Жұма, 09 Қазан 2020 11:04

Тектіліктің тамыры тереңде

Адамды қоғам мен өмірге, уақытқа ақыл парасатымен, білімімен бейімдейтін − ұлттық қасиеттер мен құндылықтар. Атап айтсақ, ұлттық сана, тарихын тануы, ұлттық тәрбие, имандылық, тектілік және т.б. Осыған қатысты «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодыңды сақтай білу» − деп, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2017 жылы жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында кеңінен тоқталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде «Рухани жаңғыру құндылықтары біздің басты рухани бағдарымыз болып қала береді», − деген болатын. Себебі «Тарихқа құрметпен қарау, Отанға адал болу, ғылым мен білімге деген ұмтылыс – мұның барлығы біздің халқымыздың бойындағы асыл қасиеттер» деп атап көрсеткен. Тегімізді тану ғана емес, сақтауға да ұмтылдыратын бұл іргелі бастаманың бүгіні мен келешекке берер маңызы зор. «Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» деген қазақ қан тазалығына аса мән береді.  «Жеті атасын білмеген жетесіз» деп, баланың өз шежіресін санасына сіңіріп өсуіне ден қойған. Бір атадан тараған ұрпақтың неке қиюына жол бермеген.

Бірде Жәнібек хан ғұлама ғалым, шипагерліктен қара үзіп шыққан Өтейбойдақ Тілеуқабыл-ұлынан: «Қандай ауруды емдеу қиын?», – деп сұрағанда емші: «Тұқым қуалайтын ауруды емдеу қиын», − деп жауап береді. «Оның алдын алуға бола ма?» − деген ханның екінші сұрағына Өтейбойдақ: «Болады. Жеті атаға дейін туыс адамдар өзара қыз алыспау керек. Жеті − қазақ үшін қасиетті сан, − деген екен. Аты аңызға айналған емшінің айтқанына тоқтаған Жәнібек хан жеті атаға дейін үйленуге тиым салып: «Кімде-кім жеті атаға толмай үйленсе, өлім жазасына кесілсін!» деген жарлық шығарады. Көшпелі қазақтардың ел билеу заңы Жеті жарғы бойынша да жеті ата ішінде қан араластыру өлімге не ағайындар белгілеген жазаға бұйырылады.

Бүгінде Ресей ғалымдарының айтып жүрген «Родология» ғылымы бізде әу бастан-ақ болғанын аңғаруға болатын секілді. Тектануға (родология) жүгінсек, тіпті психологиялық-физиологиялық ерекшеліктер, әдет-қылықтар, дүниетаным мен ойлау жүйесі тұқым қуалау арқылы беріледі екен. Бұл туралы Бұқар Жыраудың «жақсыдан жаман туса да, жаманнан жақсы туса да, тартпай қоймас негізге» деген бір ауыз сөзін мысалға алсақ та қателеспейміз. Халық арасындағы «Қауын пәлегінен ары жатпас», «шұғаның қиқымы да шұға», «түбіне қарай бұтағы, тегіне қарай ұрпағы» дейтін бұрыннан келе жатқан тіркестер де жаңағы әңгімемізге арқау болса керек.

Текті ғылыми тұрғыда, тірі ағзалардағы тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтарын анықтайтын генетика ілімі де зерттейді. Тұқым қуалаушылық дегеніміз организмдердің келесі ұрпақтарында ата-бабаларына ұқсас белгілердің сақталу қабілеті. Былайша айтқанда, тұқымында белгілі бір дарын иелері болса, ол қан арқылы келесі ұрпаққа беріледі. «Осының барлығын қазақ зерттеусіз-ақ қалай білген?» деп  еріксіз таңқаласың. Тегімізге қарар болсақ та, кеудені мақтаныш кернейтіні бар. Қаз дауысты Қазыбек би айтқандай, «Басымыздан сөз асырмаған, атадан ұл туса, құл боламын деп тумайтын, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайтын» ел емеспіз бе?! Тамыры терең тарихымыз туралы таңды таңға ұрып жыр етуге болады. Сақтардан, Ғұндардан, Ұлы Түркі дүниесінен бастасақ та, бергі ұлт көсемдері, Алаштың ұл-қызының іс-әрекетіне үңіліп  қарасақ та Елбасы айтқандай: «Тарихта біз ұялатын ештеңе жоқ» екені даусыз.

Түптеп келгенде, қазақтың әлемдегі ең қаны таза ұлт екенін күні кеше әлем мойындаған жоқ па еді? Кей елдердің өз ағайын-тумасымен құдандалы бола беретін бәрімізге белгілі. Қазақ ұлтының ерекшелігі де осы жерде айқындалады. Қазақ аты-жөнінен кейін «Руың кім?» деп сұрасқан. Жеті атаны былай қойғанда, екі жас рулас бола қалса да некелерін қидырмауға дейін тырысып баққан. Себебі мынада: туыстық некенің салдарынан  мүгедек балалардың дүниеге келуі жиі ұшырасады. Осыны ескеріп, 2016 жылы ғана Тәжікстан туыстық некеге қарсы заң енгізген. «Енді жас жұбайлар некеге отыру алдында міндетті түрде медициналық тексеруден өтеді. Немере туыстар – аға мен апаларының ұлдары мен қыздары, сонымен бірге сүт ағалы, әпкелілер бір-бірлерімен некелесе алмайды», − деген ақпарат тараған еді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу.... Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарих тәжірибемен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауы тиіс. Керісінше, заман сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі плюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды», − дейді. Ендеше, мәңгілік ел боламыз десек, бесігімізді түзеп, тарихымызды танып, еңсемізді тік көтеріп жүрейік! Себебі, жоғарыда атап өткендей тарихтың бізді жерге қаратар тұсынан гөрі, абыройымызды одан әрі асыратын тұсы басым. Ұлт ретіндегі болмысымызды сақтау – осы күнгі ұрпаққа артылар міндет болса керек.

Ілия СҰЛТАН

 

Әліпби: әріп әлегі
Ұлт өркениетін өсіретін қозғаушы күш
Тарихи кезеңдер:"Латынға көшу ма, оралу ма?"
Жаңғырудың жарқын жолы
ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУ – КЕЛЕШЕКТЕ КӨРКЕЮ КЕПІЛІ
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
 

 

Оқылды 1276 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 23, 2020

Үй сатылады

Қар 23, 2020

Әкем салған сара жол

Әкем салған сара жол Алпыстан жасым асса да, Әкешім естен кетпейді. Бақилық болып кетсе…
Қар 23, 2020

Парасат падишасы

Менің Денсаулық сақтау министрлігіне ауысқаныма 2 жылдан асқан кез еді. Алматыда ешкімді…
Қар 23, 2020

Ақшиім – алтын бесігім

Жақында Ақши ауылына қарасты «Үміт» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Гулбану…
Қар 23, 2020

Почти на 6% снизилось количество…

С начала года на территории области зарегистрировано 1220 пожаров, что по сравнению с…
Қар 23, 2020

Массовое новоселье празднуют в селе…

Всего 2 года назад, по указу Елбасы, в Алматинской области на один район стало больше.…
Қар 23, 2020

Өнерлі өрге жүзер

Әр адамның өзінің бойына ерекше біткен таланты болады. Соның бірі – өнер. Осы өнер арқылы…
Қар 23, 2020

Парасат падишасы

Менің Денсаулық сақтау министрлігіне ауысқаныма 2 жылдан асқан кез еді. Алматыда ешкімді…
Қар 21, 2020

Рәміздерге құрмет – баршаға міндет

Бүгін «Nur Otan» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес мүшелері…

Күнтiзбе

« Қараша 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет