Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2020 13:57

Облыстағы емханаларға тіркелу науқаны басталды

Күні кеше ел аумағында тіркеу науқаны басталды және әрбір азамат еркін таңдау бойынша емханаға тіркеле алады. Бекіту екі ай ішінде – 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін жүзеге асырылады.

Науқан кезеңінде Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымына бекітіле отырып, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтар медициналық көмекті ала бастайды. Бұл ретте ол қормен алдағы жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызметтер көрсетуге шарт жасасуға тиіс. Бекіту науқанының қорытындысы бойынша медициналық ұйымдар бөлінісінде халықтың бөлінуін ескере отырып, 2021 жылға қаржыландыру жоспарланатын болады. Қор Дерекқордың абсолютті дұрыстығына мүдделі, өйткені әрбір тіркелген тұрғын үшін ай сайын медициналық ұйымдарға жан басына қаржыландыру төленеді.

Қордың Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев бекіту науқаны тек денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында тіркелген және ТМККК және МӘМС бойынша Медициналық қызметтер көрсетуге үміткер медициналық ұйымдар арасында жүргізіліп жатқанын атап өтті. Тіркелуге қолжетімді емханалардың тізімімен www.fms.kz  Қор сайтында" емхананы таңдау" бөлімінде танысуға болады.

Осы жылдың 31 желтоқсанына дейін азаматтарға бұрын тіркелген емханада қызмет көрсетіледі.

Бүгінгі таңда Алматы облысы бойынша 12 мыңнан астам адам Алғашқы медициналық-санитарлықұйымдарына бекітілмеген. Медициналық көмекке қол жеткізбей қалмау үшін оларға тіркелу мәртебесін тікелей тұрғылықты жері бойынша емханада немесе электрондық үкімет веб-порталында ЭЦҚ арқылы тексеру ұсынылады.

"Сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқығы бар. Алайда, жоспарлы емдеуге жатқызу, белгілі бір мамандардың қабылдауы, қымбат тұратын тексерулерден өту және жоғары технологиялық ем алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болу қажет. Өзінің сақтандырылу мәртебесін Электрондық үкімет порталында, Қор сайтында және Telegram - да SaqtandyryBot арқылы білуге болады", - деп атап өтті Нұрлан  Отарғалиев.

Бүгінгі күні облыс бойынша 499 279 сақтандырылмаған тұрғын тіркелген. Осыған байланысты алдағы эпидемиологиялық маусым алдында ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша медициналық көмектің толық көлемін алу үшін әрбір азаматты өзінің сақтандыру мәртебесін тексеруге шақырамыз.

Оқылды 2471 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тустукбаев Бағлан Ахихатұлы, 1989 жылы 7 сәуірде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Әділхан Азамат Әділханұлы, 1993 жылы 11 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келдім.…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет