Сейсенбі, 06 Қазан 2020 15:34

Тұрғылықты жер бойынша емханаға тіркелу

Елімізде 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін емханаға тіркелу науқаны басталып кетті. Сіз өз емханаңызға тіркеліп үлгердіңіз бе? Үлгермесеңіз, әлі де уақытыңыз бар, тек кеш қалып жүрмеңіз. Онлайн тіркелу жолы төмендегідей.

✅ Egov.kz порталы арқылы:

-Egov.kz порталына кіріңіз;

-Іздеу жолында «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» деген қызмет атауын теріңіз;

-Қызметті онлайн сұратыңыз;

-Бірінші қадамда сіз кімді тіркейтініңіз (балаңыз/өзіңіз) және тұрғылықты жеріңіз туралы ақпаратты енгізесіз;

-Медициналық ұйым атауын және дәрігеріңіздің аты-жөнін таңдаңыз;

-Мекенжайыңыз бен байланыс нөміріңізді  көрсетіңіз;

-Келесі қадамда енгізген мәліметтеріңіздің дұрыстығын тексеріп, қызмет мәртебесімен таныс болыңыз;

-Нәтижені жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан біле аласыз.

 

✅Телеграм бот арқылы:

-Телеграмдағы EgovKzBot2.0 ботына кіріңіз;

-Теру жолынан көрсетілетін қызметтер тізімін ашыңыз;

-Денсаулық сақтау батырмасын басыңыз;

-Медициналық ұйымға месенджер ақылы тіркелу батырмасын басыңыз;

-Қызметті кімге алатыныңызды көрсетіңіз;

-Мекенжай мәліметтерін растаңыз;

-Тұрғылықты өңіріңізді көрсетіңіз;

-Емхананы таңдаңыз;

-Тіркелу себебі мен дәрігердің аты-жөнін көрсетіңіз;

-Бот сіздің өтінішіңіздің нөмірі мен тіркелгендігіңіз туралы ақпаратты бірден көрсетеді.

 

Емхана арқылы:

-Жеке куәлік және басқа да денсаулығыңызға қатысты құжаттарды емхананың тіркеу бөліміне көрсетіп, өтініш қалдырыңыз.

 

?Қызмет көрсету мерзімі - 1 жұмыс күні

?Қызмет нәтижесі:

❇️Емханаға тіркелгендігі туралы медициналық ұйымның ЭЦҚ-сымен расталған электронды талон.

 

☝️Ескерту, қызметті алмас бұрын тіркеуге тұрғыңыз келген емхананың дұрыс атауы мен дәрігердің аты-жөнін алдын ала біліп алған абзал.

 

?Емханаға тіркелген кезде, бұрыңғы тіркеуден автоматты түрде шығасыз.

 

 

Оқылды 3356 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 29, 2024

Көктерек қашан «ауыл» болады?

Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…
Нау 29, 2024

Аудан әкімі тағайындалды

Кеше аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХІХ сессиясында аудан әкімі лауазымынаТалғат…
Нау 29, 2024

Межелер пысықталып, жоспарлар…

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы…
Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет