Күндер бойынша реттелген элементтер: Жұма, 04 Қазан 2019

Газетіміздің дизайнері Майя Ахметжанова Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін оқып, эстафетаны Нұр Отан партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Сұлтанұлына және «Эмир» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Қымбат Кеңесбайқызына   жолдайды.

Published in Өнер

Шелек ауылындағы Ы.Алтынсарин  орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлмира Қалитқызы Адамовамен сұхбатымызды мұғалімдер күніне орайластырып ұсынып отырмыз.

– Құрметті Гүлмира Қалитқызы! Ең әуелгі әңгімемізді өзіңіздің өскен ортаңыз бен қызмет жолыңыздан бастасақ...

Мен 1961 жылы 8 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қазақстан ауылында дүниеге келдім. Осында М.Горький атындағы орта мектепте білім алып, оны үздік бағамен бітірдім. Ал 1980-83 жылдары Алматы қаласындағы педагогикалық училищеде оқып, оны бітіргеннен кейін С.Көбеев атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болдым. Қызымет атқара жүріп, білімімді одан әрі жалғастыру үшін әрбір жанға арман болған Алматыға қайта оралдым. Осылайша қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ-дің «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетін тәмамдадым. 1992 жылы жолдама бойынша осы Шелек ауылындағы Т.Кенжебаев атындағы орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып орналастым. Осылайша Шелек ауылының тұрғыны болып шыға келдім. Ал 1993-1998 жылдары арасында Шелек өз алдына аудан болып тұрған кезінде аудандық білім бөлімінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдіскері болып қызмет атқардым. Осында жұмыс істей жүріп сол кездегі білім бөлімінің басшысы болған М.Кенжебаева, әдіскерлер Г.Рәкешқызы мен А.Владимировналардан көп нәрсе үйрендім. Қазірге дейін сол үйренгендерім керекке жарап келеді. Шелек ауданының Еңбекшіқазақ ауданына бірігуіне байланысты 1998 жылдан бас-тап Шелек ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебіне өз салам бойынша ауысып, әлі күнге осы мектепте ұстаздық қызметімді жалғастырудамын. Ал 2010-2015 жылдар аралығында мектеп директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары болдым. 2015 жылы өз өтінішім бойынша аталған міндеттен босап, содан бері қарапайым мұғалім болып, шәкірт тәрбиелеп келемін.

Жолдасым Сейілхан екеуміз отыз алты жылдан бері бақытты ғұмыр кешіп келеміз. Арман, Ақжол атты екі ұлым бар.

Біздің мектептің тарихы жетістіктерге толы. Сондықтан халық арасындағы беделі де жоғары. Бұған мектеп ұстаздарының біліктілігімен бірге, басшылардың да атқаратын рөлі ерекше. Менде осындай терең тарихы бар үздік мектепте ұстаздық ететінімді мақтанышпен айта аламын.

– «Шәкіртсіз ұстаз тұл» дейтін мақал бар. Сондықтан ұс-таздың беделі мен еткен еңбегі шәкірттерінің жетістігінен көрінеді. Сіздің де мерейіңізді тасытып, үмітіңізді ақтаған әрі мақтанышпен айтатын үздік шәкірттеріңіз бен жетістіктеріңіз бар ма?

Енді мен өз шәкірттерім туралы айтсам әңгімем ұзаққа созылады. Өйткені, мен тәрбиелеген үздік шәкірттер өте көп. Сондықтан олардың бастыларын ғана атап өтейін. Мәселен, М.Мақатаевқа арналған облыстық, республикалық мүшайраларда А.Тыштыбаева мен Н.Рушанова бірінші және екінші орындарды иеленді. Сол мүшайрада бірінші орын алған Н.Рушанова бүгінде «Хабар» телеарнасында қызмет етіп жүр.

Облыстық ғылыми жобалар жарысында Г.Ералы, Н.Ербосынова жүлделі екінші орынға ие болса, Ж.Жабаевтың мерейтойына байланысты аудандық және облыстық айтыста 5-сынып оқушысы Д.Әлібекова екінші орын алды. Кіші ғылым академиясының республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында А.Қадырова, А.Тақабаева, А.Сыбанбекова, О.Сәкенова, М.Шабинярова, А.Бағдат, М.Айдарбекова, Ж.Рақымханова секілді шәкірттерім қатысып өз ғылыми жобаларын қорғап, бірінші және екінші орындарды қанжығаларына байлап қайтты. Одан бөлек, республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олипиадасының «Жазушылар конкурсы» бойынша Р.Хаззакова екінші орынды алса, «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты оқушылар арасында өткен облыстық шығармалар байқауында Б.Бағашарова үшінші орынды, Ж.Қырықбай екінші орынды жеңіп алды.М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы мен Ұлы Жеңіс тойына байланысты «Отты жылдар шежіресі» тақырыбында мен дайындаған оқушылардан құралған театрландырған сахналық қойылым ауданнан өтіп, облыстың сахналарын да бағындырды.Мен өзім сынып жетекшісі болғанда А.Шәкен «Алтын белгі» иегері болса, Б.Сеитов пен Ә.Тақабаева «Үздік атестат» иегері атанды. Ал 9-сынып бойынша Р.Хаззакова, А.Сейілханұлы, Т.Мұсабекова, А.Шәкен «Үздік аттестат» алып шықты.

Ал енді өз жетістіктеріме келсем, 1999 жылы «ҚР Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен және «ЮНЕСКО» шығармалар жарысында мақтау қағазымен марапатталдым. Сонымен бірге, 2010 жылы ҚР «Білім және ғылым министрлігінің» алғыс хатының және 2018 жылы  «Қазақ елінің үздік ұстазы» төсбелгісінің иегері атандым.        Өзімнің ерекше жетістігім ретінде айтарым 2011 жылы «Қ.Бітібаеваның Халықаралық мерейтойында (қазақ-американ) Конференциясында» баяндама жасадым. Кейін ол баяндамам кітап болып басылып шықты. Мүмкін, бір баяндама жасағанда не тұр деп ойлайтын шығарсыз. Бірақ бұл жетістігімнің мен үшін орны бөлек. Өйткені Қ.Бітібаеваны өзім бала кезден үлгі тұтып өстім. Кейін осы кісінің шәкірті болдым. Өз мерейтойында қадірлі ұстазым мені арнайы шақырған болатын. Ал бұл шақыртуы мен үшін қандай мақтаулар мен ордендерден әлдеқайда артық. Тағы бір жетістігім жыл сайын ҰБТ-ға дайындаған оқушыларым 100% көрсеткішке ие болып, жоғары сапа көрсетіп келемін. Тіптен 2012 жылы Ұлттық Бірыңғай тестілеуде жоғары көрсеткішке жеткенім үшін мақтау қағазымен де марапатталдым. Авторлық бағдарламалар арқылы жеткен жетістіктерім де бар. Бірнеше рет аудан әкімінің марапаттарына да ие болдым. «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында» қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданған әдіс-тәсілдерім мен мақалаларым журналдарда жиі жарияланып тұрады.

– Қызметте жетістікке же-тіп, жұмысыңыздың алға басуына айналаңыздағы әріптестеріңіздің де тигізер әсері мол болмақ...

Әрине, әріптестерім туралы айтарым көп. Мен жақсы әріптестерден кенде адам емеспін. Атап айтар болсам, маған жол көрсетіп ақылшым болған үлкен ағаларым мен әпкелерім болды. Олардың қатарында А.Қырықбай, Б.Сағымбаева, Қ.Абдуқайымова, Г.Нұрмағанбетова, Р.Разиева, М.Құрманова, Г.Атабаева, Н.Жоламанова, А.Есбергенова, Р.Көжек-баева, К.Қыдырманова, Б.Саитова, А.Садировтар бар. Осы кісілердің арқасында білмегенімді үйреніп, талай кедергілерден қиналмай өткенімді жасырмаймын.

Бүгінгі мектеп әкімшілігінің құрамы да білікті, білімді жандар.

– Соңғы кездері ұстаздардың беделін көтеру туралы жиі айтылып жатыр.

Б.Момышұлының «Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет» деген аталы сөзі бар. Әрине, кез-келген мамандық иесі ұстаздың алдынан өтетіні рас. Ұстаздардың беделін көтеру деген сөздің өзі құлаққа түрпідей тиетіні шындық. Өйткені, ұстаз былайда беделді болуы тиіс. Егер ел болып, еңсе көтереміз десек, ең алдымен, ұстаздар беделінің зор болуы шарт.

– Әңгімелескеніңізге рахмет!

Сұхбаттасқан

Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ.

Published in Мақалалар

 В целях повышения статуса религиозных объединений и тесного сотрудничества с ними, Центр анализа и прогнозирования подписал меморандум с общественным фондом «Ізгілікті істер». Меморандум был подписан на площадке «Jetisy media» в ходе пресс- конференций.

Как поделились спикеры брифинга, в настоящее время в Алматинской области работает «Горячая линия-114», которая предоставляет онлайн-консультации гражданам касаемо религиозных вопросов. Реализуется данный проект при поддержке Министерства общественного развития.

Проект может оказать профессиональную и своевременную помощь гражданам по вопросам религии. Специалисты по телефону, в онлайн режиме отвечают на вопросы населения, касающиеся религии, оказывают психологическую поддержку пострадавшим от деструктивных религиозных течений. Консультация ведется на казахском и русском языках абсолютно бесплатно. В работе проекта задействована группа квалифицированных специалистов теологов, религиоведов и психологов, которые оказывают все необходимые консультационные услуги в сфере религии. Также при необходимости оказывается психологическая поддержка в реабилитации. Все консультации – конфиденциальны.

Стоит отметить, что основной целью подписания меморандума является установление тесной связи Центра анализа и прогнозирования с общественным фондом «Ізгілікті істер».

«Мы хотим быть уверенными, что наша проделываемая работа в религиозной сфере эффективна, знать насколько она необходима в наше время. Подписание меморандумов о сотрудничестве – это новый и важный для нашей организации опыт, который, по моему представлению, позволит вывести на системный уровень вопросы взаимодействия с регионом», - специалист по работе с общественностью Общественного фонда «Ізгілікті істер» Жандос Супабеков.

Published in Мақалалар

 «Талдау және болжау» орталығы діни бірлестіктердің ынтымақтастықтарын арттыру мақсатында “Ізгілікті істер” қоғамдық қоры орталығымен меморандумға қол қойды. Бұл туралы «Zhetysu media» алаңында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Қазіргі таңда Алматы облысында азаматтарға діни мәселелер бойынша онлайн-кеңес беретін «Қауырт желі 114» орталығы жұмыс істеуде.

Орталық «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы тарапынан ұсынылған.

«Қауырт желі 114» Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен діндерді зерттеу орталығы қауымдастығымен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Жоба азаматтарға діни мәселелер бойынша кәсіби және уақытылы көмек көрсете алады. Мамандар телефон арқылыжәнесайттың онлайн режиміндетұрғындардыңдінгеқатыстысауалдарынажауапберіп, деструктивтікдіниағымдарданзардапшеккендергепсихологиялыққолдаукөрсетеді. Консультациялықкеңесқазақжәнеорыстілдеріндежүреді.

Бүгінде«Қауырт желі 114» Қазақстанда ғана емес, ТМД кеңістігінде жүзеге асырылып отырған бірегей бастама саналады.

Орталықта заңгер, теологтар мен дінтанушылар, психологтар жұмыс істейді.Кеңес беру тәулік бойы және құпия, жасырын түрде жүргізіледі. Қоңыраулар Қазақстанның кез-келген нүктесінен тегін қабылданады.

Меморандумға қол қоюдың басты себебі, “Ізгілікті істер” қоғамдық қорының «Талдау және болжау» орталығымен кері байланыс орнату.

«Қазіргі таңда атқарып жатқан жұмыстарымыздың азаматтар үшін қаншалықты тиімділгін, орталықтың деңгейін сауалнама арқылы білу. Орталықтың алдағы уақытта қандай бағытта жұмыс істеу қажеттілігін анықтау. Сондай-ақ, азаматтарға  әзірленген сауалнамалардың дұрыстығын, методикалық әдістерге сай жасалынғандығын арнайы сарапшылардың бақылауына алу мақсатында меморандумға қол қойып отырмыз»,- деді “Ізгілікті істер” қоғамдық қорының қоғаммен жұмыс істеу маманы Жандос Анарбекұлы.

Published in Мақалалар

Күнтiзбе

« Қазан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет