Сәрсенбі, 15 Сәуір 2020 20:54

Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады

Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады https://elbasy.kz

Кездесуде Елбасы төтенше жағдай кезінде мемлекеттік шараларды қолдау және мұқтаж адамдарға көмек ұйымдастыру бойынша «Nur Otan» партиясының белсенді жұмысын атап өтті.

– Пандемия бүкіл адамзатқа қауіп төндіріп тұр. Президент пен Үкімет қиын жағдайға тап болған адамдарды, көпбалалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарттарды көмекпен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдады. Осы орайда партияға мемлекеттік шараларды қолдау бойынша белсенді жұмыс істеуді тапсырдым, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев «Birgemiz» қоғамдық қорының жұмысына тоқталып, бұл бастаманы қолдаған қазақстандықтарға алғысын білдірді.

– «Birgemiz» қорына біраз қаражат жиналды. Осынау қиын кезеңде мұқтаждарға көмек ұйымдастыру мақсатымен менің қор құру жөніндегі бастамамды қолдағаны үшін Қазақстанның бизнес қауымдастығына алғыс айтқым келеді. Мен «ERG» компаниялар тобының басшылығы А.Машкевичке, А.Ибрагимовқа, П.Шодиевке, «Қазақмыс» корпорациясының басшылығы В.Кимге, О.Новачукке, Э.Огайға, сондай-ақ Т.Құлыбаевқа, Б.Өтемұратовқа, Р.Сәрсеновке, А.Клебановқа, Ғ.Есеновке, А.Рақымбаевқа, А.Беловичке, Қ.Боранбаевқа, Қ.Шәріпбаевқа және тағы да басқа азаматтарға алғыс білдіремін, - деді Елбасы.

Сонымен бірге Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері мен еріктілерінің жұмысын атап өтті.

– Партия белсенділері мен «Jas Otan» еріктілері Қазақстан бойынша 50 мыңнан астам отбасыны ең қажетті тауарлармен қамтамасыз етті. Жалпы бұл жұмысқа үш мың ерікті жұмылдырылды. Мен оларға да алғыс айтамын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы «Birgemiz» қорынан 152 мыңнан астам отбасына 50 мың теңге көлемінде біржолғы көмек көрсетілгенін айтты.

- Біз бұл жұмысты жалғастыруымыз керек. Мамыр айының басынан бастап халыққа көмек көрсетудің екінші толқынын бастаймыз. Бұл Үкімет бөліп отырған көмектен бөлек қосымша қолдау, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сондай-ақ «Nur Otan» партиясының Төрағасы дағдарыстан кейінгі кезеңдегі экономикалық өсімді қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.

– Президент те, Үкімет те осы қиын уақытта бәріне көмектесу үшін барынша жұмыс істеп жатыр. Коронавирус пандемиясы өтеді, алдағы уақытта біздің алдымызда экономиканы қайта қалпына келтіру мәселесі туындайды. Біраз адам жұмыссыз қалып, экономика бәсеңдеді. Жағдайдың жақсаруына қарай бизнестің кейбір түрлеріне қызметін жандандыру үшін жеңілдік жасаған жөн деп ойлаймын. Кәсіпкерлер өзін және айналасын қорғау үшін барлық тиісті шараларды қабылдауы керек, - деді Елбасы.

Өз кезегінде Б.Байбек партияның дағдарысқа қарсы іс-шараларды жүзеге асыру және халыққа көмек көрсету жұмыстары туралы баяндады.

– Қазіргі таңда «Birgemiz» қорына 20 миллиард теңгеге жуық қаражат жиналды. Біз материалдық көмектен бөлек Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы мұқтаж отбасыларға медициналық бетперде тарата бастадық. Сонымен қатар, елорда мен Алматыдағы екі мыңнан астам дәрігер мен медицина қызметкерінің  әрқайсысына Қордан 50 000 теңгеден берілді, - деді «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір мәрте барша қазақстандықты жаһандық пандемиямен күресте бірігуге шақырды.

– Бірлігіміз, ынтымағымыз бен бір-бірімізге деген қамқорлығымыз бізді жетістікке жетелейді. Үйде отыру оңай емес екенін түсінемін. Шағын бизнеске де ауыртпалық түсіп тұр. Алайда қазір жетістікке жету үшін шыдамдылық қажет », - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

elbasy.kz 

Оқылды 2950 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тустукбаев Бағлан Ахихатұлы, 1989 жылы 7 сәуірде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Әділхан Азамат Әділханұлы, 1993 жылы 11 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келдім.…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет