QR кодын табыңыз;
– Телефоныңыздағы сканерлеу қосымшасы арқылы кодты ашыңыз;
– Азаматтарға арналған үкіметтің Кері байланыс парағы ашылады;
– Сауалнама сұрақтарына жауап беріңіз;
– Сіз қосымша пікір қалдырып, фото не видеофайл тіркей аласыз.
Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!