Жексенбі, 12 Сәуір 2020 15:28

Коронавируспен күрес: Дәрігерлер жұмысқа қалай жабдықталып кірісетінін көрсетті

COVID-19 инфекциясына шалдыққан науқастарды емдейтін дәрігерлер жұмысқа қалай жабдықталып шығатынын көрсетті.

Сoronavirus2020 Telegram парақшасында жарияланған роликте қазақстандық дәрігерлер коронавирустан қорғану үшін ауысым алдында қандай қорғаныш киімі мен жабдықтарды киіп жұмысқа кірісетінін көрсетілген. Киімдердің бәрі де бір реттік. Дәрігерлер ең алдымен арнайы комбинезон киеді. Осыдан кейін барынша қорғап тұратын маска киіледі. Артынша қорғаныш көзілдірігі тағылады. Вирустан сақтану үшін сонымен қатар ұзын бахила мен резеңке етік кию керек. Қолға қорғаушы қолғап киіледі. Экипировканың уақыты шамамен 5-7 минутқа созылады.

 Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүкіл еліміз бойынша коронавируспен күресіп жүрген 30 мыңнан астам дәрігер үстемеақы алатынын хабарлаған еді. Денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерді қаржылық тұрғыда қолдауды ұйымдастырып, қосымша ақыны бөліп беру мақсатында облыстардағы жергілікті атқарушы органдар тиісті комиссияны құрды.

Айта кетсек бүгін таңертеңгі жағдай бойынша елімізде коронавирус індетін жұқтырған тағы 15 адам анықталып, жалпы 880 науқас тiркеліп отыр.

Оқылды 3422 рет

Медиа

inform.kz

Соңғы жаңалықтар

Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…
Сәу 15, 2024

Жанаргуль НИЕТАЛИЕВА,…

Тургенский филиал Иле-Алатауского ГНПП такие акции с участием школ Тургенского сельского…
Сәу 15, 2024

Алматы облыс әкімі Марат…

Облыстағы аталған бағыт аясында Жамбыл ауданындағы «Жамбыл Жабаев» мұражайы, «Таңбалы»…
Сәу 11, 2024

Аманаттықтар көмек қолын созуда

Алматы облысында су тасқыны болған өңірлерге көмек жинау қызу жүріп жатыр. Игі бастамаға…
Сәу 04, 2024

Ұлт саулығына төнген қатер

Денсаулық – бірінші байлық. Сондықтан саламатты өмір салтын ұстанып, деннің сау болуына…
Сәу 04, 2024

Әлеуетті мекеннің өрісі кең

Ауданымыз жер көлемі мен ел көлемі бойынша алдыңғы қатарда екені белгілі. Соған сай…
Сәу 04, 2024

Сатираның сардары

«Адамгершілігі жоқ қоғамның сатиригі хайуандар туралы мысал жазады. Уот тәк!» – деп…
Нау 29, 2024

Көктерек қашан «ауыл» болады?

Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет