Жұма, 25 Қыркүйек 2020 15:46

КУНЕСОВ Қияс Жапарбекұлының Nur Otan партиясының праймериз науқанына ұсынған БАҒДАРЛАМАСЫ

Егемендікке қол жеткізген ширек ғасырдан астам уақытта елімізде аз жұмыстар атқарылған жоқ. Елбасы, Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшігімен Қазақстан дамудың жаңа сатысына көтеріліп, халықтың әл-ауқаты арта түсті. Бұл бағыттағы кешенді жұмыстар жалғасуда.

Бәсекелестік дамыған күрделі кезеңде жұртшылықтың сенімін ақтап, мойынға артылған жүкке жауапкершілікпен қарау – мен үшін аса маңызды. Сондықтан, сайлаушылардың маған артқан сеніміне селкеу түсірмеймін. Депутат деген маңызды мандатқа ие болсам, мынадай бағыттарда жұмыс жасаймын:

  1. Көптеген ауылдарда мектеп, амбулатория мен фельдшерлік пунктердің сапасы сын көтермейді. Апатты жағдайдағы ғимараттар да жоқ емес. Осындай нысандарды жаңартып, ауылдарда жаңа білім ошақтары мен денсаулық сақтау мекемесінің бой көтеруіне атсалысамын. Сонымен қатар, оларды жаңа, заман талабына сай құралдармен жабдықтау менің сайлауалды бағдарламамның негізі.
  2. Халықтың әлеуетін арттыру да мен үшін үлкен міндет болмақ. Жаңа жұмыс орындарын ашып, жұмыссыздықпен күресу жолында барымды саламын. Көпбалалы аналар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының жағдайын жақсартуға атсалысамын.
  3. Цифрландыру мәселесі де күн тәртібінде тұр. Елімізде карантиндік шаралар күшейтілгелі оқушылар қашықтан білім алып, интернет арқылы оқуға мәжбүр болды. Әлі күнге шалғай мекендерде интернет тұрмақ, телефон байланысының өзі өзекті проблемаға айналып отыр. Осы мәселелерді шешу жолында, ауыл тұрғындарының сапалы әрі жылдам интернетке қол жеткізуін қамтамасыз ету бағытында аянбай тер төгемін.
  4. Конфессияаралық татулық – еліміздегі тұрақтылық пен дамудың кепілі. Сондықтан да, 50-ден астам этнос өкілдері тұратын ауданымызда олардың салт-дәстүрін дәріптеуге, ана тілін дамытып, ұлтаралық татулықты сақтау жолында қызмет етемін.
  5. Дамуға бағыт алған елімізді артқа тартатын жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықпен күресуге бар күш-жігерімді саламын. Барлық салалардағы жемқорлық әрекеттеріне жол бермей, жемқорлықтың ел тәуелсіздігіне сызат түсіретіндігін тұрғындар санасына сіңіру жолында еңбек етемін.

Соңғы 15 жылда менің басқаруымдағы «Киікбай» құрылыс компаниясы ауылдағы су тапшылығының мәселесін шешуге атсалысты. Бүгінгі күнге дейін 31 ауылға су құбырын жүргіздік. Заман талабына сай 5 мектеп пен 3 медициналық мекеме, спорт кешендерін салдық. Осы бағыттағы жұмыстар менің бағдарламамның негізі болмақ.

Мен киелі Жетісу жерінде дүниеге келіп, осы жерде өсіп-өндім. Туған өлкемнің шешімін таппай тұрған мәселелері мен түйінді проблемалары маған таныс. Егер маған қолдау білдіріп, дауыс берсеңіздер олардың шешу жолдарын қарастырып, тұрғындардың әлеуеттін арттыруға барымды саламын. Тәуелсіздік тұғырын бекем етіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарту жолында талмай тер төгіп, Қазақстанды бірге көркейтейік.

 

Өмірбаяны

Мен Кунесов Қияс Жапарбекұлы 1965 жылы Еңбекшіқазақ ауданы Тескенсу ауылында дүниеге келдім. 1982 жылы Есік қаласындағы А.Мәлкеев атындағы мектеп-интернатты бітірдім. Сол жылдан бастап еңбекке араласып, Алматы қаласында құрылыс мекемелерінде жұмыс істедім. 1984 жылы әскер қатарына шақырылып, Отан алдындағы борышымды өтедім. 1987 жылы Қазақ Политехникалық институтына түсіп, инженер-гидрогеолог мамандығын алдым. 1992 жылдан 2006 жылға дейін Шамалған станциясындағы астық комбинатында еңбек еттім. 2006 жылдан бастап «Киікбай» ЖШС-ін құрып, бүгінде осы мекеменің бас директоры, құрылтайшысымын. «ҚР құрметті құрылысшысы» атағының иегерімін.

Үйленгенмін, 4 балам бар.

Оқылды 704 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың…
Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет