Жұма, 13 Қараша 2020 15:50

Тың өнер иелері анықталды

Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, "Мәңгілік ел тұғыры" қоғамдық қоры, аудандық жастар ресурстық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен «Мен дарамын» онлайн (@enbekshikazak_zhastar инстаграм парақшасынан)байқауы өз мәресіне жетті. Жеңімпаздарды аудан әкімінің бірінші орынбасары Айбек Бидаев қабылдап, салтанатты жағдайда марапаттады.

– Кемел келешегін ойлаған ел жастарға жағдай жасайды. Тәуелсіз еліміз соқтықпалы-соқпақты кезеңдерді басынан өткерді. Баһадүр бабаларымыздың тақымы терден кеппей жүріп осынау бейбіт күнді жас буынға сыйлады. Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай «Тарихта біз ұялатын ештеңе жоқ». Енді еңсемізді тіктеп, дамуға бет алдық. Әрине, бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман. Жас буын осыны түсініп, тыңнан түрен салуда. Оның нәтижесін бүгінгі жарыстан көріп отырмын. Жеңімпаз үш азамат та нағыз «дара» деп айтуға әбден лайық. Жас буын батысқа қарап бой түземей, өздеріңдей дара жандар соларға үлгі болсын деген ниетпен осынау жарысты ұйымдастырдық, – деген Айбек Дүйсембекұлы әр жеңімпаздың ой-пікірін тыңдады.

Сөз алған «Мәңгілік Ел тұғыры» қоғамдық қорының төрағасы Қайнар Жұмағожа: – Әлбетте, байқауымызды кең көлемде ұйымдастыруға болар еді. Өкініштісі, қазіргі әлемді әбігерге салған індет қолбайлау болды. Дегенмен, пандемия өмір сүру қалпымызды әжептәуір өзгертті. Онлайн өткен байқауға аудан бойынша 10 үміткер қатысты. Әрбірі өз алдына дара. Дегенмен, жүзден жүйрік бар, – дей келе әр жеңімпаздың ешкімге ұқсамайтын даралығын атады.

Үшінші орын жеңімпазы бартоғайлық Билал Рабидинұлы 9 жаста. Ес білгелі пианиноға ынтық болған. Бастапқыда өз еркімен үйренген Билал қазіргі уақытта Шелектегі өнер мектебінде шығармашылығын шыңдауда. Осы аспапта түрлі күйлерді, музыкаларды еркін ойнайды.

Екінші орын қаратұрықтық Аңсар Қашағанға бұйырды. ІТ технологияны бала күнінен меңгерген 27 жасар азамат қазір білімін шетелде жетілдіруде. Арманы – ел дамуына серпіліс сыйлайтын жаңа технологияларды жасап шығару.

Жүлделі бірінші орын жеңімпазы – шелектік Айдар Берікұлы. 24 жастағы азамат алып күш иесі. Қалың темірді мойнымен майыстырып, бас сүйегімен кірпішті сындырады. Сондай-ақ, денесіне балта өтпейді.

Еркін пікір алмасудан кейін Айбек Дүйсембекұлы тың өнер иелерінің беталысына ризашылығын білдіріп, аталмыш байқауды дәстүрге айналдыруды және жеңімпаздармен ұдайы байланыста болуды тапсырды.

Өз тілшіміз

Оқылды 842 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың…
Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет