Жұма, 11 Қыркүйек 2020 09:53

Манарбек БАЛПЫҚОВ: «Атом бомбалары сыналып жатыр деген ой, тіпті, санамызға кірмепті»

1991 жылы 29 тамызда салдарынан миллиондаған адам дертті болып, тіпті, өмірімен қош айтысқан Семей ядролық полигоны жабылған еді. 1949 жылы дәл осы 29 тамызда ең алғашқы ядролық сынақ Семей жерінде жасалған. Биыл осы оқиғаның нүктесі қойылғанына да 29 жыл. Айта кетейік, Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болған. 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын жабу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада – Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. 1991 жылы Президент Н.Назарбаевтың «Семей сынақ ядролық полигонын жабу туралы» Жарлығы шыққан еді.

Көпшілікке жақсы таныс осы ақпараттардан бөлек, біз үрейлене еске алып отырған атом бомбасының сыналу алаңының өзінде болып қайтқан азаматпен аз-кем сұхбаттастық. Сол уақыттар жайлы «Біз қайда жүргенімізді білген де жоқпыз. Бомба қалдықтарын тазалап жүргенімізден де бейхабар едік» деп сөзін бастады Балпықов Манарбек Боланұлы.

– Бала күнімнен спортқа жақын болатынмын.Осы саланы таңдаймын деуші едім. Мектепті бітіріп, ауылда жұмыс істеп жүргенімде әскерге шақырту келді. Бұл 1977 жыл, қарашаның 29-жұлдызы еді. Комиссияның қарауынан өтіп, әскер қатарына алындым. Онда бара салысымен 6 ай карантинде болдық. Карантин аяқталысымен, тағы 6 ай оқуға жіберді.Бірақ, сол кезде бізге «қайда келдік, қандай жерге түстік?» Бұл жайлы ешбір мәлімет берілмепті. Бас киімсіз жүруге мүлдем рұқсат етілмейтін. Үнемі қымтанып жүруге тура келді. Патруль әр әскерді, бірін қалдырмай айнала тексеріп жүретін. Кей-кейде дүмпу болады. Бізге оны «жер сілкінді» деп түсіндіретін. Бастапқыда шүбәсіз сендік.

Дегенмен, жиі-жиі жердің сілкінуі көңілдеріңізге күдік ұялатқан болар?

– «Моторшы» құжатын алғаннан кейін жұмысқа кірістік. Мен 054 әскери бөліміне түстім. Үлкен зауыт екен. Онда компрессоршы болып қызмет атқардым. Жағдай өзгерген жоқ. Жер сілкінуі орын алып тұрды. Бізге алдын-ала ескертіп, ғимараттың сыртына шығарып тұратын. Бір байқағанымыз, осы құбылыстың артынша жігіттердің көбі ауырып қалатын. Оларды госпиталдарға жатқызатын. Тәртіп өте қатал болды. Күніне 4 мәрте тексеріс болатын. Былайша айтқанда, бізді түгендейтін. Жеке дара бейберекет жүруге болмайды. Оған қатаң тыйым салынды.

– Ядролық сынақтың тағы қандай әсері байқалды?

– Сол кездері біз Курчатов қаласында болған екенбіз. Оны кейіннен білгеніміз болмаса, мекенжайға дейін жасырып, бізден құпия ұстап жүрді. Ол маңның табиғаты көзге өте оғаш көрінетін. Ағаштар да әдеттегідей емес, біртүрлі бүрісіп өсетін. Атом бомбалары сынақтан өткізіліп жатыр деген ой тіпті, санамызға кіріп-шықпапты.

– Сіздерге байқалған құбы-лыстың барлығы табиғи апат – жер сілкінісі емес, атом бомбасының сынақтан өткізілу салдарынан екенін қай уақытта білдіңіздер?

– 1977-1979 жылдар аралығында қызметте болдым. Бір жыл өткеннен кейін ғана сынақ туралы сыбыстар құлағымызға жетті. Сол жердегі жігіттерден естідім. 80 шақырымдай жерде «Балапан» әскери бөлімшесіне 10-15 күнге барып-келіп жұмыс істеп жүрген едік.

– Сынақ алаңында жүрген-деріңізді білген соң, сіздердің ендігі әрекеттеріңіз қандай болды?

– «Тревога» деген дауыс шығады. Біз дереу киініп, тысқа шығып тұрамыз. Өкініштісі, сонда біз радиация дегеннің не екенін түсінбейтін де болған екенбіз.Біліміміздің таяздығы ғой. Осы дүниелер туралы бізге бұрын айтылды ма? Жоқ. Қазір қалай? Мектеп, жоғары оқу орындарын былай қойғанда, теледидар мен радиодан берілген  «атом бомбасы» туралы ақпаратқа жұрт қанық. Ол сөздің өзін біз бұрын еш жерден естімегенбіз. Сынақтан кейін түрлі қалдықтар болады. Біз соның орнын тазалап, көлікке артып береміз. Ал оларды қайда, Қазақстанның қай өңіріне апарып көмді, кім білсін? Сенсеңіздер, атом бомбасы сыналып жатыр деген хабарды естігеннен кейін бізде түк те қорқыныш болмады. Себебі, одан келетін қауіптің барын біз білген де жоқпыз.

– Курчатовта жүрген күндердің өзінде денсаулы-ғымыз сыр бере бастады дедіңіз. Нақты, не мазалайтын?

– Ауырып госпиталға түскендердің жағдайын біз түгілі, диагнозын өздеріне айтқан жоқ. Жігіттерден сұрасақ, сол кездегі халін өздері түсіндіріп бере алмады. Өйткені, бүкіл дене ауырсынады. Нақты мына жерім ауырады деп айту қиын. Сондай өң мен түс сияқты, түсініксіз жағдайда жүрдік. Жеке өзімнің жағдайыма келсем, әскерден оралған соң, ауыра бастадым. Күніге мазам жоқ. Дәрігерге қаралып, жақсарғандай боламын. Бірақ, қайта басталады.

– Қазіргі жағдайыңыз қалай? Курчатовтан келгеннен кейінгі өміріңіз қалай болды?

– 1979 жылы елге оралдым. 1982 жылы Шамалған қаласындағы гидромелиоратор техникумына түсіп, келер жылы бітіріп шықтым. 1984 жылдан бастап Шелек су шаруашылығында инженер гидрометр болып жұмыс істедім. Қазір күзетшімін. Бас айналу, ауырсыну болып тұрады. Аяқ-қолым қақсап, құлағым шыңылдайды. Бірақ, төзуге тура келеді. 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отырмын. Перзенттерімнің денсаулығына қауіптенгенімде еш ақау келмеді. Соған шүкір деймін.

Сұхбатыңызға рақмет!

 

Тілдескен Ілия СҰЛТАН

Оқылды 3068 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет