Дүйсенбі, 22 Ақпан 2021 14:56

Елімізде эпидемиологиялық ахуал тұрақтанды

Елімізде эпидемиологиялық ахуал тұрақтанды Сурет интернеттен алынды

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният COVID-19-қа қарсы вакцинациялау не үшін қажеттігін түсіндіріп, елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде эпидемиологиялық ахуал тұрақтанды. Көптеген азаматтарымыз өздерінің күнделікті ісімен айналысуға кірісіп, тіпті бұл инфекцияны ұмытып та кетті. Бірақ, елде инфекцияның таралуына, күн сайын ауруға шалдығудың 700-800 жағдайының тіркелуіне байланысты және жұқпалы ауру таралуының алдын алу үшін көптеген ел жаппай вакцинация жүргізіп жатыр. Қазақстанда вакцинация ақпан айында басталды», - деді Ажар Ғиният №6 емханада вакцинаның екінші дозасын салдырғаннан кейін.

Сонымен қатар ол Денсаулық министрлігінің басшылығы вакцинаның екінші дозасын да неліктен жария түрде алғандығын түсіндірді.

«Вакцина қажет. Негізгі мақсаттарының бірі – иммунитетті нығайту және ағзаны қорғау. Осыған орай біз тиімді әрі қауіпсіз вакцинаны ектіруге шақырамыз», - деді Денсаулық сақтау вице-министрі.

Ажар Ғиният сәуір айында қазақстандық вакцина зерттеуінің үшінші фазасы аяқталуы тиістігін еске салып өтті.

«Қазақстандық вакцинаға қатысты айтар болсам, қазір клиникалық сынақтың үшінші сатысы өтіп жатыр. Сәуір айында клиникалық сынақтың үшіншіфазасы аяқталуы тиіс. Осы зерттеулердің қорытындысы бойынша қазақстандық вакцина елімізде қолжетімді болады», - деді ол.

Еске сала кетсек, Ерлан Қиясов пен Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын 1 ақпанда салдырған болатын. Вице-министрлерге ресейлік «Sputnik V» вакцинасы егілді. Бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов және аталмыш ведомствоның тағы бір вице-министрі Ажар Ғиният «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын салдырды.

Бұған дейін ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева «Коронавирус вакцинасын салдырғанға дейін және одан кейін оқшаулану керек пе?» деген сұраққа жауап берген болатын.

«Шын мәнінде оқшаулану – адамдардың басқа біреулерге вирус жұқтыруының алдын алу үшін керек. Мұндай жағдайда коронавирус вакцинасын салдырғанға дейін және одан кейін оқшауланудың қажеті жоқ. Бірақ адамдар ең алдымен, өзінің қауіпсіздігін ойлауға тиіс. Сол себепті вакцина алатын адам үшін толығымен карантин режимін сақтаған дұрыс. Вакцина салдыратын кез келген адамның ең біріншіден, дені сау болуы керек. Екпе алған адам қоршаған ортаға қауіпсіз. Вакциналанған адамға коронавирус жұқпайды. Яғни, вакцина құрамында инфекциялық негіз жоқ», - деді Нұршай Әзімбаева.

Оқылды 871 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « COVID-19: "Жасыл паспорт" беріле бастады ОСТОРОЖНО ГАЗ! »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет