Дүйсенбі, 12 Қазан 2020 14:25

Шахматтың шарапаты көп

Шахматты ойын дейміз. Ал, тереңірек үңілсек, шахмат – адамның ақыл-ой дамуына ықпал ететін білім. Бүгінгі жасампаздық ой таразыға тартылатын  бәсекеде ұпайдан ұтылмайтындар мен  тыңнан түрен сала алатындар нағыз шахматта шах қоя білетіндер болса керек. Сол үшін де шахмат ойыны балалардың өскелең өмір салтын қалыптастыруға бағыт сілтейді.

Өсер ұрпақты ұтымды шешім қабылдауға, ұтқыр ойға тәрбиелеу мақсатында жақында Рахат ауылдық округі №1 орта мектебінде шахмат үйі ашылды. Аталаған шахмат үйінің ашылу салтанатына мектеп директоры Бибігүл Букаева, тәрбие ісі жөндегі директордың орынбасары Мадина Серікқызы, қамқорлық кеңесінің төрайымы Қадырхан Жұмабекова және мұғалімдер  мен  ата-аналар қатысты.

Мектеп директоры Бибігүл Букаеваның  айтуынша, Алматы облысындағы   алғаш  ашылған  мектептегі шахмат үйінің  шаңырақ көтеруіне аудандық білім бөлімінің басшысы Бәтес Аманова  мен ауылдық округ әкімі Қуат Ақшабаев тікелей қолдау білдіріпті. Мектеп директорының сөзінше, көлемі 16 шаршы  метр ойын тақтасы мен салмағы 3 килограмм болатын шахмат тастарын мектептің графика жобалау және Көркем еңбек пәні мұғалімдері  құрастырған. Олар осы игі істі тәмамдау үшін алты ай тынбай еңбек етіпті.

Шараға қатысқан ата-аналар балалардың саламатты өмір салтын сақтап, ақаусыз есеюіне жол ашатын жобаның қолға алынғандығына ризашылығын білдірді. Шара барысында аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің  жаттықтырушысы Диларам Ходжаниязова мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ринат Асанов балаларға шахматтан шеберлік сабағын өткізді. Сонымен қоса ұзақ жыл шахматты жанына серік еткен ақсақалдар  оқушыларға ойында оңай ұпай алудың қыр-сырын үйретті. Шара соңында шахмат ойынында үздік өнер  көрсеткен оқушылар марапатталды. Сонымен бірге «Орамал тон болмайды, жол болады», дегендей жас шәкірттерге ақ  бастасын берген ақсақалдарға, арнайы келген қонақтарға сый-сияпат жасалды.

Осы ретте, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мадина Серікқызы: «Қазіргі  ақпараттандыру технологиясы кең дамыған кезеңде, оқушылар ауқымды мәліметтерді тез қабылдап, сараптап, логикалық  қортындылар жасай білуі қажет. Логикалық және жүйелі ойлауда шахматтың  рөлі зор. Ол оқушылардың аз уақытта ойларын шоғырландыруға, әр түрлі жағдаятты сараптауға және жүйелі шешім шығаруға үйретеді. Сонымен қоса шахмат ойнау оқушыларды алдына қойған мақсатына жетуге, төзімділікке тәрбиелейді. Бір сөзбен айтқанда шахматтың шарапаты көп. Міне, біз шахматтың осындай рөлін ескере оны арнайы пән ретінде оқытуды қолға алдық. Мектебімізде  аптасына бір сағат оқушыларға шахмат сабағы оқытылады. Бізді қолдаған, жақыннан жәрдемші болған жан-дарға алғыс айтамыз»,  – дейді.                                            

                      Ерзат АСЫЛ

Оқылды 1173 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Үштілділік – заман талабы Едігенің ерен еңбегі »

Соңғы жаңалықтар

Қар 23, 2020

Үй сатылады

Қар 23, 2020

Әкем салған сара жол

Әкем салған сара жол Алпыстан жасым асса да, Әкешім естен кетпейді. Бақилық болып кетсе…
Қар 23, 2020

Парасат падишасы

Менің Денсаулық сақтау министрлігіне ауысқаныма 2 жылдан асқан кез еді. Алматыда ешкімді…
Қар 23, 2020

Ақшиім – алтын бесігім

Жақында Ақши ауылына қарасты «Үміт» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Гулбану…
Қар 23, 2020

Почти на 6% снизилось количество…

С начала года на территории области зарегистрировано 1220 пожаров, что по сравнению с…
Қар 23, 2020

Массовое новоселье празднуют в селе…

Всего 2 года назад, по указу Елбасы, в Алматинской области на один район стало больше.…
Қар 23, 2020

Өнерлі өрге жүзер

Әр адамның өзінің бойына ерекше біткен таланты болады. Соның бірі – өнер. Осы өнер арқылы…
Қар 23, 2020

Парасат падишасы

Менің Денсаулық сақтау министрлігіне ауысқаныма 2 жылдан асқан кез еді. Алматыда ешкімді…
Қар 21, 2020

Рәміздерге құрмет – баршаға міндет

Бүгін «Nur Otan» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес мүшелері…

Күнтiзбе

« Қараша 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет