Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2020 16:08

Ашық әңгіме алаңы

Ашық әңгіме алаңы mezet.kz

Шелек ауылында праймериздің пікірталас додасы өтті. 2 кезеңнен тұрған пікір-сайыста мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидат 8 үміткер бәсекеге түсті. Алғашқы кезеңде бақ сынаушылар өзекті мәселелерді шешуге бағытталған бағдарламаларын таныстырса, екінші бөлімде сұрақ-жауап арқылы ой алмасты.

Жария пікір-сайысқа Еңбекшіқазақ ауданының әкімі "Nur Otan" партиясы аудандық филиал төрағасы Қуанышбек Қалиұлы Қашқымбаев арнайы қатысып: «Праймериз – бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшыларды анықтау. Бізде бүгін 99 үміткер додаға түсуде. Қатысуға ниет білдірген азаматтардың қатарында 23,2%-ы әйелдер, 35 жасқа дейінгі 18,2%-ы жастар, үміткерлердің 45,5%-ы 35 жас пен 50 жасқа дейінгілерді құрап отыр. Үміткерлер қатарын ауыл шаруа-шылығы, білім, денсаулық сақтау саласы, кәсіпкерлер мен ауданымыздың қоғам белсен-ділері, түрлі сала мамандары құрайды. 7 қыркүйектен бастау алған үгіт-насихат жұмыстарын әр кандидат өзінің жеке кестесіне сәйкес партияластарымен әртүрлі форматта 1673 кездесу өткізді. Осы сайлау науқанына белсенділік танытып, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын. Мен де өз даусымды мобильді қосымша арқылы беретін боламын», ‒ дей келе, «Ерлік пен бірлік жеңіске жеткізетінін» атап өтіп, саяси бәйгеде барша қатысушылардың ісіне сәттілік тіледі.

Қарапайым адамдарға беймәлім «праймериз» термині бізге ағылшын тілінен енген. Қазақша баламасы ‒ сайлау, алдын-ала іріктеу дегенді білдіреді. Өркениетті елдерге XIX ғасырда еніп кеткен бұл үрдісті «Nur Otan» партиясы жіті зерттей отырып, қазақ елінің саяси аренасы тәжірибесіне енгізіп, партияішілік іріктеу өткізудің ережелерін бекітіп, сайлауға түсуге ниетті кандидаттарды іріктеуде осы әдісті қолдануға бел буып отыр. Естеріңізге салатын болсақ, осы жылдың 5-маусымында Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев 17 тамыздан 3 қазанға дейінгі аралықта партияішілік таңдау – праймериз өткізу туралы Қаулыға қол қойған болатын.

Дода кандидаттарды ұсыну және тіркеу, кандидаттарды үгітке даярлау, үгіт жұмысы, дауыс беруді өткізу, тізімдерді дайындау секілді бес кезеңнен тұрады.

Пікір-сайыс жиынына аудандық мәслихат хатшысы Б.Ахметов, партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Байғоджаев қатысты.

Сонымен, Қазақстанның саяси тарихында тұңғыш  рет көшбасшы партия тізімі ашық іріктеуден өткен адамдардан құралатын болады. Айта өтейік, праймериз қатысушыларына онлайн дауыс беру 1-3 қазан аралығында өтеді. Осылайша, праймериз мобильді қосымша және арнайы веб-портал арқылы электронды дауыс беру нәтижесімен түйінделетін болады. Ал пікірталас-дебаттар газетіміздің 38-ші санында жарияланған кесте бойынша жалғасуда.

 

Ілия СҰЛТАН

Оқылды 830 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың…
Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет