Бейсенбі, 30 Сәуір 2020 15:55

Алаяққа алданып қалмаңыз

Алаяққа алданып қалмаңыз google.kz

Алаяқтық – ол заңсыз түрде өзге бір адамның мүлкін не ақшасын иемдену, пайдалану, тартып алу. Елімізде мыңдаған адам алаяқтарға алданып, олардың  құрбаны болады. Алаяқтықтың соңғы уақытта жиілеп кеткен түрлеріне тоқталсақ:

1)Қазақстанда беделді банктердің атынан көптеген алаяқтар қылмыстық әрекеттер жасап жатыр. Қазіргі кезде қарапайым тілмен айтқанда өмірімізді банктің есеп-шот картасынсыз елестете алмаймыз, әрі банктерден кредит алғандардың саны қаншама. Карантин кезін пайдаланып, алаяқтар өз істерін жалғастырып жатыр. Атап айтқанда, «Сіздің номеріңізге қандай да бір банктен хабарлама келеді. Банк сіздің қарызыңызды кешіріп жатыр, тек оны толықтай іске асыру үшін сіз 10 мың теңгеден бастап әртүрлі сомадағы ақшаны аударуыңыз керек» деп жазады. Кредитін төлей алмай жатқан адамға мұндай хат келгенде, қуанғанынан ештеңеге қарамай, айтқан ақшасын аударып жібереді. Алаяқтар осыны пайдаланып, аздаған уақытта көптеген қазақстандықтарды алдап кетті.

Банктерге қатысты алаяқтықтың тағы бір түрі бар. Оның схемасы мынадай: жарнама беретін сайттарда алаяқтар сатушы адамның телефон номеріне хабарласып, тауарды сатып алғысы келетінін айтады. Ақшаны жіберу үшін сатушыдан есеп-шот картасының бар-жоғын және қандай банктікі екенін біліп алады. Егер бар болса,  ақшаны аудару үшін сатушыға келген sms кодты айтуды сұрайды. Алаяқ сөзбен айналдырып тұрғанда, сатушы асығып телефонына келген кодты айтып, банктегі бар ақшасынан айырылып қалады. Онымен қоймай, тіпті сол адамның атына онлайн кредит рәсімдеп те үлегерді.

2)Қарапайым халық атақты әнші, әртіс, блогер және т.б. танымал адамдардың жасаған жарнамаларына сенеді. Соңғы кезде басы дауға қалған Кәмшат Жолдыбаева, Дана Кентал, ал соңғы күндері Ернар Айдардың аты шығып жатыр. Сонымен қатар «Гарант 24», «Estate» және «Выгодный займ» атты финанстық пирамидаларды жарнамалаған қоғамда аты шыққан адамдардың арқасында халық миллиондаған ақшасынан айырылды. Бұл алаяқтықтың түрі мынадай: адамдар бұл компания/фирмамен жақын, сенімді достары не туыстары арқылы танысқан. Осылайша олардан сата алмай жүрген көлік не үйі болса, нарықтың бағасынан 30 % жоғары бағаға сатуға болатынын біледі. Қарапайым халық еш күмәнсіз үйін, көлігін қуана сатуға қояды. Бірақ мұнда бір айла бар. Мүлкін сатушыға ақшаны қолға бірден ұстатпайды, тек 3 ай аралығында бөліп беру арқылы алатынын айтып, шығарып салады. Басында ақша салған адамдар ұтып, артынан келгендер үйсіз, күйсіз қалады. Қуаныштысы, халықтың 5 миллиардтан аса ақшасын жымқырып кеткен алаяқтар соңында бәрібір ұсталды. Алаңдататыны, оларға алданған халық ақшасын толыққанды қайтара алады ма?

3)Пәтерді жалға алу. Алматы Қазақстанның экономикалық астанасы болғандықтан, студенттерден бастап, арман қуып келген өзге қалалардың тұрғындары бірінші кезекте пәтер іздейді. Ақыл айтатын таныс-тамыр бәрінде бірдей жоқ. Сондықтан атақты жарнама сайттарынан пәтерді жалға алу жарнамаларын қарайды. «Нарықтың бағасынан 15 % төмен, жақсы ауданда орналасқан, пәтердің жағдайы керемет» деген жарнама бірден көзге түседі. Көрсетілген телефонға хабарласқанда агенттікке келіп, бірінші келісім-шарт жасау керектігін айтады. Қуанғаннан көп адам алаяқтардың шырмауына түскендерін білмей қалады. Себебі ол келісім-шарт жасағанда агенттікке 15.000 теңге төлеу керек. Ақшаны төлегеннен соң пәтерді көрсетпейді, себебі «Пәтерде қазір өзге адамдар тұрып жатыр, бір-екі күнде босайды немесе пәтерге жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, бір-екі күнде бітеді» деген түрлі сылтаулар айтады. Оған сенген адам бейқам жүре береді. Уақыты келіп, агенттікке хабарласқанда, ол пәтерді өткізбейтінін, үй иесі сататынын айтып, сізге басқа пәтер тауып береміз деп сөз береді. Бірақ олар ештеңе істемейді. Себебі келісім-шартта олар үйді көрсетеміз деп жазбаған және олар өз тарапынан тек телефон номерлерді сізге sms түрінде жіберіп отырады. Ол номерге хабарлассаңыз, пәтер өтіп кеткен немесе жоқ болып шығады. Тағы бір айтатын нәрсе, ол агенттік сізге тек 1 ай ғана телефон номерлерін жібереді. Сол аралықта үй таппаса, ешкім кінәлі емес. Агенттікке барып, тағы да 15.000 теңге төлеу керек.

Өкінішке орай, бұл тізіммен өмірімізде кездесетін алаяқтықтар бітпейді. Ақша жүрген жерде адам көп жағдайда асығыс шешім қабылдайды. Арзан нәрсеге күдікпен қараңыз. Ешкім жақсы пәтерді арзан бағаға бермейді. Ешкім сіздің мүлігіңізді нарықтан жоғары бағаға сатып алмайды. Әрдайым шешім қабылдарда ойланып, тексеріп көріңіз. Түрлі форумдарда осылай алданған адамдардың жазбаларын оқыңыз. Туған-туыс, достарыңызбен ақылдасыңыз. «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген сөз бекер айтылмаған ғой.

Эльмира Асанқызы

Оқылды 2449 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Алаяққа алданып қалмаңыз Алаяққа алданып қалмаңыз »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың…
Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет