Дүйсенбі, 28 Қыркүйек 2020 16:40

Айнисахан Вайденова: «Қазақтар өзектен теппей, қашан да өзім деп бауырына тартты»

Қазақстанның 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдуммен қабылданған Ата Заңының өзі «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы…» деп басталған еді. Мұның өзіндік сыры бар. Қазақстан – тәуелсіздігін алысымен, әлемдегі ең көпұлтты мемлекет ретінде танылды. Алдағы жылы Егемендігімізге де 30 жыл толады.

Осы уақыт аралығында тарихи тағдыр біріктіріп, ортақ  шаңырақ астында өмір сүріп келген 130-дан астам ұлт өкілдерінің жағдайы қандай? Ендеше, көп жылдан бері Қазақстанды «Отаным» деп таныған ұйғыр ұлты өкілінің пікірін білдік. «Қазақтар өзектен теппей, қашан да өзім деп бауырына тартты», дейді Қазақстан ұйғырларының Еңбекшіқазақ ауданындағы өкілі Айнисахан Омарқызы Вайденова.

Ұйғырлар – Орталық Азиядағы көне түркі халықтарының бірі. Ұйғыр халқы барлық Орталық Азия мемлекеттерінде өмір сүреді. Ұйғырлар Қазақстан территориясына алғаш рет 19 ғасырдың соңында келіп қоныстанған. Бүгінде олар Қазақстандағы ең ауқымды этностардың бірі. Дегенмен, басым бөлігі Алматы қаласы мен облысына шоғырлана орналасқан. Кейіпкеріміз «Қызметім халықпен, оның ішінде Қазақстандағы ұйғыр ұлты өкілдерімен тікелей байланысты болғаннан кейін, олардың ойымен біршама хабардармын», дей келе, ұйғыр диаспорасының қазақ халқына дән риза екенін жеткізді.

– Мен ес білген уақыттары әкем жанармай құю бекетінде жұмыс істейтін. Сонда айналасындағы достарының барлығы дерлік қазақтар болды. Бала күнімде әкем үш ұлы тұрса да, мені жанынан тастамай жүрді. Жадымда қалған бір жағдайды айтайын. Әкемнің қазақ достарының бірі ақын еді. Маған домбырамен ән-жырлар айтып беретін. Сол сәттер әлі күнге көз алдымда.Тұрғылықты жерімізде бізден бөлек орыстар, немістер, дүнгендер, өзбек ұлттары да болатын. Солармен бірге араласып өстік.

– Қазақстанда ұлттық құндылықтарыңызды сақтап қалуға қаншалықты мүмкіндік туды?

– Республикада таза ұйғыр тілінде оқытатын немесе аралас мектептер саны жетпіске жетіп жығылады. Бір ғана мысал, мен тұратын Еңбекшіқазақ ауданында аралас, яғни ұйғыр тiлiнде ғана тәрбиелейтін 14 мектеп бар. Бір мектеп таза ұйғыр тілінде, ол Байсейіт ауылында орналасқан. Ұйғыр диаспорасы өкілдерінің 20 мыңнан астам жас буын өкілі туған тілінде білім алады. Қаласаң қазақша, қаласаң ұйғырша оқы. Бұның барлығы демократияның көрінісі. Тек, оны игілігіңе айналдыра білсең болды. Алайда, арамызда осы мүмкіндіктерді қолдана алмайтындар да табылады. ЖОО-ға түсе алмай қаламыз деп, орысша оқып жатады. Бұл өте қате түсінік. Осыған кейде қатты қынжыламын. Тілімізді, дінімізді ұмытпай, сақтау үшін біздің ұлтқа Қазақстанда барлық жағынан жағдай жасалып, мүмкіндік қарастырылған. Білім, ғылым, мәдениет, өнер, әдебиет жағынан ешқандай қысым жоқ. Қазақстанның ең ірі қаласы – Алматыда әлемдегі  жалғыз ғана кәсіби ұйғыр драма театры және әлемдегі жалғыз ғана ұйғыр гимназиясы орналасқан. Республикалық газет-журналдарымыз, республикалық ұйғыр мәдени орталығымыз тағы бар. Мешіттер де тұр. Қазақстан Жазушылар Одағында ұйғыр жазушыларының бөлімшесі жұмыс істейді. Бүгінгі таңда Қазақстандағы ұйғыр диаспорасының өкілдері барлық салаларда экономикада, саясатта, мәдениетте табысты еңбек етіп жүр. Танымал ақын-жазушыларымыз, белді журналистеріміз де халық игілігі үшін қызмет етуде. Осының барлығы үшін Қазақстанға рақметімді айтудан шаршамаймын. Сондықтан, біздің ұлттың арасынан араздықпен бас көтеріп шығатындар бола қояды деп ойламаймын.

– Көп ұлтты ортада өстім дедіңіз, қазаққа ұлт ретінде қандай сипаттама бересіз?

– Әкем: «Қазақтар – бекзат, текті халық. Опасыздық, сатқындықты, өтірік айтуды, жылтыр сөзді, сенген адамдарына тәкаппарлық көрсету мен жамандық жасау-ды, арам ойлауды білмейді. Олардың мінезі кең, көреген..» деп жиі айтатын. Ол рас, көп елді аралап Қазақстандай елді кездестірген емеспін. Кеңпейілді, жаны жамандыққа қас. Сөйлессең сөзіңді түсінетін, парасат-пайымы жоғары ұлт дер едім. Қызметім халықпен,оның ішінде Қазақстандағы ұйғыр ұлт өкілдерімен тікелей байланысты болғаннан соң олардың ойынан біршама хабардармын дей аламын. Көбінің пікірі менікімен ұштасады. Қазақстанға деген сүйіспеншіліктері шексіз. ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Біздің ең үлкен байлығымыз – достығымыз» дегенімен толық келісемін. Ол кісінің бастамасымен бүгінде жүргізіліп отырған саясатына құрметпен қараймын. Тұңғыш Президентпен жүздесу мәртебесі бұйырып, алғаш көзбен көрген кезім есімде: «Нұр десе, нұр екен!» деген сөз еріксіз аузымнан шыққаны бар. Дұғама қосатыным – еліміздің бейбітшілігі мәңгілік болсын! Оған өзіміз де үлес қоса аламыз. Арандатушыларға еріп кетпей, ұлтаралық татулықты сақтауымыз керек!

– Әңгімеңізге рақмет!

 

Тілдескен Ілия СҰЛТАН.

Оқылды 2764 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет