Бейсенбі, 11 Қазан 2018 11:53

Рухани керуен Шелек жерінде

Елбасы Н.Назарбаевтың өткен жылы жарялан-ған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы халқымыздың рухани дамуына жаңа серпін беріп, дамыған отыздықтың қатарынан табылуда бізге бағыт-бағдар болып келеді. Мақала аясында еліміздің түпкір-түпкірінде тағылымды шаралар ұйымдастырылып, рухани-мәдени жұмыстар іске асырылуда. Осы орайда, Алматы облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани керуен» жолға шығып, өткен аптада ауданымызға табан тіреді. Барлық аудан мен қалаларды аралап жүрген керуен Шелек ауылына тоқтады.

Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының өкілдері, теологтар, өнерпаздар, журналистер мен зиялы қауымынан құрылған керуен бір күн бойы Шелек ауылында жиын, концерт өткізіп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бір күн бойы өткізілген шаралардың шымылдығы ауылдық мәдениет үйінде түрілді. Партия мүшелері, әкімдік қызметкерлері, ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі, үкіметтік емес ұйым өкілдері, этно-мәдени бірлестік жетекшілері, білім, денсаулық сақтау мекемелерінің қыз-меткерлері және жастармен кездесуге облыстық дін істері басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мәдениеттану және дінтану кафедрасының доценті, философия ғылымдарының докторы Бағдат Бейсенов қатысып, жиынды «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев жүргізді.

– Елбасы өзінің бағдарламалық мақаласында «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын» – деген болатын. Президентіміздің бұл сөзі әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, тәуелсіз мемлекет болу арманының ақиқатқа айналғанын атап айтумен қатар, ұлы мақсатқа жетелейтін идеяны – Мәңгілік Ел идеясын жариялады. Мұндағы басты құндылықтардың бірі – жоғары руханият болып табылады – дей келе алғашқы сөздің тізгінін Рахмет Есдәулетовке ұсынды.

Дінге заңнамалық тұрғыдан түсінік беріп, Рухани керуеннің негізгі мақсат міндеттерін атап өткен Рахмет Разбекұлы дін мен қоғам тақырыбында әңгіме өрбітті:

– «Сана сауықпай, адам сауықпайды. Адам сауықпай, қоғам сауықпайды» – деп, ғұлама әл-Фараби айтқандай, қоғамды ұстап тұрған екі нәрсе бар. Бірі, жоғары руханият болса, екіншісі, білімді ұрпақ. Осы аталған құндылықтардың барлығы Елбасының бағдарламалық мақаласында өз орнын тауып отыр. Біз бүгінгі күні Қазақстанда адамгершілік қағидатын биік ұстанатын, діннің асыл құндылықтарын әспеттейтін үлкен ұғымға мән беріп отырмыз. Сәйкесінше, осы дін саласындағы мәселелерді реттейтін заңдар да өмірге келуде – деген басқарма басшысы бүгінгі таңдағы діни ағымдардың қайдан келгендігін айтып өтті. Сөзіне сүйенсек, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мемлекетімізде көп нәрсеге еркіндік берілді. Салдарынан, діннің түрлі ағымдары ортамызға еніп, санамызды улай бастады. Алайда, қазір сол кезде орын алған олқылықтардың орны толып, заң жүзінде олармен күрес жүргізілуде. Бүгінгі таңда, елімізде            республика деңгейінде 18 конфессия ресми тіркеуде тұр. Оның 12-сі Алматы облысында қызметін атқаруда. Осыны айтқан Рахмет Есдәулетов ауданымыздың облыста ғана емес, республикадағы орны ерекше екендігін атап өтті. Еңбекшіқазақ ауданы – тұрғындар саны жағынан еліміздегі бірнеше облыстармен иық тірестіріп, діни бірлестік жағынан кейбірінен асып түседі. Осыдан екі жыл бұрын теракт орын алған Ақтөбе облысында небәрі 64 мешіт бар. Тура сондай 64 мешіт біздің ауданымызда жамағатқа қызмет етуде. Бұл – облыс, аудан жұртшылығының діни мәселелерге бей-жай қарамай, құрмет көрсететіндігінің айғағы. Келесі болып сөз тізгінін алған Ғалиасқар Сарыбаев еліміздің жаңғыру барысында жеткен жетістіктерге тоқталып өтті:

– Тәуелсіздік жылдарында біз жаңғыру-дың үш кезеңінен өттік. Біріншісі, егемендік алғаннан 1996 жылға дейінгі кезең. Екіншісі 1996-2016 жылдар. 2016 жылдан рухани жаңғыруға бет бұрдық. Осы жылдар ішінде Қазақстан республикасында 1900 мектеп, 1300 денсаулық сақтау мекемелері, 1300 балабақша 100 млн шаршы метр тұрғын үй, 100 мың жұмыс орындары ашылды. Ұлттық қорымыз 61 млрд АҚШ долларына жетті. Халықаралық қор резерві 90,8 млрд АҚШ долларын құраса, алтын қоры 25,8 млрд доллар болды. Жер қойнауында 25 млрд тонна мұнай бар. Дүние жүзіндегі газ қорынан бірінші орында тұрмыз. Әлемдегі уранның 25 пайызы Қазақстанда шығары-лады. Сонымен қатар, 164 млрд тонна көміріміз бар. Осыншама байлықтың иегері – бүгінгі жастарымыз. Сондықтан, қазақстандық жастар таза жүріп, соңғы модельдегі технологияны қолданып, ең мықты оқу орындарында оқуы тиіс. Осыларға қол жеткізу үшін сананы өзгертуіміз керек. Онсыз біз ештеңеге қол жеткізе алмаймыз – деген Ғалиасқар Төлендіұлы жиылған көпшілікке сананы жаңғыртуда, қоғамды түзеуде керекті негізгі қағидаларды атап өтті.

– Жан дүниені жақсартатын жеті жайт бар: әкімдердің шапағаты, ғұлама-лардың шариғаты, байлардың салауаты, кедейлердің қанағаты, үлкендердің ұлағаты, жастардың инабаты, азамат-тың ар-ұяты. Жүйені тоздыратын және желіктіретін жеті нәрсе бар:еңбексіз жеген нан, некесіз болған жан, боямалы тән, нашадан бұзылған қан, темекінің түтіні, арақтың жұтымы, ақшалы ойынның ұтымы. Балалар осыдан аулақ болуы керек...

Ғалиасқар Сарыбаев ел боламын десек, ұлағатты ұстаздарымыздың мәртебе-сін көтеруіміз керектігін алға тартты.

– Балаларымыз бұзықтық жасаса, ата-ана ертесіне мектепке барып, мұғалімге ұрсып, бар кінәні соған артып қояды. Дамыған және дамушы мемлекеттердің басым көпшілігінде орта білім алу ақылы. Яғни, баланы мектепке оқыту үшін ақша төлейді. Сол елдерде мұғалімді бірінші орынға қойып, құрметтейді. Бізде барлығы тегін, соның қадірін біліп, ұлағат иелерін құрмет тұтуымыз керек. Оқушылардың көзінше ата-анадан ұрыс естіген мұғалімді балалар да сыйламайды, тыңдамайды. Ал осындай тәрбие көріп өскен бала ертең ел тізгінін қалай ұстамақ? Оларды мектеп қабырғасынан еңбек етуге үйретуіміз керек. Біздің аталарымыз 4 сыныптан, біз 9 сыныптан ауылшаруашылыққа қолғабыс еттік. Ал қазіргі балаларымыз қоқыс шығаруға ерінеді. Неге балалар шашып, бүлдірген нәрсені жинамауы керек? Неге өзі сызған партаны жумауы керек? Бұл дұрыс емес. Осы бастан жастарымыз дұрыс өмір сүруге үйренуі тиіс – деп, бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселенің басын ашып берді.

Бағдат Бейсенов дін туралы заңға енген өзгерістер мен толықтырулардан көпшілікті хабардар етті:

– Біздің мемлекетіміздің басты бай-лығы, басты құндылығы – адамның өмірі мен денсаулығы. Қазіргі таңда еліміз дін саласына, соның ішінде, әрбір халықтың дәстүрі, мәдениеті мен діни руханиятына ерекше көңіл аударып отыр. Бүгінде 18 конфессияға тиесілі 3751 діни бірлестік бар. Дін саласын қадағалайтын және реттейтін «Діни қызмет және діни бірлестік туралы заңымыз» Сенаттың талқылауында болып, жаз айында өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Соған сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер белгілі бір діни бірлестіктің мүшесі немесе жетекшісі болмайды. Себебі, кейбір басшылар өзінің діни ұстанымын қол астындағыларға үгіттейтін фактілер болуы мүмкін. Діни уағызбен арнайы рұқсаты бар дін қызметкерлері ғана айналысады.

Өздерінің баяндамаларын оқыған қонақтарға жиылған көпшілік сұрақтарын қойып, көкейде жүрген мәселелерімен бөлісті. Жиын соңы облыстық және аудандық дәстүрлі әншілердің концерттік бағдарламасына ұласты.

Сонымен қатар, сол күні №1 Шелек орта мектебінде «Рухани жаңғыру: ұлт келбеті – жастарға бағыт» тақырыбында маргиналды жастармен кездесу өтті. Қазіргі уақытта өзекті проблема болып отырған екпе мен қан құюдан бас тарып жүрген азаматтармен жүздесу Шелек ауылдық емханасында ұйымдасты-рылды. Абай атындағы орта мектепте «Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты» атты ардагерлер және қоғамдық ұйымдар өкілдерімен кездесу болды. Шелек ауылдық округі бойынша деструктивті діни ағым ықпалына түскен азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, теолог мамандар құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесті. Мешітте діни бірлестік жетекшілерімен сұхбаттасып, шағын футболдан жарыс өткізілді.

 

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 1448 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Шебердің сыйы Рухани керуен Шелек жерінде »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…
Сәу 15, 2024

Жанаргуль НИЕТАЛИЕВА,…

Тургенский филиал Иле-Алатауского ГНПП такие акции с участием школ Тургенского сельского…
Сәу 15, 2024

Алматы облыс әкімі Марат…

Облыстағы аталған бағыт аясында Жамбыл ауданындағы «Жамбыл Жабаев» мұражайы, «Таңбалы»…
Сәу 11, 2024

Аманаттықтар көмек қолын созуда

Алматы облысында су тасқыны болған өңірлерге көмек жинау қызу жүріп жатыр. Игі бастамаға…
Сәу 04, 2024

Ұлт саулығына төнген қатер

Денсаулық – бірінші байлық. Сондықтан саламатты өмір салтын ұстанып, деннің сау болуына…
Сәу 04, 2024

Әлеуетті мекеннің өрісі кең

Ауданымыз жер көлемі мен ел көлемі бойынша алдыңғы қатарда екені белгілі. Соған сай…
Сәу 04, 2024

Сатираның сардары

«Адамгершілігі жоқ қоғамның сатиригі хайуандар туралы мысал жазады. Уот тәк!» – деп…
Нау 29, 2024

Көктерек қашан «ауыл» болады?

Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…
Нау 29, 2024

Аудан әкімі тағайындалды

Кеше аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХІХ сессиясында аудан әкімі лауазымынаТалғат…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет