Авторитетный научно-аналитический центр Германии «Фонд науки и политики» (SWP) опубликовал объемный сборник статей «Средние державы – важные акторы в международной политике».

Редакция SAYASAT.KZ изучила сборник и представляет вам краткий обзор.

Традиционно под понятием «средних держав» понимаются государства, играющие важную роль на мировой политической и экономической арене.

В список средних держав SWP, к которым относятся такие страны, как Турция, Израиль и Индия, Казахстан вошел впервые.

Учитывая партнерство центра SWP с правительством и парламентом Германии, можно предположить, что ЕС все больше присматривается к странам Центральной Азии и, в частности, к Казахстану.

Внешняя политика

По мнению специалистов SWP, Казахстан заметно выделяется среди центральноазиатских государств своей внешней политикой. Это делает его ключевым игроком в регионе.

В частности, Казахстан постепенно развивает экономические отношения с Западом и Китаем, особенно в сырьевом секторе. 

На фоне выигрышного положения соседних России и Китая миссия внешней политики Казахстана заключается в сдерживании влияния двух региональных держав через максимально широкий спектр внешних связей, что позволяет максимально расширить пространство для маневра.

Подобный подход характеризуется экспертами как прагматичное отношение к союзам и партнерам, но при этом отмечается сохраняемое выраженное стремление к совместному региональному развитию. Иначе говоря, «Солидарная ответственность на независимых началах».

К слову, об ответственности. Эксперты признали, что Казахстан на раннем этапе смог реализовать свои амбиции в международной политике. Например, страна председательствовала в Организации по безопасности и сотрудничеству в Европе, в Совете Безопасности ООН и была посредником в сирийском конфликте («Астанинский процесс»). Упоминается и членство в ряде других влиятельных организаций Евразии.

Устойчивое развитие

С точки зрения диверсификации партнеров Казахстан также добился немалых успехов. В отличие от соседних по Центральной Азии рынков казахстанский был открыт для западных инвесторов еще в 1990-х годах, чтобы они, в первую очередь, разведали богатые запасы нефти.

Как итог, ЕС является крупнейшим иностранным инвестором в Казахстане и с долей в 40% внешней торговли самым важным экономическим партнером страны.

Тот же Узбекистан 25 лет придерживался протекционистской (и даже изоляционной) политики, и лишь в 2016 году «открыл себя миру».

По мнению SWP, Украинский конфликт дал Казахстану новый импульс в плане диверсификации. Об этом свидетельствуют выстраиваемые новые транспортные маршруты, информационная кампания по привлечению инвестиций в сектор возобновляемых источников энергии и перерабатывающей промышленности.

Интерес экспертов вызывает и то, что Казахстан в своем стремлении к диверсификации опирается не только на китайский «Шелковый путь», но и на стратегию ЕС «Глобальные ворота». В этом плане республика утверждает свою географическую и историческую роль «моста между Востоком и Западом».

Энергетика

На фоне украинского кризиса Германия и многие страны ЕС оказались отрезаны от некоторых источников нефти и газа. Неудивительно, что Европа ищет пути решения этой проблемы, при которых сможет сформировать новые взаимовыгодные и ответственные партнерские отношения.

В рядах потенциальных экспортеров нефтегазового сектора и в области возобновляемых источников энергии все более уверенным себя чувствует и Казахстан. Та же Германия уже изучает возможность водородного партнерства, что в ближайшие годы способно предоставить Казахстану (и некоторым другим странам) рыночную власть. Подобную власть вполне можно ассоциировать с влиянием стран Залива в нефтяной сфере.

Казахстану же для этого чрезвычайно важно быть готовым к энергетической трансформации, чтобы в нужный момент комфортно занять свое достойное место.

Вывод

Статья SWP сигнализирует европейцам о переменах, как бы предупреждая: теперь им придется иметь дело со странами, что раньше были на стратегической дистанции – «где-то там, далеко», хотя партнерство с ними и тогда, и сейчас экономически и политически выгодно.

Стоит ожидать, что в информационной повестке стран Европейского Союза Казахстан все чаще будет мелькать не только как новый экономический и политический партнер, но и как площадка для инвестиций. Начало уже проложено в рамках зарубежных поездок Президента К. Токаева.

Так, рабочие визиты 2023 года уже успели закрепить в сознании некоторых европейцев образ Казахстана как суверенного государства, уверенно отстаивающего свои интересы вне идеологических установок и готового взять на себя ответственность там, где требуется искусство дипломатии.

«AMANAT» партиясының мобильді қабылдау тобының ауылдарға сапары жалғасып жатыр

Мобильді топ мүшелері Еңбекшіқазақ аудынына қарасты Қайназар және Қаракемер ауылдарында болып, елдегі ағайынның мұң-мұқтажын, ұсыныс-пікірін тыңдады. 

Қабылдаулар барысында  ауыл тұрғындары қара бастың емес, халықтың ортақ қажетті деген мәселелерді көтерді. Мәселен, Қайназар ауылында коммуналдық проблема көп. Тұрғындар жылдар бойы елдімекенге ауыл мәртебесін ала алмай келеді. «Осының кесірінен барлық мәселелерді өз бетімізше шешуге мәжбүрміз», – дейді.

Рахат ауылдық окургінің тұрғыны Тасбай Жәнібековтың айтуы бойынша, ауыл маңындағы саяжай халқының белгілі статусы болмағандықтан зиратқа тиісті жер бөлінбейді.

«Ауылда зират жоқ. Бұл мәселені көтеріп жүргенімізге 2 жыл болды. Салдарынан халық өзге ауылдардағы зиратқа жақынын жерлеп, сабылып жүр. Осы күнге дейін қолданған жерлер санитарлық нормадан асып кеткен. Енді біз онда адам жерлей алмайды. Мәселенің қашан шешілетіні белгісіз. Бірақ өлім күтіп отырмайды. Біз әне шешіледі, міне шешіледі деп жүруден шыны керек шаршадық», – дейді тұрғын.

Ауыл халқының басым бөлігі жаңа мектептер мен спорт алаңдарын салу, ішкі жол құрылысы, көшелерді жарықтандыру, ауыл шаруашылығы, субсидия алу, ағын су, жайылым жер, ұялы байланыс пен интернет сапасының нашарлауы, дәрігерлік амбулаторияның жоқтығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмыссыздық және әлеуметтік мәселелерді көтерді.

Аманаттықтардың айтуынша, өткен жылы мұндай мобильді қоғамдық қабылдаулар аясында 18 ауыл халқымен кездесу өткен. Биыл 20 жуық елді-мекенді қамтымақ.

«Өткен жылы партиямызға тұрғындардан 3 546 өтініш түсті. Бұл мәсе­ле­лердің 65%-ы қазіргі уақытта шешімін тапты. Алайда, шалғайда орналасқан халық партияның аудандық немесе облыстық филиалына жол ұзақтылығына байланысты әрдайым келе бермейді. Сондықтан, біз тұр­ғын­дардың түйінді мәселелерін алға тартып келуін күтіп отырмай, сіздерге өзіміз келуге тырысамыз. Мұндай кездесулердің халыққа тиімділігі жоғары. Өйткені, бұл мобильдік қоғамдық қабылдаудың басты мақсаты шалғай орналасқан елді мекендердегі тұрғындарды қабылдап, олардың әлеуметтік, қоғамдық және өзге де ортақ түйіткілді мәселелерінің шешілуіне ықпал ету, бағыт-бағдар мен кеңестер беруді көздейді», – дейді облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Аслан Кубентаев.

Осы орайда топ өкілдері ауыл тұрғындары көтерген әрбір мәселені мұқият назарға алып, олардың заң аясында шешілуі бойынша жұмыстар атқаратындарын, әрбір өтініштің назардан тыс қалмай, олардың оң шешілуі бойынша нақты жұмыстар жасалатындығын жеткізді. Кейбір сұрақтар бойынша нақты кеңестер беріп, мәселені сол жерде шешуге ықпал еті.

Айта кету керек, қоғамдық қабылдауға облыстық әкімдіктің жер қатынастары, цифрлық технологиялар, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, энергетика және ТҮКШ басқармаларының өкілдері қатысты.

 

 

Бейсенбі, 08 Ақпан 2024 11:43

Қойнауы тарих, киелі өлке Шелегім

Туған жерінің тарихын білу – әрбір адамға бұлтартпас борыш болып саналары талас тудыратын іс емес екені баршаға аян. Қазақстан Республикасы бойынша жан саны ең көп ауылдардың бірі болып саналатын Шелек ауылының да тарихы том-том кітапқа жүк болары белгілі жайт.

Өткенін білмеген бүгіннің маңызын түсінбейтіні де шындық. Жастарды туған жерінің тарихын біліп өсуге жетелеу мақсатында жақында Шелек тарихи-өлкетану музейінде «Қойнауы тарих,  киелі өлке Шелегім» атты музей сағаты өтті. Музей сағатында Шелек ауылының өткен тарихы, Ұлы Жібек жолының бойына орналасқан, кейіннен жоңғар шапқыншылығы кезінде күйреген ежелгі Шілік қаласы туралы айтылып,  Шелек ауылынан табылған қыш құмыралар таныстырылды.Сонымен бірге журналист Нұрлан Мұхаметқалиев пен Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы Алмагүл Орынбетова жазған «Шелек тарихи-өлкетану музейі» кітабы мектеп кітапханасына сыйға берілді.  Музей сағатына Қайрат ауылындағы И.Саттаров атындағы орта мектептің  педагог-ұйымдастырушы Гульвира Мординова мен  5 сынып жетекшісі Ғалия Мақұлбекова және аталған мектептің оқушылары қатысты.

 

Қуанәлі АЛМАСБЕКҰЛЫ,

Шелек тарихи-өлкетану музейі.

Бейсенбі, 08 Ақпан 2024 11:25

Қолөнер – қастерлі кәсіп

Қолөнер – халықтың рухани байлығы. Әр халықтың салт-дәстүрінен, мәдениетінен хабар беретін қастерлі кәсіп. Бүгінгі таңда қазақтың да қолөнері жаңа бағытта жаңғырып, қарқынды дамып келеді. Халық өнерінің бай мұраларын сұрыптай отырып, заманымызға сай сапа, түр беру әдісімен оларды әрі қарай дамыту, кейінгі ұрпаққа меңгерту – игілікті іс.

Асысаға ауылындағы Т.Қабылов атындағы орта мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Гульзат Жумадилова қолөнермен 20 жылдан бері айналысып келеді. Гульзат Отарханқызы қолөнерді дамыту мақсатында бисермен, жүнмен, жіппен әртүрлі бұйымдар жасап, қалдық заттарды іске асыру, оқушыларды шығармашылыққа баулу, оларды қолөнерге бейімдеп үйретуде айтарлықтай жетістіктерге жетуде. Мәселен, аудандық «Eco book» экологиялық ғылыми жобасына қатысып, «Қалдық заттарға жаңа өмір сыйлау» тақыры-бында өткен жарыста шәкірттерімен жүлделі екінші орынды иеленді. Сондай-ақ, аудандық «Алтын қазына» шығармашылық қолөнер байқауында 3-дәрежелі дипломмен марапатталған. Шелектегі тарихи-өлкетану музейінде шәкірттерінің қол-өнер шеберлігін насихаттау мақсатында олардың еңбектері екі апта көрмеге қойылып, келушілердің көзайымы болды. Гульзат: «Қолөнер – өрісі биік, қастерлі кәсіп. Мен шебер, өнерлі, бес саусағынан өрнек өрілген Елдана Мұхаметжан, Аяла Әлнұрқызы, Әсем Жігітек, басқа да шәкірттеріммен мақтанамын», – дейді көзінен қуаныш нұры төгіліп. Айта берсе, мұндай жетістіктер жетерлік.

5 қаңтарда Алматы қаласында өткен «Шығыстың шеберлері» атты  халықаралық қазақ-қырғыз симпозиумына қатысуға Гульзат Жумадилова да шақырылғанды. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейі Қазақстан этно-дизайнерлері одағымен бірлесе отырып, кәсіби суретшілер, көркем еңбек пәнінің мұғалімдері мен этно-арт дизайнерлерінің халықаралық симпозиумында «Шығыстың шеберлері» атты кітаптың тұсауы кесілді. Қазақстан Республикасы мемлекеттік музейінің директоры Рашида Ерімқызы шараны салтанатты түрде ашып, қазақ-қырғыз қолөнер шеберлері, кәсіби суретшілер мен көркем еңбек пәні мұғалімдерінің арасындағы мәдени құндылықтарды насихаттап, креативті индустрияны дамыту және өзара тәжірибе алмасуда осындай басқосулардың маңызды екенін ерекше атап өтті.

Симпозиум аясында дефиле, шығармашылық туындылар көрмесі, шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, оған Қазақ-стан мен Қырғызстаннан 100-ге жуық қолөнер шеберлері қатысты. Осы басқосуда жерлесіміз Гульзат Отарханқызы Қазақстан этно-дизайнерлер одағының мүшелігіне қабылданды. Халықаралық «Шығыстың шеберлері» атты қазақ-қырғыз кәсіби суретшілері, көркем еңбек пәнінің мұғалімдері мен этно-арт дизайнерлерінің симпозиумында «көрмедегі үздік туындысы үшін» дипломмен марапатталды.

«Қазақстан этно дизайнерлер одағы бүгінде ұлттық құндылықтарымызды дамытып, төл тарихымызды қайта жаңғыртуға бағытталған маңызды мәселелерді басшылыққа ала отырып, ауқымды жұмыстар атқаруда. Бабаларымыздың бізге қал-дырған құнды мұрасын әлемдік деңгейде дәріптеп, төл тарихымызды төрт құрлыққа таныту – басты міндетіміз» – деп, Қазақстан этно дизайнерлер одағының президенті Салтанат Жапарова симпозиумда  алға қойған мақсатын жеткізді. Ал, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Нұрбатыр Болатбек «Шығыстың шеберлері» атты кітапқа кәсіби суретшілер, танымал таланттардың ғана емес, таланты оқушылар мен ұстаздардың да еңбектері енгізілгенін, бұл басқосудың басты мақсаты – қолөнердегі еңбекті шыңдау, бір-бірінен үйрену, жаңа технологияларды жаңа бағытпен үйрету екенін тілге тілек етті. Мұндай халықаралық симпозиумға қатысқан Гульзат Жумадилованың  әлемдік деңгейде танылу жолындағы асар асуы әлі алда. Біз де сәттілік тілейміз.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

 

Бейсенбі, 08 Ақпан 2024 11:22

Үкімет басшысы тағайындалды

Осы аптада ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан үкіметі таратылып, премьер-министрдің міндетін уақытша Роман Скляр атқарған еді. Араға бірер күн салып, «AMANАT» партиясы ұсынған Олжас Бектеновтің кандидатурасын Президент қолдап, Мәжіліс мақұлдады.

Олжас Абайұлы 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын үздік бітірген. Мамандығы заңгер. 2002 жылдан бастап мемлекеттік қыз-меттегі О.Бектенов 2018-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары, 2019-2022 жылдары аталған агенттікте төрағаның бірінші орынбасары болған. 2022 жылдың ақпан айынан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарған. 2023 жыл-дың сәуірінен бүгінгі күнге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған.

– Менің кандидатурамды қолдағандарыңыз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы еліміздің эконо-микасының әлеуметтік саласын дамытуда бірқатар ауқымды тапсырмалар берді, олар мүлтіксіз орындалады. Ал жаңа экономикалық серпін беріп, шын мәнінде батыл әрі тиімді шаралар қабылдау қа-жет. Өнеркәсіп, мұнай және басқа да маңызды салалар сияқты салаларға баса назар аударылады.

Отандық өндірісті ынталандыруға бағытталған нақты шараларын да қабылданатын болады. Қазақстанда өндірілетін өнімнің үлесін арттыру қажет, біз офтейк жүйесін толық іске қосамыз. Біздің басты мақсат – ұлттық бизнесті қолдау. Ауыл шаруашылығының әлеуетін дұрыс пайдалану маңызды. Су ресурстары, энергия үнемдеу, көлік-логистикалық желі бойынша белсенді жұмыс істейтін боламыз.

Жасанды интеллект пен жаңа технологияларды қолда-нуды кеңейту. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету шаралары мен халықты толғандыратын басқа да мәселелер үкіметтің үнемі назарында болады. Үкімет еліміздің игілігі үшін жұмыс іс-тейтін болады, – деді премьер-министр.

Сонымен қатар, министр-лер кабинеті қайта жасақталып, төрт жаңа министр қызметіне кіріссе, қалған ведомство басшылары қайта тағайындалды. Нұрлан Байбазаров премьер-министрдің орынбасары және ұлттық экономика министрі, Мәди Такиев қаржы министрі, Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтау министрі, Шыңғыс Арынов төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.

Бейсенбі, 08 Ақпан 2024 11:16

Асыл өнерді ардақтайық

Халықаралық зергерлер күніне орай Ақши ауылындағы Ұста Дәркембай атындағы облыстық қолөнер мұражайында «Зергерлік өнері – ұрпаққа мұра» атты  іс-шара ұйымдастырылды. Сондай-ақ аталған  шара аясында мектеп оқушыларының қатысуымен зергерлік бұйымдар жасау бойынша шеберлік сабақтар өткізіліп, қонақтар көрме тамашалады.

Ұлтымыздың асыл өнерін ардақтаған көрмеге ҚР Дизайнерлер одағының мүшелері, О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің ұстаздары Сейтмахан Оразалиев пен Аманқұл Исақов, ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының ұстазы Алтынбек Есенғазиев және өзге де зергерлер мен музей қызметкерлері және мектеп оқушылары қатысты.

Бүгінде Ұста Дәркембай атындағы облыстық қолөнер мұражайының 6 көрме залында екі жарым мыңнан астам экспонат қойылған.

Аталған көрмеге музей қорындағы жүздеген әшекейлер мен зергерлік бұй-ымдар, түрлі қолөнер туындыларынан құралған көптеген жәдігерлер келушілердің назарына ұсынылды. Қолөнер туындыларының жасалу жайын таныстырып, олар жайлы деректермен бөлісуге арналған жиында мұражай директоры Дәулет Шоқпаров көпшілікті айтулы шарамен құттықтады.

Зергерлік өнер қазақ халқының ұлттық мәдениеті тарихында ерекше орын алады. Онда халықтың дүниетанымы, талғамы, көркемдік және материалдық құндылықтарының деңгейі көрінеді. Көрмеде шеберлер түрлі зергерлік бұйымдардың жасалуы жайлы оқушылардың сауалдарына жауап берді. Ал мұражай директоры Дәулет Шоқпаров өткен жылдан бастап аймақ көлемінде ұлтымыздың қолөнерін ұлық-тайтын жаңа жобалардың қолға алынатынын жеткізді.

–  Өткен  жылы  облысымызда республикалық қолөнерші-лер көрмесі өтіп, көптің қызығушылығын  туғызды. Ал биыл елімізде V дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Осы ауқымды шаралардың барлығы еліміздегі қолөнер саласын тың белеске көтереді деп сенемін, – дейді  Дәулет Дәркембайұлы.

Зергерлердің сөзінше, сүйек пен ағаш ою, тері және қыш өнері секілді басқа да қолөнер бұйымдарынан гөрі алтын, күміс, қоладан жасалған заттарды ұзақ уақыт сақтауға болады. Сол себепті де біздер ерте заманнан бүгінге жеткен жақұт жәдігерлерге куә болып отырмыз. Зергерлік – атадан балаға немесе ұстаздан шәкіртке ауысып отыратын тылсым сыры бар, халықтың дәстүрлі дүниетанымымен, тарихи болмыс-бітімімен, салт-дәстүрімен байып отыратын қастерлі кәсіп.

– Ата-бабаларымыздың зергерлік бұйымдар мен әше-кейлерді қадірлеуі – үлкен дәстүр. Бүгінгі ұрпақ сол дәстүрді әрі қарай сабақтастырып, жал-ғастыруы тиіс. Бүгінгі көрмеде қойылған күмістен жасалған кісе белдік пен шолпының қол-данылуының тәрбиесі қандай терең. Ал, жүзіктердің өзі түр-түрге бөлініп, құдағи атанған ананы немесе құда түсіп, атастырылған қыздың қолына қарап, әшекейлерінен аңғара білген. Аталған құндылықтарды жоймай, қайта жаңғыртуымыз керек. Бүгінде жас ұрпақтың қазақтың  зергерлік өнеріне деген қызығушылығы артып келеді. Тіпті біздің  колледжіміз-ге  шетелден келіп білім алатындар да аз емес. Зергерлік өнерді  зердеге тоқимын деген жастарға қашан да есігіміз ашық, –  дейді О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қол-данбалы өнер колледжінің  ұс-тазы Сейтмахан Оразалиев.

Аманқұл Исақов та өз кезегінде:

– Біздің бабаларымыз таби-ғаттың тылсым сырларын жете білген. Ғылымнан әсте кенде қалмаған. Сөзіміздің үлкен дәлелі – қазаққа тән зергерлік өнер. Бір ғана қазақ үйімізде қаншама озық ойлы, философиялық мән-мағынаға толы қолөнер туындылары жатыр. Бағзы заманда екінің бірінің бойында ұсталық қабілет болған деседі. Ал бүгінде бір ауылдан бір шебер таппайтын олқылығымызды түзеу қажет – дей келе қазақ қолөнерінің алыбы, өзінің ұстазы болған ұста Дәркембай Шоқпарұлының тек-ті өнерді тірілткен ұшан-теңіз еңбектеріне кеңінен тоқталып, мұражай ұжымына ақ тілегін арнады.

Шара соңында ұста Дәр-кембай Шоқпарұлының дарынды шәкірті Сайлау Ботабеков бастаған үздік зергерлерге арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

«Зердің жайын зергер білер, аңның жайын мерген білер» дегендей, қазақы ұлттық қолөнердің дәстүрлері уақыт ағысымен қайта жаңғырып, арадағы сабақтастықтың алтын арқауы үзілмесе екен деген тілектеміз.             

 

Ринат НАРХАНОВ.

«Адамға ең бірінші білім емес тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы». Иә, әлемнің екінші ұстазы әл-Фарабидің нақыл сөзі қай заманда болмасын өзектілігін жоғалтпақ емес. Сондықтан баланың бойына тәрбие мен білімді қатар сіңіріп, жастайынан еңбекке баулу аса маңызды. Өткен аптада осы мақсатта Есік қаласындағы Райымбек батыр атындағы орта мектеп базасында «Білім беру мекемелері жанынан органикалық тыңайтқыштарды өңдеуде оқу-тәжірибелік алаңдар ашудың педагогикалық мүмкіндіктері» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияға Алматы облысы білім басқармасының, аудан әкімдігінің, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессорлары, педагогика және ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаттары, Ұлттық құндылықтар академиясының академиктері, «Qazaverm» тұтынушылар кооперативі мен «QazAGO» ЖШС оқу орталығының өкілдері, білім мекемелерінің басшылары, кәсіпкерлер, ғалымдар мен ұстаздар қатысты. Жиынды Райымбек батыр атындағы орта мектептің директоры Салтанат Турикбаева жүргізді.

Конференцияны «Жас дарын» Алматы облыстық дарынды балалар мен талантты жас-тарды анықтау және қолдау ғылыми-практикалық орталығының «Педагогикалық шеберлік» бөлімінің басшысы Қымбат Сулейменова ашып, айтулы шараның өзектілігін атап көрсетіп, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

 «Мектеп жанынан биогумус өндіруде оқу-тәжірибелік алаң ашудың болашағы» тақырыбында баяндама жасаған педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Бауыржан Сайдахметов ұлттық тәрбие жөнінде сөз қозғады.

– Бүгінгі таңда біздің алдымызда тұрған үлкен міндет – ұлт болмысының қағидаттарын орнықтыру, ұлт сапасын арттыруға атсалысу. Ол үшін балаларымызды ерте жастан еңбекке араластыруымыз қажет. Қазіргі уақытта оқушылар мектепте тек білім алуы керек деген қағидамен өмір сүріп жатырмыз. Ал оларды еңбек етуге үйрету тасада қалды. Жасыратыны жоқ, балаларымыз өздері отырған орындықтарын көтермейді. Оны істейтін мектепте техникалық қызметкерлер бар. Ал білім ордасынан тыс қоғамдық жұмыстар туралы мүлдем сөз қозғамай-ақ қояйық. Біз – аграрлы елміз. Еңбек – жетістікке жетудің басты алғышарты. Сондықтан, білім, тәрбие және еңбекті ұштастыра білуіміз қажет – дейді Бауыржан Сайдахметов. Сонымен қатар, органикалық тыңайтқыштардың артықшылықтарына тоқталып, елімізді табиғи таза өнімнің Отанына айналдыру үшін қазіргі жастарға органикалық тыңайтқыштардың қыр-сырын үйрету керектігін айтты.

Қоғам және ғылым қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық құндылықтар Академиясы-ның академигі Қажымұқан Арынов әлемдегі биогумус индустриясының дамуына тоқталды.

– Әлем елдері химиялық қоспасыз, табиғи таза өнімдерді тұтынғанды құп көреді. Бұл өз кезегінде органикалық тыңайтқыштарға деген сұраныстың артуына жол ашады. Еуропа елдері органикалық тыңайтқыштарды мемле-кеттік деңгейде өндіруді тоқтатып, оны өндіру үшін жекелеген кәсіпкерлерге жағдай жасауда. Тіпті, азаматтар өз ауласында тыңайтқыш жасап, саудалай алады. Біз де осындай мүмкіндіктерге жол ашуымыз қажет. Ол үшін бүгінгі жастарды алдымен еңбекке баулу қажет. Өркениетті елдерде балаларды білім мен еңбекке қатар баулиды. Бір ғана мысал, менің Францияда тұратын немерелерім оқудан тыс уақытта ешкі фермасына барып жұмыс жасайды. Оларға Сексеката тұқымын қалай баптау керектігін үйретіп, жем-шөбін әзірлетіп, қора тазалатады. Бұдан жаман болып жатқан француздарды көрмедім – дейді профессор.

Конференция барысында Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Агрономия, селекция және биотехнология» кафедрасының профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Мұхит Бекбауов «Бактериалды тыңайтқыштарды пайдаланудың болашағы» тақырыбында, педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Мұхамедрахим Құрсабаев «Биогумус индустриясын дамытудағы Business-Model технологиялары туралы ақпарат» тақырыбында, «Қазақстан Республикасысы Ұлттық кооперативтер және экономикалық қоғамдастықтардың басқа да нысандары қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Қазыбек Шайх «Ауыл балаларының soft skills дамуы» тақырыбында, «QazAGO» ЖШС оқу орталығының директоры Гүлзира Асамұратова «Органикалық қалдықтарды өңдеу арқылы вермикомпост өндіру оқыту курсын ұйымдастыру технологиясы» тақырыбында баяндама жасады.

Сонымен қатар, «Ecobook» экология-лық жобасы аясында биогумус өндіру арқылы оқушыларды кәсіптік білімге ерте жастан тәрбиелеу» тақырыбында баяндама жасаған О.Жандосов атын-дағы орта мектеп директоры  Айжан Джамешева мектеп оқушыларының жеткен жетістіктеріне тоқталды. Сабақтан тыс уақытта органикалық тыңайтқыш өндірумен айналысатын оқушылар бүгінде жобаларын сәтті жүзеге асыруда. Сондай-ақ, конференцияға қатысу-шылар балалардың бастамаларына қолдау білдіріп, мамандар көмек көрсететін болды. Жиын барасында Алмалы ауылындағы И.Шорманов атындағы орта мектеп оқушылары да тыңайтқыш өндірумен айланысатынын ұстаздары мақтанышпен жеткізді.

Жарыссөзге шыққан Абай атындағы ҚазҰПУ Ардагерлер кеңесінің төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық құндылықтар академиясының академигі Берікжан Әлмұхамбетов балаларды ерте жастан еңбекке баулуды қолдайтынын жеткізіп, топыраққа тыңайтқыш, адамға тың айтқыш қажет екенін айтты. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ермек Жакеев, ардагер ұстаз, қоғам қайраткері. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы  Алматы облысы Аналар кеңесінің төрағасы, ҚР Білім беру ісінің үздігі Гүлнар Жошыбаева, Еңбекшіқазақ аудандық әдістемелік орталықтың бөлім басшысы Айжан Тортаева, «Qazverm» кооператив төрағасы Пернебек Тұлғанбаев осындай игі шаралардың оқушылар үшін берері мол екеніне тоқталып, конференцияда айтылған жобалар жүзеге асырылса деген ниетін білдірді.

Конференция соңында болашақтың тұтқасын ұстар жас буынға, яғни Райымбек батыр атындағы орта мектеп және О.Жандосов атындағы, И.Шорманов атындағы орта мектептердегі экоклубтарға аймақтандырылған қызыл шылаушындар табысталды.

Пленарлық бөлімнен соң мектеп жанындағы биогумус өңдеу оқу-тәжірибелік алаңының ашылу рәсімі өтті. Райымбек батыр атындағы орта мектептің экоклуб мүшелеріне «Qaz-AGO» ЖШС оқу орталығы табыстаған аймақтандырылған қызыл шылаушындар арнайы әзірленген алаңқайға жі-беріліп, оларды күту мен көбейтуге қатысты нұсқаулық берілді.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Тамыз кеңесіндегі сөзінде: «Еліміздің жастары өзін жеке тұлға ретінде дамытумен қатар мемлекеттің өркендеуіне зор үлес қосуы қажет. Бұл – қазіргі білім және тәрбие беру үдерісінің алдында тұрған маңызды міндет. Отандық білім саласы туған жеріңе, қоршаған ортаңа, өз тарихыңа құрметпен қарауға тәрбиелеп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуі тиіс» – деген еді. Білім мекемелері жанынан жас ұрпақты ерте жастан еңбекке баулуда қаржылық сауаттылығын арттыру, экологиялық және экономикалық тәрбие беру арқылы органикалық тыңайтқыштарды өңдеуде оқу-тәжірибелік алаңдар ашудың педагогикалық мүмкіндіктерін айқындауды мақсат тұтқан республикалық ғылыми-практикалық конференция Президент сөзін пысықтады. Жиында балаға білім берумен қатар, оның бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, еңбекке баулу қажеттігі айтылды. Жиында талқыланған мәселелер мен ұсыныстар негізінде конференция қарары қабылданды.        

С.НҰРАДИН.

2023 жылы 170 жол-көлік оқиғасы орын алып, 219 адам зардап шекті, 62 адам қайтыс болды.


Осыған байланысты Алматы облысының прокуратурасы «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» жобасын жүзеге асыруда.
Бұл жобаның мақсаты - жол-көлік оқиғаларының алдын алу, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, балаларды жол қозғалысы ережелеріне үйрету, жол-көлік оқиғаларына ықпал ететін факторларды анықтау және жою.
Осы жоба аясында прокуратура, полиция, әкімдік және басқа да мүдделі тұлғалардан мобильді топ құрылды.
Осылайша, осы жобаны жүзеге асыру нәтижелеріне қол жеткізу үшін Алматы облысының прокуратурасы жол қозғалысы ережелерін сақтауды, сондай-ақ жобамызды жүзеге асыруға қосылуды сұрайды.
Ол үшін 8-747-678-83-00 нөміріне жол белгілерінің, жарықтандырудың, бағдаршамның жоқтығы, қарды уақтылы тазаламау, сапасыз құрылыс, автожолдарға қызмет көрсету және жөндеу, жолда малдың болуы және т.б. туралы фото және бейне материалдарды жіберу қажет,.

В 2023 году произошло 170 дорожно-транспортных происшествий, пострадало 219, погибло 62 человек.
В этой связи прокуратурой Алматинской области реализовывается проект «Безопастность дорожного движения».
Целью данного проекта является профилактика дорожно-транспортных происшествий, сохранение жизни и здоровья людей, обучение детей правилам дорожного движения, выявление и устранение факторов способствующих совершению дорожно-транспортных происшествий.
В рамках данного проекта была создана мобильная группа из числа сотрудников прокуратуры, полиции, акимата и других заинтересованных лиц.
Таким образом, для достижения результатов по реализации данного проекта прокуратура Алматинской области просит соблюдать правила дорожного движения, а также присоединиться к реализации нашего проекта.
Для этого нужно на номер 8-747-678-83-00 направлять фото и видео материалы об отсутствии дорожных знаков, освещений, светофоров, несвоевременной уборки снега, некачественного строительства, обслуживания и ремонта автодорог, нахождения скота на дороге.

Көктемнің алғашқы күні, яғни 1 наурыздан бастап елімізде бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді.

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

«ҚР аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес, 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап еліміздің барлық аймағында бірыңғай уақыт белдеуі болады. Осылайша, Қазақстан Республикасының барлық аумағында 5-ші уақыт белдеуі (UTC+5) қолданылады. Үкімет қаулысында: «Қазақстан Республикасының аумағындағы уақытты есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы N1749 қаулысына енгізілген өзгертулерге сәйкес, «Астана, Алматы, қалаларының әкімдіктері, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Молтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа қоюы керек» – делінген. Айта кетейік, бүгінгі таңда елімізде UTC+5 және UTC+6 екі уақыт белдеуі қолданылады

Соңғы жаңалықтар

Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың…
Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет