Жұма, 20 Қараша 2020 17:05

Сайлау-2021. АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Еңбекшіқазақ» газетінің (бұдан әрі газет) және mezet.kz желілік басылымының (интернет портал) меншік иесі «ТОО «Редакция газеты «Еңбекшіқазақ» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының Сайлаулар туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 439 Жарлығына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Орталық Сайлау комиссиясының 2020 жылғы 21 қазандағы № 29/334 қаулысына сәйкес 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кезекті сайлауға қатысу үшін партиялық тізімдер ұсынған және тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа үміткерлерді (бұдан әрі саяси партиялар), облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттығынан үміткерлерді сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін басылым және интернет портал алаңдарын беру шарттары мен тәртібі жөнінде, төлем мөлшері туралы хабарландырады.

 

ГАЗЕТТІҢ БАСЫЛЫМ АЛАҢДАРЫН БЕРУДІҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ

Газет және интернет портал үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін басылым алаңдарын береді. Газет пен интернет порталдан басылым алаңдарын беру газет пен интернет порталдың меншік иесі мен партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың сенімді өкілі арасында үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған басылым алаңын беруге жасалған келісімшарт негізінде жүзеге асырылады. Келісімшарттың формасы мен тиісті құжаттар жазбаша өтініш тапсырылған кезде қоса беріледі.

Мұндай келісімшарт жасау үшін саяси партиялардың сенімді өкілдері газет пен интернет порталдың меншік иесіне келесі ақпараттарды көрсете отырып, жазбаша өтінішпен шығады:

  • партиялық тізімді ұсынғанын дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;
  • саяси партияның уәкілетті өкілінің құзыретін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;
  • үгіттік материалдардың түрі, алатын алаңының жоспарланған көлемі көрсетілген жазбаша өтініш мазмұны;
  • қағаз (уәкілетті өкілдің көрсетілген әр парақтағы қойылған қолымен) және электронды тасымалдаушыдағы үгіттік материалдың мәтініне түсіндірме;
  • өтініш беруші саяси партияның уәкілетті өкілінің жекебас куәлігінің көшірмесі.

Газет пен интернет порталға жазбаша өтініш осы ақпараттық хабарлама негізінде 2020 жылдың 10 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 8 қаңтарына дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112-үй, 2-қабат мекенжайы бойынша қабылданады.

     Жарияланымдарда ақпаратты берген тұлғаның тегі, қаржыландыру көздері, материалды шығаруға жауапты тұлғалар, олардың төленуі туралы ақпараттар болуы тиіс. Облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттығынан үміткерлер (сенімді өкілдері) газеттің меншік иесіне келесі ақпараттар көрсетілген жазбаша өтініш тапсырады: 1) өтініш беруші үміткердің (сенімді өкілдің) тегі, аты-жөні; 2) үміткердің (сенімді өкілдің) жекебас куәлігі; 3) уәкілетті органмен берілген үміткерлік (сенімді өкілдік) куәлігі; 4) үгітнасихаттық материалдардың түрі, оны жариялаудың уақыты мен баспа алаңының жоспарланған көлемі көрсетілген жазбаша өтініш мазмұны; 5) үміткердің (сенімді өкілдің) қолтаңбасы. Үміткер куәлігінің көшірмесі мен үміткердің (сенімді өкілдің) жекебас куәлігінің көшірмесі қоса беріледі. Баспалық материалдарды орналастырудың кезектілігін жазбаша өтініштердің келіп түсу реттілігіне байланысты газет пен интернет портал белгілейді. Бірнеше саяси партия атынан жазылған өтініштер бір мезетте түскен жағдайда газет пен интернет портал тарапынан дәл сол күні жеребе өткізіледі. Жеребеге баспалық материалдарды орналастыру кезектілігіне таласушы саяси партиялардың уәкілетті өкілдері мен таластың тәуелсіз тарабы ретінде БАҚ өкілі қатысады. Саяси партиялардың әрбір  уәкілетті өкіліне ішінде баспалық материалдарды орналастырудың мерзімі көрсетілген, мөрленген конвертті таңдау ұсынылады. Конверттер саны таласқа қатысушылардың санымен тең болады. Жеребе аяқталғаннан кейін таласқа қатысушылар мен БАҚ өкілі жеребе хаттамасына қолдарын қояды. Жеребе нәтижесі (хаттаманың көшірмесі) тиісті сайлау комиссиясына тапсырылады.

 

ҮГІТТІК БАСПА МАТЕРИАЛДАРЫН БЕРУДІҢ ТӘРТІБІ

Газетке үгіттік баспа материалдары газет жарық көретін датаға 3 (үш) күнтізбелік күн қалғанға дейін модульдер немесе мақалалар түрінде тапсырылуы тиіс. Ал интернет порталға үгіттік баспа материалдарын күнбе-күн тапсыруға болады. Газет пен интернет портал материалдарда конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігін бүлдіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық алауыздық тудыруға, сондай-ақ заңмен қарастырылмаған және заңмен қарастырылған, тағы басқа да негіздерде әскерилендірілген құрылымдар құру идеялары көрініс берген жағдайда үгіттік баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы. Газет пен интернет портал саяси партиялардың абыройы мен қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпараттар болған жағдайда үгіттік баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы. Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген басылым алаңдарын берудің шарттары мен тәртібі уәкілетті органдардың талабына сай түзетілуі мүмкін.

 

ГАЗЕТ ПЕН ИНТЕРНЕТ ПОРТАЛДЫҢ  БАСЫЛЫМ АЛАҢДАРЫН ТӨЛЕУДІҢ ТӘРТІБІ МЕН МӨЛШЕРІ

Үгіттік материалдарды орналастыруға арналған басылым алаңдарының газеттегі бағасы: – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығынан үміткерлер үшін журналистік мақалалар жарияланған беттерге модуль орналастырудың 1 шаршы см. үшін 200 теңге; – облыстық мәслихаттың депутаттығынан үміткерлер үшін журналистік мақалалар жарияланған беттерге модуль орналастырудың 1 шаршы см. үшін 200 теңге; – аудандық, қалалық мәслихаттың депутаттығынан үміткерлер үшін журналистік мақалалар жарияланған беттерге модуль орналастырудың 1 шаршы см. үшін 200 теңге;

Үгіттік материалдарды орналастыруға арналған басылым алаңдарының интернет порталдағы бағасы: – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығынан үміткерлер үшін журналистік мақалалар жарияланған беттерге модуль орналастыру 1 (бір) тәулік үшін 2500 теңге; – облыстық мәслихаттың депутаттығынан үміткерлер үшін журналистік мақалалар жарияланған беттерге модуль орналастыру 1 (бір) тәулік үшін 2500 теңге; – аудандық, қалалық мәслихаттың депутаттығынан үміткерлер үшін журналистік мақалалар жарияланған беттерге модуль орналастыру 1 (бір) тәулік үшін 2500 теңге;

Төлем серіктестік берген есепшот негізінде сол есепшот берілген күннен басталатын 5 (бес) банк күні ішінде жүргізіледі. Төлем газеттің басылым алаңын беру жөніндегі тиісті келісімшартта немесе есепшотта көрсетілген серіктестің банктік реквизиттеріне төленеді.

 

 

Оқылды 70 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: Қазақстанның әлеуметтік жаңаруындағы ҮЕҰ рөлі »

Соңғы жаңалықтар

Қар 23, 2020

Үй сатылады

Қар 23, 2020

Әкем салған сара жол

Әкем салған сара жол Алпыстан жасым асса да, Әкешім естен кетпейді. Бақилық болып кетсе…
Қар 23, 2020

Парасат падишасы

Менің Денсаулық сақтау министрлігіне ауысқаныма 2 жылдан асқан кез еді. Алматыда ешкімді…
Қар 23, 2020

Ақшиім – алтын бесігім

Жақында Ақши ауылына қарасты «Үміт» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Гулбану…
Қар 23, 2020

Почти на 6% снизилось количество…

С начала года на территории области зарегистрировано 1220 пожаров, что по сравнению с…
Қар 23, 2020

Массовое новоселье празднуют в селе…

Всего 2 года назад, по указу Елбасы, в Алматинской области на один район стало больше.…
Қар 23, 2020

Өнерлі өрге жүзер

Әр адамның өзінің бойына ерекше біткен таланты болады. Соның бірі – өнер. Осы өнер арқылы…
Қар 23, 2020

Парасат падишасы

Менің Денсаулық сақтау министрлігіне ауысқаныма 2 жылдан асқан кез еді. Алматыда ешкімді…
Қар 21, 2020

Рәміздерге құрмет – баршаға міндет

Бүгін «Nur Otan» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес мүшелері…

Күнтiзбе

« Қараша 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет