Кешегі күннің айғағы, тарихтың таңбасы - ескерткіштер. Өткен күннің белгісі болған осынау мұраны болашаққа аманаттау, бүтіндей жеткізу - біздің міндет. Осы орайда жасалып жатқан жұмыстар жоқ емес. Соның бірі Алматы облысында қолға алынған.
Облыс аумағындағы ҰОС ардагерлеріне қойылған 238 ескерткішті жөндеу және абаттандыру жұмыстары бүгінде басталып кетті. 119 ескерткішті ағымдағы және күрделі жөндеу үшін облыстық бюджеттен 150 млн. теңге бөлінді. Осы қаражатқа зақымдалған ескерткіштердің бар бөлшегі қалпына келтіріліп, түгенделмек.
Қажет болған жағдайда мамандар жаңа қаптаманы жасап, стеланы бояйды.
Бүгінгі таңда облыс бойынша 35 ескерткішті қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды. Батырларды мәңгі есте сақтау үшін біз Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне қойылған ескерткіш пен монументті әрдайым қарғауымыз керек!