Сейсенбі, 04 Маусым 2019 09:47

Ұлттық құндылықтар ұлықталды

Ұлттық құндылықтар ұлықталды mezet.kz

Көсіле аққан көлді де, бетегелі белді де, қойнауы құт тауды да, бақша менен бауды да кие тұтқан қазақ баласы емеспіз бе? Шыңына қарап шыңдалып, көліне қарап көсілетін, бұлағынан сыр бағып, дархандай көңілімен алдына келсе атаңның құнын да кешіретін алаш арыстарының қаны бар бізде. Күңіреніп күн түбіне жортқан Көктүріктің, малдарынан Ар Заңын артық қойған асылдардың Ары бар бізде. Тасқа түскен таңбасы, алтынға толы арнасы, домбырасы төрінде, Бәйтерегі тіреп көгіңде, қасиет бар киіз үйіңде, бұл менің жеті кереметім! – дұшпандар сүйін мейлі сүйінбе!Құмай тазы, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, қақпан мен өткір кездік – бұл менің жеті қазынам! Домбыра шертер, желқобыз, адырна үнінен бойыма біткен саз ұғам. Міне, бұл менің ұлттық мұра, асыл қазынам! Жеті сарқыраманың жиегінде, «Батан» демалыс орнында өткізілген «Мәдени мұра – асыл қазына» тақырыбында өткен іс-шараның маңыздылығы да осында: ата-дәстүрлерімізді дәріптеу арқылы рухани кемелдену.

«Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек». Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында дәл осылай деген еді. Рас, ұлттық бітім-болмысымызды ұлықтай-тын сәт туды. Осы ретте келелі іс-шарада аудандық дене шы-нықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабеков, «Мәңгілік Ел тұғыры» қоғамдық қорының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Қайнар Жұмағожа және Ұста Дәркембай атындағы қолөнер мұражайының директоры Дәулет Шоқпаров сөз сөйледі. Ерболат Сарабекұлы барша жиылған қауымға іс-шараның маңыздылығын атап берсе, Қайнар Жұмағожаұлы туған жеріңді құрметтеу, туған өлкеңді танудан басталатынын баса айтты. – Шынында, біртұтас халық тарихын игеру ең әуелі туған өлкесін танудан басталады. Қайрақты мен Аюлы сарқырамасы арқылы әлемге аты танылған қазыналы Түрген шатқалы да тарихқа бай. Қына үстіне мекендеген Шыңтүрген шыршалары да талайды тәнті етті. Табиғи қалпын сақтаған осынау өңірде бас қосып отырғанымыздың өзі асыл қазыналарымызды құрметтеуге үндесе керек. Алтын адам қойнауында, төрт түлігі Асыдайын жайлауында, табиғаты көз тартарлық, 54 ұлыс өкілі бір-біріне туыс-бауыр байламында бұл – Еңбекшіқазақ ауданы. Ендеше, біздің құндылық, киелі жеріміз, көгорай белі-міз, ынтымақты еліміз, елін ойлаған еріміз! Лайым осынау ұлттық құндылықтарымыз, мәдени мұраларымыз мәңгі болсын! – деді.

Ал Дәулет Дәркембайұлы атқа міну мәдениеті туралы кеңінен сөз қозғады. «Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының  тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді» – деген еді Елбасымыз өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында. Шындығында, ердің сенімді серігі, сауса саумал, сойса ет, мінсе көлік болған жылқыны үйрету ұлы даланың ұлттық коды. Ал қазақтың ат әбзелдеріне ер, тоқым, өмілдірік, құйысқан үзеңгі, айыл,   пыстан, жүген, ноқта, көпшік шылбыр, қамшы және тағы басқа жатады. Сондай-ақ, аттың айылы ердің қаңқасына тағылатын, көбіне қайыстан жасалған ат арқасына ерді берік бекітетін жабдықтар айыл-тұрман тобын құрайды. Айыл-тұрман жасалу ерекшелігіне қарай қайыстан жасалған өрмелі, берік матадан жасалған ызбалы сияқты түрлерге бөлінеді. Ат әбзелдерінің түрлерінің сан алуандығы ертедегі қазақтардың әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық жағдайымен тікелей байланысты болды. Ауқатты байлар, ел басқарған хандар, сұлтандар мен билер ат әбзелдерінің түрлі асыл тастар мен бағалы металдармен әшекейлеп жасаған қымбат түрлерін қолданды, – деп жан-жақты тоқталды.

Шара барысында ұлттық спорт түрлерінен де жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды. – Өздеріңіз байқап отырғандай, ат әбзелдерін, ауданымыздан табылған Алтын адамның әшекей бұйымдарын, ұлттық сусындарымызды көрмеге қойып, барша келушілерге және туристерге таныс-тырудамыз.Сондай-ақ, тұмса табиғаты бар ауданымыздың табиғи байлықтарын да көрсетуге ынталандық. Мұның бәрі келешек үшін көздің қарашығындай қорғалуы тиіс мәдени мұраларымыз – дейді аудандық рухани жаңғыру орталығының маманы Динара Қоқанова.

 

Өз тілшіміз.

Оқылды 1217 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың…
Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет