Күндер бойынша реттелген элементтер: Дүйсенбі, 06 Мамыр 2019
Дүйсенбі, 06 Мамыр 2019 15:02

Мен ғашықпын жігітіне қазақтың

Сендей ұл бар бақытты қазақ қандай,

Селк етпейтін күтсе де азап қандай.

Түр-тұлғаң мен сымбатың жарасып тұр,

Батырыма күллі әлем қызыққандай.

 

Жүрегіңде бүр жарып ашылғанмын,

Сәл жымисаң шуақ боп шашылғанмын.

Еркелетер ер жүрек ерлерім бар,

Мен Тәуелсіз, қазақтай асылданмын.

 

Нәзік жаным өзіңмен егіздейін,

Қазық қызы бұл қайткенің, – дегізбейін.

Арысымды мен іштей ұнатсам да,

Жатқа жар сап, сезімді сездірмейін.

 

Мен дербеспін, алдан туып ғажап күн,

Алып берген алашыма азат күн.

Қорғаны мен мақтаны бар елімнің,

Мен ғашықпын жігітіне қазақтың!

 

Еркежан ҚУАНЫШ.

Published in Әдебиет

Бүгін он екі айдың ең қадірлісі — Рамазан айының алғашқы күні. Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтатын дәлел ретінде Құран түсіріле бастаған қасиетті ай.

Рамазан айы туғанын көрген адам ораза ұстасын. Кімде – кім ауру болып немесе сапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесін. Алла сендерге жеңілдік болуын қалайды, ауырлық түсіргісі келмейді. „Бақара„ сүресі, 185 аят. Алланың рахымынан үміт еткен әрбір адам бұл айда ораза ұстап, тәубеге келеді. Ораза ұстау – Құран кәрім мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінде нақты бекітілген бес парыздың бірі.

Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын, құрметті оқырман. Аллаһ тағала дұға-тілектеріңізді қабыл етсін. Отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, ырыс-несібе тілейміз.

Төменде ауыз бекітердегі және ауыз ашардағы дұға бар. Өзіңізге сақтап алыңыз. 

Published in Діни

Күнтiзбе

« Мамыр 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет