Сәрсенбі, 11 Қараша 2020 17:10

Байқаулар өз мәресіне жетті

Еңбекшіқазақ ауданы ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Білім және жаңа инновациялық технологиялар» орталығының ұйымдастыруымен бірлесе отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы үш түрлі байқау өткізді. «Сенің таңдауың» атты  бейнежазба байқауы, «Жемқорлықсыз Қазақстан үшін біргеміз» атты жастар арасындағы сурет байқауы және «Саналы ұрпақ» атты эссе байқауы.

Әрбір мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын сақтап қалуына, әлеуметтік  дамуына кедергі келтіретін жағдайлар көптеп кездеседі. Соның бірі қоғамдық дертке айналған сыбайлас жемқорлық екені даусыз. «Жемқорлыққа жол жоқ» деп қоғам болып бірлесіп іс-шаралар өткізгенімізбен, оны түп-тамырымен жоюға қауқарымыз жетер емес. Алдымен сыбайлас жемқорлық қайдан шығатынын анықтап алумыз қажет. Өйткені бұның барлығын адамдар өз қолымен жасап отырғаны жасырын емес. Жемқорлықтың адамдар өміріне, қоғамның тыныс-тіршілігіне кері әсерін тигізіп жатқанын баяндау – парызымыз. Бейнежазбалар байқауын жариялаудың басты мақсаты да сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізіп жатқан зардабын бейнежазба арқылы көрсетіп, жас ұрпақтың санасына жемқорлықтың салдары болашақтарына кері әсер ететінін жеткізу еді.

Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Еңбекшіқазақ аудандық әкімдігінде өтті. Комиссия шешімімен «Сенің таңдауың» атты  бейнежазба байқауында 1-орын Бауыржан Алишер, 2-орын Құрманова Гүлім, 3-орын Оспан Раушан және Мақаш Айнаға бұйырды. «Жемқорлықсыз Қазақстан үшін біргеміз» атты сурет байқауында 1-орынды Серік Орынбасар, 2-орынды Нүсіпхан Арайлым, 3-орынды Мусаханова Айгүл алса, «Саналы ұрпақ» атты эссе байқауының қорытындысы бойынша 1-орын Тультебаева Айгерім, 2-орын Асыл Назерке, 3-орын Боранбаева Айгерімге бұйырды. Жеңімпаздарға смарт телефон, фитнес трекер және құлаққап сыйға берілді.

 

 

Оқылды 818 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! Алаяқтардан абай болыңыз! »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың…
Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет