Жұма, 25 Қыркүйек 2020 16:14

САЛМАНОВ Искакбек Түзелбайұлының Nur Otan партиясының праймериз науқанына ұсынған БАҒДАРЛАМАСЫ

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде «Nur Otan» партиясының праймеризіне ұсына отырып, үлкен сенім білдіргендеріңіз үшін алғысымды білдіремін және бұл мен үшін үлкен абырой деп санаймын!

Сайлау алдындағы бағдарламамның негізгі бағыттары

Мен сайлаушылардың сенімін ақтай отырып, депутат деген мәртебелі мандатқа қол жеткізсем, жалпы өңірде мынадай өзекті мәселелердің оң шешімін табуға жұмыс жасайтын боламын:

  • Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауы бойынша;
  • Этносаралық татулық пен келісімді қорғауда;
  • Ұлттық құндылықтарымыздың мүддесі қорғалып қанат жаюына;
  • Білімді, білікті қажырлы да қайратты жастардың қоғамға берер пайдасына жол аша отырып, жұмыссыздықты болдырмаудың қамын жасауға;
  • Білім беру саласының бәсекеге қабілеттілігі мен ұстаздар қауымының беделінің артуына;
  • Қараша халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын жақсартып, тұрмысымыздың заман ағымына сәйкес болуына;
  • Тұрғындардың таза ауыз суымен қамтылуына;
  • Рухани қажеттіліктеріміз ­– мәдениет үйлерінің, кітапханалардың, спорт кешен-дерінің жұмыстарының жандануына;
  • Денсаулық сақтау саласының өркендеуіне.

Кіндік қаным тамған тарихы терең, талайды таңдай қақтырып елі үшін еміреніп, осы бақытты шағымызды аманаттаған бабаларымыздың ұлы мұрасы болашақтың еншісі. Туған өлкенің болашағына менің ойымша ешбір адам бей-жай қарамайтыны анық. Заманның көшінен қалмауды жеке бастың емес, қоғамның үлесіне икемдеу басты мұрат болуы шарт деп түсінемін.

 

Өмірбаяны

1965 жылы 9 тамызда Малыбай ауылында туылған. Ұлты қазақ. 1982 жылы Абай атындағы КазПИ-на оқуға түсіп, 1989 жылы тәмамдаған. 1983-1985 жж. әскери борышын өтеген. 1989 жылдан осы күнге дейін ұстаздық қызметте. 1991-1995 жылдары мектеп директорының орынбасары, 1995 жылдан мектеп директоры қызметінде. 2006 жылы еңбегі еленіп, «Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы» атағымен, 2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Үш баласы, немерелері бар.

Оқылды 791 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тустукбаев Бағлан Ахихатұлы, 1989 жылы 7 сәуірде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Әділхан Азамат Әділханұлы, 1993 жылы 11 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келдім.…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет