Күндер бойынша реттелген элементтер: Сенбі, 04 Мамыр 2019

Отан. Абырой. Міндет. Осы ажырамас үш ұғымды біріктіріп, Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген ел қорғаны – сардарларымыздың төл мерекесі де таяды. Осыған орай, Ұлттық ұланда борышын өтеп, қызмет етіп жүрген еліміздегі талай сарбаздардың қанаттануына жол ашып, тәрбиесін шыңдаған Қаракемер кентіндегі 6654 әскери бөліміне барып, бөлім командирінің орынбасары, подполковник Жомарт Атығаевпен сұхбаттасқан едік мереке қарсаңында.

– Құрметті Жомарт Айтқұлұлы, 6654 әскери бөлімі түрлі мамандарды дайындайтын орталық еке-ні бізге мәлім. Осы әскери мамандықтар туралы толы-ғырақ айтып берсеңіз.

– Біздің әскери бөлім осыдан 57 жыл бұрын Қаракемер кентінде іргетасы қаланған. Бүгінде еліміздегі Ұлттық ұлан сарбаздары мен келісім-шарт бойынша қызмет етіп жүрген әскери мамандарды дайындаймыз. Бөлімше командирлері-сержанттарды, байланыс мамандары, аспазшы, брондалған техниканың механик-жүргізушісі, атқыш, радио-химиялық, ядро-лық қорғаныс бөлімшесінің ко-мандирлерін, автомобильдік бөлімшелердің командирлерін, түзету мекемелерін күзететін бөлімшелердің командирлерін, қала тыныштығын күзететін, ішкі істер қызметіне көмекші патрульдеу бөлімшелерінің сержанттары сынды 20-ға жуық мамандарды оқытып, дайындаймыз. Сонымен қатар, мемлекеттік маңызы бар нысандарды күзететін әскери бөлімдердің сержанттарын әзір-леу де біздің әскери бөлімнің құзырында. Ең бастысы, 6654 әскери бөлімінде Қазақстандағы Ұлттық ұланға қызметтік иттер дайындайтын кинология орталығы жұмыс жасайды. Есірткі іздестіретін, патрульдік және қарауылдайтын иттерді дайындау осы питомникте жүзеге асырылады. Оған қоса, осыдан 2-3 жыл бұрын жарылғыш заттарды іздейтін иттерді жаттықтыруды қолға алдық.

– Мамандарды дайындайтын арнайы оқу орталықтары бар ма?

– Әрине, мамандарды дайындайтын екі ірі оқу орталығымыз бар. Оның бірі, әскери бөлімнен 5 шақырым қашықтықта орналасқан «Алатау»  оқу орталығы және Заречный кентіндегі оқу орталық. Осы орталықтар мен әскери бөлімдегі материалдық-техникалық ба-за түгелдей заман талабына сай. Бізде брондалған автомобильдер, Заречныйдағы орталықта Қазақстанда жа-салған мультимедиялық жаттығу алаңдары бар. Мультимедиялық жаттығу орнында ең бірінші, қауіпсіздік мәселесі жоғары деңгейде. Яғни, брондалған техниканы полигонда сарбазға үйрету барысында түрлі оқыс оқиғалар орын алуы мүмкін. Ал мультимедиялық брондалған техника бір орында тұрса да, барлығы шынайы болады. Екіншіден, жанармай мен оқ-дәрілер үнемделеді. Оқу оралығында, әскери көліктермен қатар жүк көліктерінің де мультимедиялық жаттығу алаңдары бар.

– Заречный кентінде құрылған оқу орталық халық-аралық деңгейде сарбаздарды дайындайтын көрінеді. Осыған тоқталып өтсеңіз.

– Заречный кентінде орналасқан 5574 оқу-әскери бөлімі – арнайы мақсаттағы дайындық орталығы болып есептеледі. Мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлініп, жаңа оқу ғимараттары, 500 адамға арналған әскери казарма, медицина орталықтары мен спорт кешені мен цифрландырылған жаттығу алаңдары бар. Аталған оқу-әскери бөлімі Ұлттық ұланның ең үлкен оқу орталығы болып есептеледі. Мұнда Қазақстан бойынша арнайы мақсаттағы бөлімшелердің мамандарын әзірлейді. Орталық 2018 жылдан бастап халықаралық деңгейге ауыс-ты. Былтыр мамыр айында «Кобальт» атты халықаралық оқу-жаттығу өткізілді. Сондай-ақ, Белорусия мемлекетінен арнайы мақсаттағы сарбаздар  инженерлік саласы бойынша оқып кетті. Франция, Қытай, Ресей сынды түрлі мемлекеттерден әскери делегациялармен кездесу ұйымдастырылып, мамандар дайындауға келіссөздер жүргізілуде. Күні кеше ғана, БАӘ Абу-Даби қаласынан келген делегаттар орталыққа оң бағасын беріп кетті. 

– Жасыратыны жоқ, соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдары ар-қылы әскерде болған әлімжеттік оқиғалары мен қысым көрген сарбаз-дардың өзіне қол жұмсау фактілеріне куә болып отырмыз. Бұл жағынан сіздерде қатаң бақылау жүргізіледі ме?

– Құдайға шүкір, осы уақытқа дейін біздің әскери бөлімде аталған оқиғалар тіркелген жоқ. Қазақта «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» – деген жақсы сөз бар. 6654 әскери бөлімі осы нақылды басшылыққа ала отырып, әскердегі әлімжеттікке қарсы түсіндіру жұмыстары, күн тәртібі бойынша тәрбие жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, әскери психолог әр сарбазбен жеке жұмыс жасайды. Сарбаздардың мінез-құлықтарының өзгеруіне мониторинг жасалып, түрлі жағдайларға байланысты күйзеліске түскен немесе қиындыққа тап болған әскерилерге психологиялық көмек беріледі.

– Әскерге баруды өзіне міндет санамайтын азаматтар бар арамызда. Солар жайында не айтар едіңіз?

– Кеңес үкіметі кезінде әс-керге бармау – ер азамат үшін ұят саналатын. Қайтсе де, 2 жыл Отан алдындағы борышын өтеп келуге тырысатын. Ал қазір 1 жылға қысқартылса да, азаматтық міндетін атқаруға құлық танытпайтындар жеткілікті. Әрине, оның түрлі себебі бар. Сондықтан, барлық жастарға күйе жаға алмаймыз. Керісінше, оларды әскерге қызықтыру мақсатында кездесулер ұйым-дастырып, түрлі фильмдер түсіріп жатырмыз. Бірер жыл бұ-рын ғана біздің әскери бөлімде түсірілген «6-пост» фильмі көрерменге жол тартты.

Шымкент қаласындағы 5458 әскери бөлімінде қызмет еткен 7-ротаның 17 сарбазы арнайы тапсырма кезінде тәжік-ауған шекарасында қаза болған еді. Осы отандастарымыздың ерлігін көрсету мақсатында біздің бөлімде «7-рота» фильмін түсіру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, мектептердегі алғашқы әскери дайындық пәні-нің оқытушыларымен келісіп, жоғары сынып оқушыларын әскери бөлімге әкеліп, экскурсия жүргіземіз. Әскери өмір-ді көрсетіп, түрлі сайыстар ұйым-дастырамыз. Осылайша жас ұр-пақтың бойында әскерге деген қызығушылығын оятуымыз керек.

– Сұхбатыңызға рахмет.

 

Тілдескен С.НҰРАДИН.

Published in Мақалалар

Әскери сала Отанды сыртқы және ішкі жаулардан қорғаумен ғана шектелмейді. Тыныштықты күзету, қылмысты болдырмау және оның алдын алу да саптағы сарбаздардың борышы. Сондай-ақ, осыншама жауапкершіліктің барлығы жеті қазынаның бірі саналатын итке де жүктеледі. Иә, күнделікті өмірде адамның айнымас серігіне айналған ит те қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қаракемер ауылындағы 6654 әскери бөлімінде мемлекетіміздегі Ұлттық ұланға аталған иттерді дайындайтын жалғыз кинология орталығы орналасқан. Жақында мекемеге арнайы барып, ит баптаумен айналысатын кинолог мамандардың жұмысымен танысқан болатынбыз.

Мамандық таңдауда қателеспей, ата жолын қуған Алексей Мешков кинология орталығында жұмыс істегеніне 6 жыл. 29 жастағы Қаракемер ауылының тумасы Алексей ауылда өсіп, Қ.Орымбетов атындағы орта мектепті тәмамдаған. Кейіннен, әскерге барып, келісім шарт бойынша 6654 әскери бөліміне жедел мақсаттағы  батальонға жұмысқа орналасқан. 2013 жылы кинология орталығына ауысқан. Қазір мұнда аға маман-аға нұсқаушы болып қызмет атқарады.

– Менің отбасы мүшелерімнің барлығы әскери адамдар. Тіпті, әжем мен анам да осы салада қызмет еткен. Ал әкем, еліміздің кинология саласына зор үлесін қосқан адам. Сондықтан болар, мен де бала кезімнен итке жақын болып өстім. Осында, әкемнің жұмысына келіп, иттерді үйреткенін бақылап отыратынмын. Қазір өзім де сол жұмыспен айналысамын – деген Алексей Мешков ұлты орыс болса да өзін қазақ тілінде таныс-тырып, жұмыс барысын көрсетті.

Қазіргі таңда Алексей 25 күшікті әскери қызметке дайындау үстінде. Мұнда күшіктердің де түрі көп: орыс спаниелі, неміс, бельгиялық овчарка, шығыс Еуропа овчаркасы және микс (неміс және бельгиялық овчаркасын жұптастыру арқылы алынады). Ең қызығы, Алексейдің айтуынша, аталған иттердің барлығы орысша бұйрықтан қарағанда қазақша, немісше бұйрыққа тез үйренеді әрі мүлтіксіз орындайтын көрінеді. Сондықтан, кинология орталығындағы иттердің басым көпшілігі қазақша нұсқаумен ғана жүреді. Күшіктерді әрбір кинолог маман 2 айынан бастап үйретеді. Алғашында  күшікке «жат», «тұр», «жүгір» деген бұйрықтар беріліп, әскери тәрбиенің іргетасы қаланады. Осылайша, иттердің бейімділігі анықталып, патрульдік, іздестіру немесе есірткі анықтауға жаттықтырылады. Есірткі іздейтін ит 2 айдың ішінде 6-7 иіске үйренеді.

– Біздің жұмысымыз – иттерге әскери тәрбиенің іргетасын ғана қалау. Ит 4 айға толғанда оған тапсырыс беруші сарбаз келіп, 2 ай бойы өзіне үйретеді. Яғни, тамағын өз қолымен беріп, астын тазалайды. Өзі жаттықтырып, бұйрықты орындатуға баулиды. Осылайша, жаңа қожайындары иттермен жақын қарым-қатынас жасап, өздерімен ала кетеді.

Алексейдің мұндағы қызметі аға маман-аға нұсқаушы болғандықтан, 5 итке дейін үйретеді. Яғни, жылына 25 күшікті «қанаттандырады». Одан бөлек, Алексейдің өзінде «Кольт» есімді 2 жасар бельгиялық овчаркасы бар. Негізгі бағыты – есірткі іздестіру. Күшік кезінен осыған жаттыққан Кольт бүгінде анаша, кокаин, героин, амфетамин, экстази сынды есірткі түрлерін мыңның ішінен жазбай таниды. Біз барғанда белгілі себептермен Алексейге өз итіне жақындау мүмкін болмады. Сондықтан, осындағы «Балуан» есімді 2 жастағы микспен түрлі жаттығулар көрсетті. Бүгінде бұл ит патрульдеу-іздестіру шараларына жіберу үшін жаттықтырылуда. Кинологтың айтуынша, Балуан бұл бағытта жақсы нәтижелер көрсетіп келеді. Кинология орталығындағы күшіктер мен иттердің денсаулығы да жіті бақылауда. Орталық ішінде ветеринарлық пункт орналасқан. Тіпті, төрт аяқты сарбаздарға ота жасау да осы пункте жүзеге асады.

Қазақ қазақты қазақша сөйлете алмай жүрген қоғамда, итті қазақша үйреткен кіші сержант Алексей Мешков бүгінде 4 ұл 1 қыз тәрбиелеп отыр. Оның сөзінше, балалары да әкесі секілді ит баптағанды жақсы көреді.

– Үйімізде 6 ит бар, әрқайсымызға 1 иттен тиесілі. Балаларым өз иттеріне қарап, күтіп-баптайды. Сондай-ақ, барлығы қазақша сөйлемесе де, ең кіші ұлым өзіме тартқан. Қазақша мақалдатқанда алдына жан салмайды – дейді Алексей Мешков.

 

Сардарбек НҰРАДИН.

Published in Мақалалар

Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия – терроризмнің алдын алу, терроризм зардаптарын барынша азайту және жою жөніндегі қызметін жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган. Комиссияның негізгі міндеті – аудан аумағында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру,  ауданда қалыптасқан жағдайды ескере отырып іс-шараларды жоспарлау және өткізу.

Жоғырыда аталған комиссия жуырда өткізілген жиында ауданның әлеуметтік жағдайы төмен, дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанатын және пробация есебінде тұрған азаматтарға қатысты нәтижелі жұмыспен қамту, аудан аумағында террористік акт қаупі орын алуы кезіндегі іс-әрекеттер алгоритмнің тұрғындарға жеткізілу барысын талқылады. Жиын барысында ағымдағы жылда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация есебінде тұрған азаматтарды қысқа мерзімді оқыту курсына жіберу, оқыту курсы аяқталған соң оларды нәтижелі жұмыспен қамту бойынша іс-шаралар жүргізу тапсырылды. Тұрақты жұмысқа қабылданған азаматтардың алдағы уақытта жұмыссыздар категориясына кірмеуі үшін, оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселесін назарға алу, бос жұмыс орындарынан бас тартқан, дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанатын, әлеуметтік жағдайы төмен, бас бостандығынан    айыру орындарынан босатылған және аудандық пробация есебінде тұрған азаматтар радикалдық діни әрекетке түспеуі қадағалауға алынды. Сонымен қатар,  теолог мамандардың ресми емес ағымды ұстанатын азаматтармен жеке профилактикалық оңалту және түсіндіру шараларын жалғастыру туралы шешімдер қабылданды. Терроризм қатерінің алдын алу бойынша жалпы алгоритм парақшалары округтегі көпшілік жиналатын орындарға: пошталар мен амбулатория, мәдениет үйлері мен мектептерге таратылып, көп қабатты үйлердің кіре берістеріне ілінген. Аталған күн тәртібіндегі мәселе бойынша жұмыстарды қала, округ әкімдіктері тұрғындармен жалғасыратыны ескертілді.

 

Аудан әкімдігі жанындағы

терроризмге қарсы комиссия.

Published in Діни

Күнтiзбе

« Мамыр 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет