Сәрсенбі, 07 Қазан 2020 10:48

Кемеңгер сөзі келешекке жол нұсқайды

Абай мұрасы – қазақтың қасиетті, алтын қазынасы. Заман алмасып, уақыт озған сайын халқымыз ұлы ғұламаның рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Өзі өлсе де, артына өлмейтіндей сөз қалдырған, өзінің туған халқымен бірге жасайтын, ғасырлар бойы қалың елін асқар асуларға талпындыратын ұлы ақынның туғанына биыл 175 жыл толды. Абай тойын тойлауға мемлекеттік комиссия құрылып, ел көлемінде және халықаралық деңгейде түрлі шаралар ұйымдастырылды. Ұлы ақын мұрасын ұлықтаған игі дәстүр оқу орындарында да жалғасын тапты. Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Ұлы даланың – ұлы ақыны» атты онлайн дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелгек үстелге сарапшылар мен  колледж студенттері қатысты. Шараға қатысқандар Абай ойларына үңілу арқылы болашақта біз қандай мемлекет құруымыз қажет және келешекте қазақтың келбеті қандай болуы керек деген сұрақтарға жауап іздеді.

Абай мұрасы – қазақ сөзінің қасиеті мен құдіреті, ондағы ұлттық-қоғамдық, тарихи-философиялық, мәдени-рухани, танымдық-тәрбиелік мәні мол сыр-сипаттар қазіргі кезеңде де өз маңызы мен құндылықтарын жоғалтқан жоқ. Ұйымдастырушылар дөңгелек үстелдің басты мақсаты: «Ұлтымыздың ұлы ақыны хакім Абай мұрасының тағылым өрісін дұрыс тани білу және қоғамды ізгілендіру бағытында заманауи бетбұрысқа сай айналымға енгізу, насихаттау, сонымен қатар ел президенті Қ.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы мен Абай шығармашылығының сабақтастығын түсіндіру», – дейді.

Абай жасампаздығы – кемел келешегіне талпыныс жасаған әрбір жастың өмір оқулығы. Оның тағылымын тұмар тұтқандар керекті орынға кірпіш болып қаланатыны сөзсіз. Осы ретте, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дариға Тоққожаева: «Біздің қасиетті шаңырағымызда Абай мұрасы жиі насихатталады. Өйткені біз Абайды тану арқылы өз болмысымызды танып, болашағымызды бағдарлаймыз. Ал мұндағы жас шәкірттердің бәрі – болашағына жол іздегендер. Абай мұрасы олардың арман сапарына шуақ төгеді», – дейді.  

Ұлы ақынның биылғы 175 жылдық мерейтойының мән-маңызы мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында баса көрсетілді. Дөңгелек үстелге қатысқан аудан әкімдігінің «Рухани жаңғыру» жұмысы бойынша маманы Жандос Ержанұлы ел Президентінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына тоқталды. Ол аталған мақала еліміздің, ұлтымыздың тағдыры, келешегі туралы мемлекет басшысының терең толғанысы екендігін айтты. Оның сөзінше, Қасым-Жомарт Кемелұлы Абай шығармашылығымен терең танысып, зерттеп, талдап, ойшыл ғұламаның айтқан өсиеттерін өте түсінікті тілде оқырмандарға жеткізіп, қоғамымыздың алға дамуына, рухани жаңғыруына тиімді пайдалана білу жолдарын көрсеткен.

Абай жасампаздығына бойлаған адам әр жолы оның терең иіріміне көз салған сайын жаңа әлемге бойлайды. Сол үшін де Абай шығармаларын қайта парақтаудың жөні бөлек. Дөңгелек үстелде аудандық кітапхананың әдіскері Гүлия Сағатбекқызы оқырмандардың Абай шығармаларын оқуға деген құлшынысы зор екендігін, аудандық кітапханада дала кемеңгерінің барлық шығармалары дерліктей сақталғандығын айтты.

Ілім мен білімге шөлірген жастың бас қоятын қайнар бұлағы, жансерігі – Абай жасампаздығы екендігі даусыз. Шараға қатысқан студенттер ғұламаның ғұмырға азық болатын мол мұрасының құдіретіне бас имек. Осы ретте колледж студенті Нұржауар Құдайбергенқызы: «Тақырып аясында талқыланған мәселе бойынша қонақтар өз пікірлерімен бөлісіп, қатысушыларға тың ақпараттар берді. Хакім Абайдың жаңа қолжазбалары табылып, жинаққа енгізіледі деген ақпарат баршамызды қуантты. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласының түпкі мақсаты Абайды тану деп түсінемін. Абай шығармалары арқылы ұлттық кодымызды, санамызды жаңғыртатынымыз  сөзсіз», – дейді.  

Тағылымы таусылмас қазына, өсиеті өшпейтін өмір шырағы болған Абай мұрасы  рухани жетістігіміздің алау отындай шуақ шаша бермек.

 

               Ерзат АСЫЛ

Оқылды 3660 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Абай аманаты Шаттыққа толы шаңырақ »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет