Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2019 15:40

2019 жыл: ТОҚАЕВТЫҢ басты 10 ісі

 

Үстіміздегі жыл Қазақстан үшін тағдыршешті, ақиқат кезеңі болды. Алғаш рет отандық саяси тәжірибеде билік транзиті өткізілді - бұл ұлттық күн тәртібіндегі басты және жауапты мәселе. Осы кезеңнің қорытындысы еліміздегі президенттік сайлау болды, нәтижесінде қоғамдық сенім мандатын Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіп алды. Осылайша, ол заңды Мемлекет басшысы ғана емес, сонымен қатар халықтың сенім мандатына ие болды. Сондай-ақ жоғарғы биліктің ауысуы бойынша алғашқы тәжірибе Президент Қ. Тоқаевтың қызметіне жеке назар аударуды күшейтеді. Бұл заңдылық болып табылады, өйткені елдің келесі даму траекториясы қаланатын маңызды тарихи кезең өткеріліп жатыр. Бұл тұрғыдан алғанда Президент Қ. Тоқаевтың қызметі оптимизм ұялатады. Қысқа мерзім ішінде ол жақсыістердің үлкен қорын жинақтады. Президент Тоқаевтың жарты жылдық қызметін түйіндей келе, біз басты 10 істің тізімін жасадық.

1. Президент Қ.Тоқаев биліктің жұмсақ және ауыртпалықсыз өтуін қамтамасыз етті, бұл билік транзитінің басты шарты болып табылады. Бір жағынан, ол ағымдағы мемлекеттік бағытты іске асыруды жалғастыруда. Екінші жағынан, эволюциялық дамуды қамтамасыз ете отырып, жаңа серпін әкелді. Нұрсұлтан Назарбаев, жалпыұлттық көшбасшы ретінде, Президент Қ. Тоқаевты әрдайым қолдап отырады. Манилулятивтік технология болып табылатын қос билік туралыбелсенді талқыланып жүрген мәселелерге қарамастан, билік тұтастығы мен бірлігін сақтап келеді. Биліктің сабақтастығын қамтамасыз ете отырып, Қ. Тоқаев қоғаммен диалогқа, пікірлер плюрализміне және көзқарастың әралуандығына негізделген мемлекеттік дамудың жаңа бағытын қалауда.

 2. АҚЫЛДЫ ҚАДАМДАРМЕН НАРАЗЫЛЫҚТЫ ТОҚТАТТЫ

2019 жылы наразылық тренді өз жалғасын тапты, бұл жалпы әлемдік трендтердің салдары мен саяси және экономикалық процестерді де синхрондау керінісі болды. Белгілі бір мағынада біз жол айырығына келдік, өйткені биліктің рефлексиясына әрі қарай даму барысы тәуелді болды. Президент Қ. Тоқаев «бұрандаларды тарту» сияқты қарапайым әрекет ету моделінен бас тартып, «екпінді басуға» ойысты. Жаңа ішкі саяси парадигмалар жарияланды: «әр алуан пікір - біртұтас ұлт» және «елдің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес», «Күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет». Биліктің саяси лексиконы өзгерді, Оған «баламалық», «плюрализм», «біртіндеп саяси трансформациялау» сияқты ұғымдар енді. Мемлекет интернетті бұғаттау, митингтерді күшпен тарату тәжірибесінен бас тартып, қалаларда санкцияланған митингтер өткізуге жол берді. Бұл қадамдар айкида күресінің тәсілдеріне ұқсас екенін айта кетуге болады, биліктің әлсіз тұстары қысқа уақыт ішінде оның күшіне айналғандай болды. Толыққанды диалог пен төзімділік қатынасқа негізделген ақылға қонымдыкүш, елдің саяси кеңістігінің жаңа трендіне айналды.

3. ЖАҢА САЯСИ СТАНДАРТТАР БЕЛГІЛЕДІ

Президент Тоқаев әрқашан өзекті оқиғалардың ортасында болды. Ол оқ-дәрілер қоймасының жарылысы болған Арыс қаласына алғашқы тәуліктерде ақ барды. Қазақстандықтардыспорт, мәдениет, ғылымдағы жетістіктерімен мүлтіксіз: құттықтап отырды. Ол түрлі әлеуметтік топтардың өкілдерімен белсенді кездесулер өткізді. Әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы бола отырып, Мемлекет басшысыелімізде болған қандай да бір өзекті оқиғаларға жедел баға берді.Сонымен қатар,ол резонанстық істер бойынша (алматылық дәрігерлердің ісі, Баяндарованың ісі және т.б.) пікірін білдіріп отырды. Сондай-ақ, ресми іс-шаралардың форматыөзгеруде, олар неғұрлым жариялыболып келеді. Осының барлығы саяси мәдениет тұрғысынан өте маңыздықадамдар, олар басқару истеблишмент мінез-құлық моделінің жаңа стандарттарын қалыптастырып, билеуші элитаның деңгейін арттырады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты жарияланды, бюрократиялық кедергілер жойылуда және азаматтардың уәкілетті органдарға тікелей сұрақ қою және оларды толғандыратын проблемалардың барлық аспектілері бойынша жылдам жауап алу мүмкіндігі жолға қойылды.

4. АЗАМАТТАРДЫҢ НЕГІЗ ҚАЛАУШЫ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫ КҮШЕЙТТІ

Президент Тоқаев сексуалдық зорлық-зомбылық, мал ұрлығы, есірткі тарату, мас күйде көлік жүргізу, браконьерлік және қорықшылардың өміріне қол сұғушылық үшін қылмыстық жауапкершілікті қатаңдатуды көздейтін шаралардың тұтас кешенін белгіледі. Халыққа Жолдауында Қ. Тоқаев есірткінің заңсыз айналымы, зорлау, адам саудасы, браконьерлік және т.б. қылмыстар үшін жазаны қатаңдатудыталап етті. Ел Президентінің талабы бойынша Парламент Мәжілісі осы бағыттарда бірқатар маңыздытузетулер қабылдады. Бұл қылмыстар аса ауыр болып есептеліп, қатаң және аяусыз жазаланатын болады. Есірткіні заңсыз дайындау және әткізу 15 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады. Зорлау мерзімі 8 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына ұзартылды. Адам саудасымен айналысқандар 7-12 жылға дейін жазаланады. Көптеген сарапшылардың пікірінше, бұл дұрыс және қажетті шаралар.

5. МЕМЛЕКЕТПК АППАРАТТЫҢ БАСҚАРЫЛУЫН САҚТАП ҚАЛДЫ

Диалог пен демократияландыру үрдістеріне қарамастан, Президент Қ. Тоқаев мемлекеттік аппараттың басқарылуы мен оның орындаушылық тәртібін сақтап қалды. Мемлекет басшысының барлық негізгі ұстанымдары мен бастамалары іске асырылуда: «әуе жолдары ашылды», несиелік рақымшылық жасалды, қысқа мерзімде Арыс қаласы қалпына келтірілді (қайта салынды). Резонанстық жағдайлар бойынша Тараз қаласының әкімі қызметінен босатылды, Қорғаныс министрлігінің басшылығы жазаланды, LRT-Astana жобасы бойынша қылмыстық тергеу жанданды.

6. ЕЛДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПОЗИЦИЯЛАРЫН НЫҒАЙТТЫ

Қ. Тоқаев президент сайлауындағы жеңісі арқылы билік транзитінің халықаралық заңдылығын қамтамасыз етті. Барлық негізгі геосаяси орталықтар Тоқаевтың жеңісін мойындап, елдің тұрақты және орнықты дамуына қызығушылық танытты. Қызметке кіріскен Президент Қ. Тоқаев елдің сыртқы саяси бағытын растады. Мемлекет басшысыелдің негізгі геосаяси орталықтары мен стратегиялық серіктестері - Қытай, Ресей, ЕО, БҰҰ, Орталық Азия елдері басшыларымен кездесті. Ол 6 шетелдік сапарға шығып (Ресей, Термания, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан), Қазақстанға сапарлап келген 135 шетелдік көшбасшылар мен делегация жетекшілерімен кездесті, 9 түрлі халықаралық форумдар мен саммитерге ШЫҰ, АӨСІПК, БАЭЗО, БҰҰ, ТМД, ҰҚШҰ және т.б) қатысты, шетелдік көшбасшылармен телефон арқылы 28 келіссөз жүргізді. Жалпыалғанда, ол басқа мемлекет және үкімет басшыларымен, халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен, шетелдік саяси қайраткерлермен, бизнес-компаниялар басшыларымен, елшілермен және т.б. тұлғалармен 70-тен астам кездесулер мен келіссөздер өткізді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысыелшілер корпусына кадрлық ротация жасай отырып, сыртқы саяси ведомствоның жұмысын күшейтті.

7. ӘЛЕУМЕТТІК БӘСЕҢДЕТУ ЖҮРГІЗДІ

Президент Қ.Тоқаев халықтың жекелеген топтарының, сондай-ақ жалпы қоғамның әлеуметтік көңіл-күйін арттыруға бағытталған шаралар кешенін өткізді. Әлеуметтік бәсеңдету жүргізуге мүмкіндік берген Президенттік күн тәртібінің тек бірнеше негізгі позициясына тоқтала кетсек. Біріншіден, несиелік рақымшылық. Оның қолданушысы көп балалы аналар, мүгедек балалары бар отбасылар, жетім балалар, асыраушысынан айырылған отбасылар,барлығы - 500 мыңнан астам адам болды. Бұл ретте табысыең төменгі күнкеріс деңгейінен төмен азаматтарға несие беруге тыйым салынды. Екіншіден, Президент Тоқаев ұлттық табиғи парктің аттас шатқалында тау шаңғысы курортының құрылысын көздейтін «Көкжайлау» жабасымен айналысуға тыйым салды. Осылайша Мемлекет басшысы қоғамдық және қалалық билік арасындағысегіз жылдық пікірталасқа нүкте қойды. Үшіншіден, келесі жылдан бастап студенттік шәкіртақы, бюджеттегілер - педагогтар, азаматтық қорғау органдары мен құқық қорғау саласы қызметкерлерінің еңбекақысыартады. Көптеген мемлекеттік шешімдер халықтың басым көпшілігінің игілігі мен мүддесі үшін қабылдануда, бұл Қ. Тоқаев бағдарын халықтық қолдаудың іргетасын нығайтады.

8. МЕМЛЕКЕТКЕ СЕНІМДІ АРТТЫРДЫ

Президент Қ. Тоқаевтың қызметіндегі маңызды бағыт мемлекетке деген сенім мен мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру болды. Бұл қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенім радиусы қауіпті мәндерге дейін төмендеп, коммуникация және кері байланыс арналары қысқаруына байланысты болды. Аталған проблемаларды еңсеру үшін Президент Қ. Тоқаев Мемлекеттік басқарудың басты философиясына айналған «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жариялады. Біріншіден, президенттік сайт негізінде Мемлекет басшысының виртуалды қабылдауы ашылды, Президент Әкімшілігінің құрылымында Мемлекет басшысының көмекшісі басқаратын халықтың өтініштерімен жұмыс жөніндегі бөлім құрылды. Екіншіден,президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу жұмыстары жүргізілуде. Үшіншіден, квазимемлекеттік сектор субьектілерін құруға мораторий енгізілді, сондай-ақ ұлттық компаниялар санын және имидждік іс-шараларға арналған шығындарды қысқартуға нұсқау берілді. Төртіншіден, әкімдер мен министрлер әлеуметтік желілер ге келді, сол арқылы мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен қолжетімділік индексі айтарлықтай өсті. Бесіншіден, мемлекеттік саясаттың дербес бағыттарына Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресагенттігі бөлінді, Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік құрылды. Алтыншыдан, қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлық үшін жауапқа тартылған жағдайда, мемлекеттік орган басшыларының, оның ішінде министрлер мен әкімдердің жеке жауапкершілігі енгізілді.

9. ҰЛТТЫҚ ДИАЛОГ ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

Президенттік күн тәртібіндегі басты тармақтардың бірі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі болды. Аталмыш диалог алаңын құру оның сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтарының бірі болатын. Президент өзінің ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде Ұлттық кеңес құру мақсатын растады. Бұл ретте Ұлттық кеңес құру туралы Жарлық Президент Тоқаевтың алғашқы саяси шешімдерінің бірі болды. 6 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда Ұлттық Кеңестің бірінші отырысы өтті, оның жұмысына Президент Қ. Тоқаев қатысып, ішкі саяси күн тәртібінің басымдықтарын тұжырымдады.Ұлттық кеңеске 44 адам және үш омбудсмен (балалар құқықтары, адам құқықтары және бизнес құқықтары бойынша) енді, ал төрағасы Президенттің өзі болып табылады. Ұлттық Кеңестің жұмысысаяси, әлеуметтік және экономикалық бағыттар бойыншажүргізіледі.

10. ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯНЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

Президент Тоқаев ұлттық идеологияны іске асыруда жаңа екпіндерді айқындады. Атап айтқанда, келесі жылы әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абайдың 175 жылдығы және Алтын Орданың 750 жылдығы мемлекеттік деңгейде өтетін болады. Семей қаласының әуежайы Абай құрметіне аталды, ал Атырау әуе айлағына Екінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақ ұшқышы Хиуаз Доспанованың есімі беріледі. Сонымен қатар, Отанға оралған отандастарға қатысты Мемлекет басшысы «оралман» сөзінен бас тартуды тапсырып, "қандас" терминінін ұсынды.


Дереккөз: https://www.inform.kz/kz

Read 455 times

Күнтiзбе

« Тамыз 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет