Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2020 16:24

Осан Жангелді Көшімбайұлының Nur Otan партиясының праймериз науқанына ұсынған бағдарламасы

Уақыт өткен сайын елімізде, өңірлерде туындаған мәселелерді шешуде депутаттардың рөлі артып келеді. Бұл жайында Елбасы, Nur Otan партиясының төрағасы Н.Назарбаев: «...Депутаттар халықтың ортасында болып, елдің мұң-мұқтажын жеткізуге тиіс. Депутаттардың міндеті – әрдайым ел мүддесін қорғау. Осыны ұмытпауымыз керек» – деген еді. Тұңғыш Президентіміз айтқан осы жауапкершілікті сезіне отырып аудандағы әлеуметтік-экономикалық саланың дамуы жолында еңбек етіп келеміз.

Мен, Жангелді Көшімбайұлы, сайлаушыларым сенім білдіріп, жауапкершілік артып, халық қалаулысы атансам, бұл бағыттағы жұмысымыз жалғаса бермек.

  1. Әлеуметтік мәселелер бойынша:

– Оқушылардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына жағдай жасау, ұстаздардың қоғамдағы беделін арттыру, жалақысын көтеру;

Медицина қызметкерлерінің еш алаңсыз тұрғындар саулығы жолында қызмет етуіне жол ашу, ескірген денсаулық сақтау мекемелерінің мәселесін шешу;

Жұмыссыздық мәселесін шешу;

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамдық орындарда еш қиындықсыз жүріп-тұруына жағдай жасау;

Аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту.

  1. Экономикалық өрлеу аясында:

Отандық өнімдер шығаратын жаңа кәсіпорындар ашуға ықпал ету; Шағын және орта бизнес саласындағы қордаланған мәселелерді шешу; Ауылшаруашылығы саласын дамытуға бөлінген субсидия мен қаржылай көмекті кедергісіз алуға жол ашу.

  1. «Цифрлы Қазақстан» жобасын іске асыру мақсатында:

Барлық шалғай елді мекендерді, әсіресе, ондағы мектептерді жоғары жылдамдықты ғаламтор желісімен қамтамасыз ету; Анықтамалар мен мемлекеттік қызмет алудағы тұрғындардың сауаттылығын арттыру; Білім беру мекемелерінде робототехника және ІТ сыныптарының ашылуына ықпал ету, ауыл балаларының компьютерді жетік меңгеруіне жол ашу.

  1. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша:

Елбасының «Туған жер» бағдарламасы, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылдарды көркейту жұмыстарына атсалысу; «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жас мамандарды жұмыспен, тұрғын үймен қамту; Тұрғындардың әлеуетін арттырып, ел экономикасының өркендеуіне жол ашатын басқа да мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асуына атсалысу.

  1. Ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту, мемлекеттік тілді насихаттау бойынша:

– Жергілікті этно-мәдени бірлестіктермен қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға атсалысу; Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын барынша кеңейту мақсатындағы жұмыстарға барынша қолдау көрсету; Жас ұрпаққа ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрімізді дәріптеу жолында еңбек ету.

Менің праймериздік бағдарламамды қолдасаңыздар, маған дауыс беріңіздер. Еліміздің гүлденуі жолындағы, жарқын болашаққа бастайтын бағдарламаларды бірге іске асырайық!

 

Өмірбаяны

Осан Жангелді Көшімбайұлы Еңбекшіқазақ ауданы Жаңашаруа ауылында дүниеге келген. Кәсіпкер, «Шадай батыр» шаруа қожалығының төрағасы. Бүгінде Алматы облыстық мәслихатының депутаты Жангелді Көшімбайұлы «Үздік халық қалаулысы», «Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы» атанған. Жерлестерінің мәселелеріне бей-жай қарамайтын меценат әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға қаржылай, материалдық көмек беруде. Балалардың заман талабына сай білім алуына жағдай жасап, ауылдардың гүлденуіне де өз үлесін қосып жүр.

Оқылды 1248 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет