Жұма, 06 Қараша 2020 17:24

Сөз додасы мәресіне жетті

Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы мен облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Біржан мен Сара» атты сөз додасына алғаш қадам басқан жас ақындардың онлайн айтысы мәресіне жетті.

Үш күнге жоспарланған айтыста аймағымыздан 18 жас айтыс ақыны қатысып, бақтарын сынады. Сөз додасына қатысқан үміткерлердің өнері мен өрлігін Ермек Келемсейіт,Раушан Жәнібекова,  Әміре Әрін, Айтақын Бұлғақов, Қаныша Райсова, Серік Әбікенұлы, Жемісбек Толымбеков, Қажет Андас, Сағыныш Намазшамова  сияқты әр саланың білгірлері бағалап, артықшылығын алқап, орын алғанк емшіліктерді көрсетті. Ел-жер тарихы, айтыс өнеріндегі ұлы тұлғалардың еңбегін жаңғырту, Тәуелсіздік жетістіктерін өлеңмен өру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында қазақ халық шығармашылығын насихаттау және дамытудағы жастардың рөлін барынша көрсетуді мақсат еткен айтыс іріктеу кезеңі, жартылай финал және ақтық сын сияқты үш кезеңнен тұрды.

Айтыстың шарты бойынша сахнаға шығатын әр жұп жеребе тарту әдісі бойынша жұптастырылады. Олар 20 минуттың ішінде өз ойын толық жеткізе білуі керек. Сондай-ақ, үміткерлер киім үлгісі, дауыс мәнері, өзін-өзі ұстауы және айтыс мәтінінің көркемдік деңгейі, суырыпсалмалық, ойының ұшқырлығы, білімінің тереңдігі, сөз өткірлігі, тапқырлығы, қарсыласына ұтымды жауап қайтару шеберлігі, берілген уақытты тиімді пайдалануы, тақырыпты аша білуі сияқты талаптар бойынша бағаланады. Айтыстың жалпы жүлде қоры 1 миллион теңгеден асады.Жалпы, сөз сайысы онлайн түрде өткендіткен техникалық кемшіліктер де кездесті. Бірақ айтыс ережесінде көрсетілген барлық талап орындалып, үміткерлердің өз білімі мен білігін көрсетуге барлық мүмкіндік жасалды.

– Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында көптеген игілікті істер атқарылды. Ұлттық құндылықтарымыз түгенделіп, ұлттық рухымыз жанданды. Айта берсек, жетістік жетеді. Сол қатарда "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жетілдіре түсу үшін облыс әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен облыс орталығында алғашқы болып "Рухани жаңғыру"" жобалық кеңсесі құрылып, көптеген жоба жүзеге асырылып, жұрттың ықыласына бөленді. Осы реткі "Біржан-Сара" атты жас ақындарын айтысын өткізу сол игілікті істердің жалғасы. Біз осы арқылы халқымыздың төл өнерін жастар арасында насихаттап, елдік рухымызды көтергіміз келді. Айтыс барысында сол мақсатымызға жетеміз деген ойдамын, – дейді «Біржан мен Сара» (Ақиқат, салмақты сөз - айтыстан туады) айтысын ұйымдастырушылар.

Жетісудың жер-жерінен іріктелген жас ақындар айтысының ақтық кезеңінде бас жүлдені Райымбек ауданның ақыны Жәнібек Аят, жүлделі І орынды Талдықорған қаласының ақыны Айдарәлі Жанатбек, ІІ орынды Кербұлақ ауданының ақыны Дастанұлы Ақыт, ІІІ орынды Талғар ауданның ақыны Әбитилда Нұрислам иеленді. Жүлдегер ақындарғаоблыс әкімінің орынбасары Рустам Алиұлы атынан ақшалай сертификаттар мен Алғыс хаттар табыс етілді.

Оқылды 1186 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Сурет өнерінің сыры немесе шеберлік дәрісі Сонар-2020 »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың…
Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…
Сәу 15, 2024

Жанаргуль НИЕТАЛИЕВА,…

Тургенский филиал Иле-Алатауского ГНПП такие акции с участием школ Тургенского сельского…
Сәу 15, 2024

Алматы облыс әкімі Марат…

Облыстағы аталған бағыт аясында Жамбыл ауданындағы «Жамбыл Жабаев» мұражайы, «Таңбалы»…
Сәу 11, 2024

Аманаттықтар көмек қолын созуда

Алматы облысында су тасқыны болған өңірлерге көмек жинау қызу жүріп жатыр. Игі бастамаға…
Сәу 04, 2024

Ұлт саулығына төнген қатер

Денсаулық – бірінші байлық. Сондықтан саламатты өмір салтын ұстанып, деннің сау болуына…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет