Бейсенбі, 12 Қараша 2020 12:35

КЕГЕН АУДАНЫНДА «СЕРВИСТІК ӘКІМДІК» АШЫЛДЫ

«Жетісу-адалдық алаңы» жобасы аясында Алматы облысының Кеген ауданында кезекті «Сервистік әкімдіктің» ашылуы өтті. Орталықтың салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Садықов Асқар Жұмаханұлы және өңір басшылығы қатысты.

Өткен жылы Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын жариялап, билік пен қоғам арасын байланыстырушы көпір ретіндегі азаматтардың сұраныстарына шұғыл әрекет жасайтын мемлекеттік органдар құру қажет екендігін атап өтті.

«Сервистік әкімдік» мемлекеттік органдар жұмысының Open-space форматындағы тиімді үйлесімі болып табылады, оның ажырамас бөлігі қызметкерлердің халыққа бағдарлануына және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға негізделген қызмет көрсетудің жоғары сапасы болып табылады.

Өткен жылдан бастап облысымыздың аудандары мен қалаларында 17 сервистік әкімдік ашылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін барлық аудан әкімдіктерінің жұмысын «OPEN SPACE» форматына көшіру жоспарлануда.

Бұл жобаны іске асыру халыққа мемлекеттік қызметтерді қалалар мен аудандардың әр бұрышында орналасқан бөлімдерді іздемей-ақ бір ғимаратта алуға мүмкіндік береді. Мысалы, Кеген ауданың сервистік әкімдігінде 29 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Сондай-ақ, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында "сервистік әкімдік" жанынан "ЖЕТІСУ-АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ" кеңсесі жұмыс істейді.

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

Алматы облысы бойынша департаменті

Оқылды 759 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет