Сәрсенбі, 07 Қазан 2020 15:19

Абай мұрасына перзенттік махаббатпен қарау керек

Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазынасы. Заман ауысып, уақыт өткен сайын халқымыз ғұлама Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түсуде. Абай-лебі, Абай-үні, Абай - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді. Ұлы тұлға Абайдың шығармашылығын өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында Ұлы ақынның 175 жылдық тойы елордадан бастау алып, еліміздің барлық жерінде кеңінен қолдау тауып отыр. Тек елімізде ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде аталып өтуде. Осыған орай еліміздің түңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласы кеше ғана жарияланды.

Бұл мақала алдымен біздің болашағымыз болумен бірге, Абай өнегесіне адал болуды әрқайсымызға жүктеп отырғаны анық. Бұл істе ең алдымен Абай айтқан, Елбасы мақаласында көрсетілген – Абайды танып қана қоймай, оның Ұлы аманатын мүлтіксіз орындау міндеті тұр. 175 жылдық мерейтойды атап өтуге байлайысты айтар ой, ұсыныстар да орасаң көп болып жатқанын көріп отырмыз. Абай шығармашылығын талдау, оны халыққа таныту, тарату жөнінде бүгінде қыруар іс тындырылып жатқанын білеміз және ары жалғастыра беру әрқашанда күн тәртібінен түспейтін борыш деп ұғуынуымыз керек. Абай ақындығы қазақ әдебиеті белесінен асып, жалпы түркі әдебиеті шыңынан бой көрсете, әлемдік дәрежеге көтерілуін көрсеткендей. Абай жазу-сызуы мен ғылымы орныққан мәдени қоғамдардағы сан алуан әдеби ағымдардың тартысынсыз-ақ, теориялық біліммен қаруланған білімпаздардың сын-пікір, ақыл-кеңесін естімей-ақ, ұлттық мәдениеттің өлмес дәстүрін қалыптастырып, өшпес үлгісін жасады. Адамшылық, кісілік деген ұғымдарға қатысты қазіргі XXI ғасырдың жастары нендей ғибратты істер атқаруы тиіс. Себебі жастардың ерікті түрде жасы келген немесе іс-әрекеті шектеулі көпбалалы отбасы және басқа да әлеуметтік жағынан көмекке зәру жандарға көмек қолын созуы – имандылықтың жарқын көрінісі болып отыр. Өйткені иман бар жерде – мейірім де, қайырым да, қанағат та бар. Ал имандылық, адамшылық, кісілік деген ұғымдар Абай шығармаларында тұнып тұр. Осы мәселелерді Қазақстан Президенті бүкіл халыққа жария етіп, Абай тойы кез келгенімізді ойландыратын жалпыхалықтық іс болса деген ниеттен туындағанын байқатады. Бұл жерде – мақаладағы басты ойлар өте нанымды. Осы орайда, біздің Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасы – Абай шығармаларын насихаттау барысында қаңтар айында « Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» Президент мақаласына ЕГЭК ұжымымен білесе отырып дөңгелек үстел қйымдастырылды, «Дала даналары» Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Үздік кітап көрмесі -2020» облыстық видеошолу ақпан айында байқауына қатысыты. «Абайды білмек - парыз ойлы жасқа» онлайн әдеби портрет наурыз айында ұйымдастырылды. Дана Абайға арналған Республикалық челендждер (эстафеталар) ұйымдастырылды. «Әлемге танылған - Абай» онлайн көрме-панорама өткізілді.

Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, тілі басқалар да жалданып, бірлік қылады. Демек, бірлік малға сатылса, ант ұрғандықтың басы осы. Бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес. Ағайын алмай бірлік қылса керек, сонда әркім несібесін құдайдан тілейді, әйтпесе, құдайдан тілемейді, шаруа бейнет іздемейді, бір-бірінен пәле іздейді. “Ырыс алды – тірлік” дейді, ол қандай тірлік? Тірлік дегеніміз жан кеудеден шықпағандық па? Жо-жоқ, мұндай тірлік итте де бар. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ол қандай тірлік? Абайдың ынтымақты, бірлікті, бауырластықты ту етіп көтеруі. «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос», деген ұлы ақын сөзінің астарында қаншама тереңдік жатыр. Мемлекет біртұтас болуы үшін қазақ әуелі өзі біртұтас болуы шарт. Бір идеяға ұйып, тұтас халық болып қалыптасуы қажет. Осыдан келіп Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген ойлы сөзіне бірінші Елбасы адамға өз мүддесін адамзаттың мүддесімен бір деңгейде қоя білетіндей үлкен, биік парасат керек деген.

Ебасы мақаласында айтылған ойларды нақтылай түсуге болады. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тәуелсіздігінің алғашкы күндерінен бастап, күні бүгінге дейінгі қызметі қазақ мемлекеттігін нығайтуға бағытталған. Шетелде оны қазіргі заманғы Қазақстанның негізін қалаушы және ұлт атасы ретінде қабылдайды...», - деп Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев тұжырымдағандай, бүгінгі күні мемлекетіміздің дипломатиялық қарым-қатынасының маңызды өзегін, елші келбетін айқындар ұлттық құндылықтар құрайтынын естен шығармауымыз керек. Ұрпақты тәрбиелейтін де, рухымызды асқақтататын да бағзыдан жеткен асыл қазыналарымыз. Абай мұрасына бүгінгі буын зор сергектікпен, керек десеңіз, перзенттік махаббатпен қарауы керек. Ұлы ақынның 150 жылдык мерейтойы кезінде Абай – Шәкәрім кесенесінің мінберінен айтылған: «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары. Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы» - деген қанатты сөз әрбір зиялы өскіннің санасында мәңгілікке сақталары хақ.

Гүлия Саурықова,

аудандық кітапхананың әдіскері

Саурықова Гүлия Сағатбекқызы

Оқылды 3345 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет