Сейсенбі, 25 Ақпан 2020 09:18

Дамуға бастаған бағдарлама

«Аймақтарды дамыту», «Моно-қалаларды дамыту», «Ақбұлақ», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту», «Қолжетімді баспана-2020», сонымен қатар, шағын қалаларды дамыту бағдарламаларының жобасы біріктірілген «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бүгінгі таңда өз жемісін беруде. Бағдарлама аясында халықтың қай аймақта тұратындығына қарамастан, инфрақұрылымды дамыту арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға баса мән берілуде.

 

Бағдарлама негізінен  әр макроөңірге арналған инвестициялық басымдықтар, еліміздің аумақтық дамуын жетілдіру мәселелерін шешуді көздейді. Сонымен қатар, инженерлік инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, тұрғындарды ауыз сумен және су бұру қызметтерімен тиімді және ұтымды қамтамасыз ету жұмыстары да бағдарлама еншісінде.

Былтырдың өзінде «Өңір-лерді дамыту» бойынша ауданымызда бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылып, өзекті мәселелер оң шешімін тапқан. 2019 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде барлығы 219 млн теңгеден астам қаржы бөлініп, игерілген. Оның ішінде, Ават, Бижанов, Достық, Қаратұрық, Ұлтарақов, Шелек ауылдарындағы жолдардың ағымдағы жөндеу жұмыстарына 61,4 млн теңге қарастырылған. 55,2 млн теңгеге Асы, Алға, Өрікті, Көктөбе, Рахат елді мекендерінде су құбырларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, бағдарлама аясында спорт алаңдарын жасақтауға да көңіл бөлінген. Амангелді, Бөлек, Жаңашар, Қазақстан, Ақтоған, Балтабай, Түрген спорт алаңдары мен стадиондарын абаттандыруға 69,7 млн теңге жұмсалған. Қалған 13 млн теңге Тескенсу ауылдық округіне қарасты арналарды тазартуға жұмсалған.

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында Елбасы өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін барлық қаражат көздерінен жыл сайын кемінде 100 млрд теңге бөлуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша тапсырма берген болатын. Тұңғыш Президенттің тапсырмасы өз деңгейінде орындалып, 2018 жылы Екпінді, Казатком, Көлді, Нұрлы, Ащысай және Ават  ауылдарының ауыз су жүйелерінің құрылысы басталған. Бүгінгі таңда 4 ауылдағы жұмыстар аяқталды. Ащысай, Ават, Казатком ауылдарындағы тіршілік нәрінің құрылысы осы жылы бітеді. Атқарылған жұмыстардың арқасында елді мекендерді орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз ету деңгейі аудан бойынша 89,9 пайызға жеткен.

Осы жылы көптен күткен құны 4,5 млрд теңгеге Есік топтық су құбырының екінші кезеңінің құрылысы басталмақ. Бұл өз кезегінде Есік қаласы мен оған жақын орналасқан 8 елді мекен мен 18 саяжай серіктестігінің (аталған жобамен қамтылған жалпы халықты саны 100 мыңнан астам адамды құрайды) ауыз су мәселесін шешпек.

Қазіргі таңда өңірлерге тартылған инвестициялық жобалар да ауылдағы азаматтардың тұрақты жұмысқа орналасуына жол ашып, елді мекендердің гүлденуіне өз септігін тигізуде. Осы орайда, 2019 жылы аудан экономикасына тартылған инвестицияның көлемі 38 млрд 356 млн теңгені құраған. Нақты индекс көлемі 101,2 пайыз. Оның ішінде, республикалық және жергілікті бюджеттен 4 млрд теңге, немесе 10,6 пайыз. Жеке инвестициялар мен заемдық қаржылардың есебінен 34 млрд  теңге немесе 89,4 пайыз.

2019 жылы ауданда инфрақұрылымдарды жақсарту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Барлық санаттағы жолдарды жөндеп, күтіп ұстауға 3 млрд 371 млн теңге қаржы бөлінген. Бұл қаражатқа 55,9 шақырым жолға және Үлкен Алматы каналынан өтетін 3 көпірге күрделі және орташа, 456 шақырым жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Осы жылы жолдарды жөндеуге 2 млрд 800 млн теңге бөлінді.

Аймақтарды дамытуға бағытталған бұл бағдарлама сыртында ауылдардың жай-күйін жақсарту мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Былтырғы жылы аудандағы құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 14 млрд 922 млн теңгені құраған.

Атап айтқанда, тұрғын үй құрылысы жоспарының жоғары деңгейінде орындалуына қол жеткізілген. Егер 2018 жылы 38 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, 2019 жылы 40,7 мың шаршы метр тұрғын үй берілді немесе 7 пайызға өсу қамтамасыз етілген.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша екі құрылыс мекемесі «Альтаир» ӨК, «СилкСтройИнвест» ЖШС Есік қаласында көп пәтерлі 6 тұрғын үйдің құрылысын бастайтын болады. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Есік қаласынан 60 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйді реконструкциялауға 71 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды.

Сонымен қатар, Есік қаласынан 30 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 4 ауылға (Ақши, Шелек, Алға, Қайназар) жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін инфрақұрылымын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Бүгінде жеке тұрғын құрылысын жүргізу үшін жер учаскесін алу кезегінде 20 600 адам тұр. Бұл мәселені шешу үшін 6 ауылда инфрақұрылымдардың құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Атап айтар болсақ, Шелек ауылында 238 га, Ақши ауылында 90 га, Алға ауылында 30 га, Қайназар ауылында 24 га, Қазақстан ауылында 22 га, Қазатком ауылында 18 га. Барлығы 422 га, немесе 5 000 жер телімі.

Ауданымызға тартылып жатқан көгілдір отын да өңірлеріміздің тамырына қан жүгіртіп, тұрғындардың тұрмысын оңтайландыруда. Ауданды газдандыру жұмыстары қарқынды жалғасуда. Есік қаласы бойынша 122 шақырым газ құбыры жүргізіліп, 1100 тұрғын үй газға қосылды. Сондай-ақ, Шелек ауылында 49 шақырым газ құбыры тартылып, 200 тұрғын үй көгілдір отынның қызығын көруде. Түрген ауылы бойынша 38 шақырым газ құбыры тартылып, 220 тұрғын үй газға қосылды. Осы жылы Есік қаласы және Шелек, Түрген, ауылдарына қоса Азат, Ават, Бәйтерек, Жаңашар ауылдарын газдандыру жоспарланған. Сондай-ақ Есік қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлерді жылыту үшін мобильдік қазандықтардың құрылысына жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге бюджеттен 226,9 млн теңге көлемінде қаражат бөлінген.

 

Сардарбек НҰРАДИН

Оқылды 3025 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың…
Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет