Бейсенбі, 19 Қараша 2020 15:49

Праймериз үздіктері анықталды

Татулығы мен сайын даласы талайды тамсандырған Тәуелсіз елімізді де Тәжді вирустың алауы шарпып өтті. Алайда, алапат дауылды да, дүбірлі дабылды да көрген қазақ даласы еңсесін түсірмеді. Бірлік – тірегіміз, мақсат – межеміз болып, алға қарай адымдап келеміз. Әрине, мұнда көптің тілеуі бар. Ұлы дала ғұламасы Жүсіп Баласағұни айтқандай «Адамға оның ақылы ғана дос». Мұндайда дана қазақ: «Ақылдылықпен ел биле, бiлiмдiлiкпен жұртты аузыңа қарат» деген екен. Талайдың қаламына күш бітірген Nur Otan партиясының праймериз додасы да тәмам. Ұтқыр ой, ұтымды пікірімен елді елең еткізген үздік 20-сы Алматы облыстық мәслихат депутаттығына және мәжіліске үміткерлер ретінде ашық алаңға көтерілді. Аудандық дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде өткен кезектен тыс ХХІІ партия конференциясында бұдан өзге үш мәселе қаралды. Саралайық...

Келелі кеңеске 61 делегат қатысты. Конференцияны аудандық партия төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев жүргізді. Бірінші мәселе – Nur Otan партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасын бекіту. Осы ретте аудан әкімі, партияның аудандық филиал төрағасы Қуанышбек Қашқымбаев баяндама оқыды.

– Партияішілік праймеризде кіл мықтылар халық алдында ашық пікір-таласқа түсіп, ел ішінде тұралап тұрған түрлі мәселелерді көтерді. Бүгінде ауданымыз бойынша ашық алаңда айтылған 33 мәселе партияның сайлауалды бағдарламасына еніп отыр, – деген Қуанышбек Қалиұлы екінші кезеңге өткен үміткерлерге сәттілік тіледі.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе – аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың тізімін бекіту. Таратылып берілген тізім бойынша көпшілік дауыстарын берді. Сол секілді партияның Алматы облыстық филиалының ХХІІ кезектен тыс конференциясына 6 делегат сайланды.

Күн тәртібіндегі төртінші мәселе: ашық дебат алаңы. Жүзден жүйрік шыққандар еліміздегі, ауданымыздағы түйткілді мәселелердің көбесін сөкті. 61 делегат алдында 20 үміткер пікір алмасты. Бір жарым сағатқа созылған ашық алаң қорытындысында делегаттар онлайн дауыс беру арқылы өз таңдауларын жасады. Нәтижесінде, 85 пайыз дауыс жинаған Ерік Абитов мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде облыста өтетін ашық пікір алаңына жолдама алды. Ал Г.Құраметова, А.Ілебай, Қ.Жұмағожа, В.Крылов, А.Әбіт, Р.Ибдиминов, Ж.Әбдіқадырова, Д.Шоқпаров, Қ.Дәуітәлі, С.Бекқожа және Б.Малдыбаев Алматы облыстық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде тіркелді.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА

Оқылды 594 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың…
Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет