Қалмұханбет Қасымов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды. Қалмұханбет Қасымов 1957 жылы 18 мамырда Алматы облысында дүниеге келген. 1979 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Еңбек жолы: 1979-2005 жылдары ішкі істер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде қызмет атқарған (Алматы қ., Астана қ. және Алматы облысы). 2005-2009 жылдары – Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі, бірінші вице-министрі. 2009-2011 жылдары – Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті бастығы. 2011-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі. 2019 жылғы 12 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды. «Даңқ» орденінің кавалері. Полиция генерал-полковнигі. Айта кетейік,…
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Орталық сайлау комиссиясының жаңа мүшесі бекітілді. Атап айтқанда, Ерлан Сламханұлы Дауылбаев ҚР ОСК мүшесі қызметіне тағайындалды. «Ерлан Сламханұлы көп жылдар бойы әділет саласында жұмыс істеді. Орталық сайлау комиссиясы жүйесінде де қызме етті. Соңғы уақытта Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы болды», - деді Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин. Өз кезегінде Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті төрағасы Нұрлан Әбдіров қызметтерін атқарған кезде Е. Дауылбаев өзінің жоғары біліктілігі бар заңгер ретінде көрсете алғанын атап өтті. Дереккөз: https://www.inform.kz/kz
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың бұйрығымен Алмабек Марс Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР АШМ Баспасөз қызметінен мәлім етті. Марс Алмабек Марсұлы 1976 жылы 11 тамызда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Батыс Қазақстан аграрлық университетін, Еуразия академиясын бітірген. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы. Ол ҚР АШМ Батыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының жетекші маманы, өсімдіктер карантині жөніндегі бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы болып еңбек еткен. ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы өсімдіктер карантині жөніндегі және шекара бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бастығы, ҚР АШМ АӨК МИК Фитосанитариялық қауіпсіздік, мемлекеттік техникалық инспекция және егіншіліктегі…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады. Кездесу барысында жаңа судьяларды іріктеу, конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен кадрларды ілгерілету ісін объективті жүргізу мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2019 жылы заңсыз шешім қабылдаған, сот әдебін бұзған, аттестациядан өтпеген 37 судьяның теріс іс-әрекеттері үшін жұмыстан шығарылғаны туралы ақпарат берілді. Бірқатар соттың тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны жайында айтылды. Жақып Асанов Қазақстан Президентіне сот шешімдерінің сапасын арттыруға бағытталған шаралар жөнінде мәлімет берді. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен Қазақстан халқына арналған Жолдауда айтылған міндеттерді орындау жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Президенттің пікірінше, мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы құқықтық дауларды…
Мәслихаттың 25 жылдығына орай салтанатты жиын өтті аудан әкімдігінің мәжіліс залында. Оған аудан басшысы Бинәлі Ысқақ бастаған мемлекеттік қызметшілер, аудандық мәслихат депутаттары мен алғашқы шақырылымдарында депутат болған еңбек ардагерлері қатысты. Жиынды аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов ашып, жүргізіп отырды. Ашылуында алғаш сөз ал-ған аудан басшысы Бинәлі Әбдіқапас-ұлы мәслихаттың қоғамдағы рөлін айшықтап айтты. – 1994 жылы 7 наурызда Қазақстан Республикасының бірінші шақыры-лым депутат-тарының сайлауы болды. Содан бері халық пен билік арасын жалғап, елдік мүддені мүлт жібермей қорғап жүрген мәслихат депутаттары ширек ғасыр ішінде «халық қалаулысы» деген мәртебелі атаққа ие болды.Мәслихаттар – жергілікті тұрғындар ойын, қалауын білдіруші әрі өз құзіреті шегінде жеке…
Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2019 15:40

2019 жыл: ТОҚАЕВТЫҢ басты 10 ісі

Үстіміздегі жыл Қазақстан үшін тағдыршешті, ақиқат кезеңі болды. Алғаш рет отандық саяси тәжірибеде билік транзиті өткізілді - бұл ұлттық күн тәртібіндегі басты және жауапты мәселе. Осы кезеңнің қорытындысы еліміздегі президенттік сайлау болды, нәтижесінде қоғамдық сенім мандатын Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіп алды. Осылайша, ол заңды Мемлекет басшысы ғана емес, сонымен қатар халықтың сенім мандатына ие болды. Сондай-ақ жоғарғы биліктің ауысуы бойынша алғашқы тәжірибе Президент Қ. Тоқаевтың қызметіне жеке назар аударуды күшейтеді. Бұл заңдылық болып табылады, өйткені елдің келесі даму траекториясы қаланатын маңызды тарихи кезең өткеріліп жатыр. Бұл тұрғыдан алғанда Президент Қ. Тоқаевтың қызметі оптимизм ұялатады. Қысқа мерзім ішінде ол жақсыістердің үлкен қорын…
Елмен етене, әлеуметпен әріптесе еңбек еткен мәслихаттың құрылғанына - биыл 25 жыл. Ширек ғасыр шеңберінде ел Тәуелсіздігінің тұғырын берік ету мақсатында табан етін тіліп төккен тердің бүгін жемісі көрінуде. Әйткенмен, аз-кем тарих парақтарын сапырмауға болмас. 1994 жылдың 28 наурызында Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттарының бірінші сессиясы өтті. Аудандық мәслихат хатшысы болып көп жылдар бойы өкілді және атқарушы органдарда қызмет еткен, тәжірибесі толысқан, халық арасында құрмет-беделге ие азамат – Әділбай Талқамбаев сайланып, бес шақырылымда да аталған қызметте сәтті еңбек етті. Осылай, 1993 жылдың 10 желтоқсанында республиканың Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқару органдары туралы» Заң қабылдады, ол жергілікті мемлекеттік органдардың…
Сәрсенбі, 30 Қазан 2019 11:56

ҚАЗАҚ ЖЫЛҚЫСЫНЫҢ ҚИЛЫ ТАРИХЫ

Еуразия континентін дүр сілкіндіріп, адамзат тарихының өзгеше өрбуіне ерекше әсер еткен көшпенділер даңқы ежелгі дәуірлер қойнауынан жаңғырып жеткендей. Әсіресе сахараны шаңдата жүйткіген тұлпарларының тұяқ дүбірі құлағыңнан кетпейді. Иә, сәйгүліктер сол даңқты бабаларымыздың айырылмас серігі болатын. Жылқы малы мінсе көлігі, жесе тамағы, ішсе сусыны, кисе киімі ретінде халық тіршілігі мен ел экономикасының да негізі еді. Көшпенділерді жылқысыз елестету садақты жебесіз атқанмен бірдей екені түсінікті. Жылқы тек төрт түліктің бірі ретінде ғана емес, көшпенділер тіршілігінің тірегіне айналған соң, оның салт-дәстүрі мен өмірлік философиясынан көрініс таппауы мүмкін емес. Бүгінде ғылым мен техниканың дәуірі жүріп, жылқының маңызы бұрынғыдай болмаса да, жылқы десе ішкен асымызды…
«Үдере көшкен – уығын сындырады, жұмыла жұмыс істеген – жұмысын тындырады» демекші, отыз жылға жуық уақыт бұрын бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалып, халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялағаннан бергі кезеңде еліміз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығының және бір шаңырақтың астына жұмылдырған баянды бірлігіміздің арқасында егемендігімізді нығайтып, жүз жылда жүзеге асатын істерді атқарып, әлемдегі ең дамыған елу елдің қатарына қосылды. Дегенмен, мемлекет қол жеткізген жетістіктермен шектелмеуі, ол әрқашан дамудың жаңа мүмкіндіктерін іздеуде болуы тиіс. Себебі, ХХІ ғасыр – адамзат қауымы үшін жаңарулар заманы. Сондықтан, бұл ұлы өзгерістер үдерісі мемлекетіміздің де даму жолын анықтауда. Халық нақылында айтылғандай: «Мақсат –…
Сейсенбі, 29 Қазан 2019 16:02

Қыз қуу

Ай нұрлы ару қара көзі мөлдіреп Ал, жігітім, ұғысар сәт келді деп, Ақ боз атын ағындата жөнелді, Ақ үкісі ерке желмен желбіреп. Уа, сәт тағдыр жүректерді жалғасын, Деді жігіт ұзамады алға тым. Таяқ жесем өз обалым өзіме, Дегендей-ақ тоса берді арқасын. Қос жүректі неге жөнсіз қинайды, Махаббатын үнсіз неге сыйлайды. Деп қыз енді қамшыменен құлаштап, Соқса дағы көңіл шіркін қимайды. Сүйген жүрек әлде лүпіл қақты ма, Әлде қыздың қамшысы шын батты ма, Қайран жігіт тістенеді жал құшып, Әлде намыс бетке бояу жақты ма. Жас жігітті ат жалына бұқтырып, Махаббатты қамшыменен ұқтырып, Жалт бұрылды ақбоз атпен қара көз, Жанарына мөлдіреген шық…
Page 1 of 19
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет