Сәрсенбі, 30 Қазан 2019 11:56

ҚАЗАҚ ЖЫЛҚЫСЫНЫҢ ҚИЛЫ ТАРИХЫ

Еуразия континентін дүр сілкіндіріп, адамзат тарихының өзгеше өрбуіне ерекше әсер еткен көшпенділер даңқы ежелгі дәуірлер қойнауынан жаңғырып жеткендей. Әсіресе сахараны шаңдата жүйткіген тұлпарларының тұяқ дүбірі құлағыңнан кетпейді. Иә, сәйгүліктер сол даңқты бабаларымыздың айырылмас серігі болатын. Жылқы малы мінсе көлігі, жесе тамағы, ішсе сусыны, кисе киімі ретінде халық тіршілігі мен ел экономикасының да негізі еді. Көшпенділерді жылқысыз елестету садақты жебесіз атқанмен бірдей екені түсінікті. Жылқы тек төрт түліктің бірі ретінде ғана емес, көшпенділер тіршілігінің тірегіне айналған соң, оның салт-дәстүрі мен өмірлік философиясынан көрініс таппауы мүмкін емес. Бүгінде ғылым мен техниканың дәуірі жүріп, жылқының маңызы бұрынғыдай болмаса да, жылқы десе ішкен асымызды…
«Үдере көшкен – уығын сындырады, жұмыла жұмыс істеген – жұмысын тындырады» демекші, отыз жылға жуық уақыт бұрын бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалып, халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялағаннан бергі кезеңде еліміз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығының және бір шаңырақтың астына жұмылдырған баянды бірлігіміздің арқасында егемендігімізді нығайтып, жүз жылда жүзеге асатын істерді атқарып, әлемдегі ең дамыған елу елдің қатарына қосылды. Дегенмен, мемлекет қол жеткізген жетістіктермен шектелмеуі, ол әрқашан дамудың жаңа мүмкіндіктерін іздеуде болуы тиіс. Себебі, ХХІ ғасыр – адамзат қауымы үшін жаңарулар заманы. Сондықтан, бұл ұлы өзгерістер үдерісі мемлекетіміздің де даму жолын анықтауда. Халық нақылында айтылғандай: «Мақсат –…
Сейсенбі, 29 Қазан 2019 16:02

Қыз қуу

Ай нұрлы ару қара көзі мөлдіреп Ал, жігітім, ұғысар сәт келді деп, Ақ боз атын ағындата жөнелді, Ақ үкісі ерке желмен желбіреп. Уа, сәт тағдыр жүректерді жалғасын, Деді жігіт ұзамады алға тым. Таяқ жесем өз обалым өзіме, Дегендей-ақ тоса берді арқасын. Қос жүректі неге жөнсіз қинайды, Махаббатын үнсіз неге сыйлайды. Деп қыз енді қамшыменен құлаштап, Соқса дағы көңіл шіркін қимайды. Сүйген жүрек әлде лүпіл қақты ма, Әлде қыздың қамшысы шын батты ма, Қайран жігіт тістенеді жал құшып, Әлде намыс бетке бояу жақты ма. Жас жігітті ат жалына бұқтырып, Махаббатты қамшыменен ұқтырып, Жалт бұрылды ақбоз атпен қара көз, Жанарына мөлдіреген шық…
#Abai175 #Абай175 челленджі жалғасуда."НҰР ОТАН" партиясының Еңбекшіқазақ аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Қуат Сұлтанұлынан Аудандық мәслихат хатшысы Бекет Төлегенұлы қабыл алды. Эстафетаны Еңбекшіқазақ ауданы әкімі орынбасары Айбек Дүйсенбекұлына жолдайды.
Алматы облысы, Есік қаласында 18 қазан күні кешкі сағат 21.00-ден түнгі 03.00-ге дейін «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Алтын адам мекені – ежелгі сақ өркениетінің ордасы» тақырыбында «Музейлер шеруі» өтті. «Есік» қорық-музейі дәл осы күні қонақтарды ерекше, «түнгі» форматта қарсы алды.Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, музей басшылары, белгілі археологтар, тарихшылар және Есік қаласының тұрғындары мен қала қонақтары, жастар қатысты. Мерекелік бағдарлама көптеген жағымды және танымды ақпараттарды қамтыды, атап айтсақ: музейдің экспозициялық залдары бойынша экскурсиялар жүргізіліп, Есік археологиялық өлкетану музейі қорынан «Жетісудың жәдігерлері» атты уақытша көрменің ашылуы болды. Сондай-ақ, суретші-реставратор Әділхан Рахметовтың мастер-класы, ҚР Суретшілер одағының…
Дүйсенбі, 14 Қазан 2019 16:34

Ұлттық рух – ұлы құндылық

Адам онтологиясы мен гносеологиясында рухтың орны өте жоғары. Ал сол рухты қалай түсінуге болады? Рух термин ретінде кең мағынасында сана, психикалық іс-әрекеттің жоғарғы формасы ретінде көрінсе, тар мағынасында ойлау ұғымымен пара-пар түсінік. Иә, рух таза сана мен ұшқыр ойдың жемісі. Рухты көзбен көріп, қолмен ұстамасақ та, онсыз өмір сүру мүмкін емес екенін жақсы білеміз. Адам үшін ауа мен тамақ қаншалықты қажет болса, рух та соншалық маңызға ие. Мынау ғаламның дамуы мен гүлденуі, көркеюі мен толысуы, ең бастысы аман сақталып, бүгінге жетуі осы рух күшінің арқасында екеніне ешкім дау айта қоймас. Өйткені, адам баласының зор рухани күші болмағанда бүгінгі жетістіктерінің бірі…
Дүйсенбі, 30 Қыркүйек 2019 09:53

Үздіктер жолдама алды

Маңызы бар мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуын қадағалап, халықтың мұң-мұқтажы мен түйінді мәселелерін шешуде жетекші рөл атқаратын «Nur Otan» партиясы бүгінде тұрғындардың ризашылығына бөленуде. Сондықтан болар 1 млн-нан аса мүшесі бар жетекші партия өзінің партиялық жобалары аясында көпшіліктің жүрегіне жол табуда. Жобаларды тиянақты атқарып, партияның дамуына үлес қосқан үздіктер де назардан тыс қалған емес. Осы орайда, жыл сайынғы дәстүр бойынша «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауы ұйымдастырылды Түрген округіне қарасты Түрген бастауыш партия ұйымының мәжіліс залында. Жиынды жүргізген партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев келешектегі жаңалықтармен бөлісті: – Партиямыз да заман ағымына қарай дамып, атқа-ратын жұмысымыз күрделеніп келеді. Осы жылдың қазан…
Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында туған өлкеңнің тарихын танып, киелі жерлерді аралау мақсатында аудан қонақтарымен Есік мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейіне экскурсия жасадық. Шара барысында «Сақтардың тарихы мен мәдениеті», «Алтын адам», «Қазақстан археологиясы» және «Уақытша көрмелер залы» атты 4 экспозициялық зал мен «Алтын адамды» алғаш ашушылардың бірі - археолог Бекмұханбет Нұрмұханбетовтың мемориалдық бөлмесін аралап тамашалады. Есік көлі мен Түрген сарқырамасына жол тартқан туристер мен қонақтар алдымен кіре берістен тарихтан сыр шертер өлкеміздің мақтанышы, ең көрнекті мәдени мекемесі «Есік» тарихи-мәдени музейіне бас сұғады. – Біздің шаңырақта мәдениет майталмандары да, атақты актер әншілер де қонақ болып, «Алтын адам мекенін» тамашалады. Бекжан Тұрыс,…
Бейсенбі, 01 Тамыз 2019 14:14

Ұлтаралық татулық – басты байлық

Көк байрақтың астында жатырқамай, жатсынбай 130-дан астам ұлт пен ұлыс тату тәтті ғұмыр кешуде. Әркім өз салты мен дәстүрін, әдет-ғұрпын ұстанамын десе де шектеу жоқ. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдардан бастап, көпэтносты еліміздегі татулық пен келісімді сақтауға, дамытуға, қауіпсіздігі мен бейбітшілігін қорғауға бар күш-жігерін салып, тұрақтылық пен ынтымақтастық құруға жіті көңіл бөлді. Еліміздегі әрбір этномәдени бірлестіктің емін-еркін жұмыс жасап, ойлаған игі бастамаларын жүзеге асыруға мемлекет тарапынан қолдау зор. 54 ұлт пен ұлыс өкілдері тұратын біздің ауданда қазіргі таңда 8 этномәдени бірлестік жұмыс істеуде. Ешбір мемлекетте ұлыстарды қанатының астына алып, қамқорлық көрсететін Қазақстандай ел жоқ екенін тілге…
Діни түсінік тұрғысынан алғанда дін – дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын іс-әрекеттер мен дүниетанымды, болмысты толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Діннің екі сипаты бар. Сыртқысы – ғибадат ету, ал ішкі сипаты – имандылық. Имандылық – барлық дерлік діндерге ортақ, діннің ішкі мәнін білдіреді, сондай-ақ, ғибадатты да қамтиды, адамның сыртқы және ішкі болмысын тәрбиелейді. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдаймен байланысын орнату, Жаратушыға деген сүйіспеншілікке жету және оның мейірімі мен кешіріміне ие болу, рухани тазарып, жетілу. Олардың ішкі мәнінде ғана емес, салт-рәсімдерінде де көптеген ұқсастықтар бар.…
Page 1 of 18
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет