Сәрсенбі, 07 Қазан 2020 09:29

Спорт кешенінің құрылысы қарқынды

Әлеуметте қордаланған түйткілдердің түйінін тарқату – аталмыш бағдарламаның басты бағдары. Нәтижесінде, білім ордалары, спорт кешендері салынып, инфрақұрылым жүйелері жаңаруда. Маңыздысы сол, ондағы жұмыскерлердің 50 пайызға жуығы жергілікті тұрғындар. Бұл мемлекет талабы. Осынау бағдарлама Бартоғай округіне де шуақ шашты. Бижанов ауылындағы кезінде спорт мектебі болған ескі ғимарат күрделі жөндеуге кірді. 369 млн теңге мемлекеттен бөлініп, заманауи спорт кешеніне айналмақ. Сөйтіп, ауыл жастарының бас қосар киелі ордасы болмақ.

Жайдарман жаңалықты көзімізбен көру мақсатында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабековпен бірге Бижанов атындағы ауылға арнайы бардық. Мемлекеттік сатып алу аясында жеңімпаз болған «Энергохолдинг» ЖШС бүгінде жұмыстың 50 пайызға жуығын тәмамдаған. Онда 32 адам, оның ішінде 12-сі аталмыш бағдарлама аясында аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы тұрақты еңбектеніп, нәпақасын табуда.

Спорт кешені жұмысын бастаса тек бір ауылды ғана емес, іргелес жатқан Малыбай, Нұра, Бәйсейіттің жастарын қамтуға қауқарлы. Бұл турасында Ерболат Сарабекұлы: – Өзіңіз барласаңыз, аталмыш округ пен қоса іргелес жатқан ауылдарда да спорт нысандарына тапшылық қатты сезілуде. Бұл кешен ашылса, тәулігіне 180 адам емін-еркін спортпен айналысуына жағдай туғызылады. Әрі волейбол, баскетбол, гандбол және футболдан секциялар ашылып, 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылады, – дейді.

Айта кетейік, бұл ғимарат негізі жекешелікте болған. 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кәсіпкер Руслан Камердинов жеке қаржысына сатып алып, мемлекетке тегін қайтарып берген. Енді міне, бюджет қаржысына күрделі жөнделуде.

Жоба бойынша кешен құрылысы желтоқсанда тәмамдалмақ.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА

Оқылды 3466 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Инвалидам – улучшенные услуги Абай аманаты »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың…
Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет