Күндер бойынша реттелген элементтер: Бейсенбі, 31 Қазан 2019
Бейсенбі, 31 Қазан 2019 15:43

Тұрақты экономика – даму кепілі

Жақында Еңбекшіқазақ ауданына ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қуаныш Асылов жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында Қуаныш Жұмабекұлы бірнеше нысандарды аралап, ауданның тыныс-тіршілігімен танысты. Атап айтқанда, «СТЕПНОЙ ХОЛМ» ЖШС құрамындағы 100 га жерде отырғызылған 325 500 түп көшет алаңын, сыйымдылығы 4200 тонна болатын 28 сақтау қоймасын, 1 гектар жерге заманауи технологиямен отырғызылған көкөніс өсіретін жылыжайды аралап, көрді.

Сондай-ақ, бүгінде құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарды да аралады.  Айталық, Қазақстанда теңдесі жоқ жедел тоңазытқыш құрылысы талайды тәнті етті. Онда 150 га жерге көкөніс өсіріп, айына 1000 тонна өнімді жедел түрде тоңазытатын  «Frosco» ЖШС  зауытының  құрылыс жұмыстарымен танысты. Респуб-лика бойынша бірегей технологиямен жұмыс жүргізуді мақсат етіп,  жылына 6000 тонна өнімді экспортқа жіберуді жоспар-лауда аталмыш зауыт басшылары.

Сонымен қатар, ауданның үлгі тұтатын мектептердің біріне бас сұғып, білім сапасымен танысты. Рахат №1 орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары ақпараттық технологияда жеткен жетістіктерімен бөлісті. Айта кетерлігі, аталмыш мектепте  «Robototehnika – bolashaqtyn` bag`dary»,  «Рухани жаңғыру», «Өзін-өзі тану» сынды ауданымыздағы бірегей жобалар жүзеге асуда. Бұл игі бастамалар 2021 жылға дейін ауданымыздың 82  мектебін қамтиды деп жоспарлануда.

Сапар барысында Қуаныш Жұмабекұлы елімізде жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардың ұтымды тұстарын алға тартып, аудандағы өндіріс орындарының тиімділігі мен экономикалық пайдасын тілге тиек етті.

 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Published in Ресми
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет