Күндер бойынша реттелген элементтер: Жұма, 18 Қазан 2019

По прогнозам специалистов Министерства труда и социальной защиты населения РК, на выплату государственного пособия по многодетности смогут претендовать 340,3 тыс. семей, в которых 4 и более детей. Необходимо учитывать, что к моменту введения этого пособия количество его получателей может возрасти ввиду увеличения числа многодетных семей в Казахстане. 

Введение данного госпособия является одним из трех основных направлений поддержки малообеспеченных и многодетных семей, предусмотренных в новых механизмах оказания адресной социальной помощи (далее – АСП), разработанных МТСЗН РК по поручению Главы государства, озвученному в Послании народу Казахстана от 2 сентября т.г. В ближайшее время МТСЗН РК планирует внести соответствующий законопроект на рассмотрение Парламента РК. 

Вышеуказанное госпособие планируется выплачивать всем многодетным семьям, имеющим 4 и более несовершеннолетних детей или студентов очной формы обучения в возрасте до 23 лет, вне зависимости от их дохода. Размеры госпособия будут дифференцированные в зависимости от количества детей. Так, семьи с 4-мя детьми будут получать 42 500 тенге, с 5-ю детьми – 53 125 тенге, с 6-ю детьми – 63 750 тенге, с 7-ю и более детьми – 74 375 тенге. 

В среднем размер пособия будет составлять 10-11 тыс. тенге на каждого ребенка, что в 4-7 раз больше аналогичных пособий, назначение которых было прекращено с 2018 года. 

Стоит отметить, что в Казахстане на сегодняшний день насчитывается 3151 семья, имеющая более 7 детей. Многодетным матерям, награжденным подвесками «Алтын алқа», «Күміс алқа» или получившим ранее звание «Мать-героиня» и награжденным орденом «Материнская слава», выплачиваются отдельный вид госпособия, средний размер которого составляет 16 160 тенге. По состоянию на 1 октября текущего года его получают почти 235 тыс. человек. Выплата этого госпособия сохраняется. 

Напомним, 7 октября т.г. на заседании Правительства РК Министр труда и социальной защиты Биржан Нурымбетов презентовал новые механизмы оказания АСП, которые планируется внедрить в Казахстане с 1 января 2020 года. 

«Основной принцип – государство будет помогать тем, кто действительно нуждается в помощи, в первую очередь детям и многодетным семьям! Трудоспособные граждане должны работать, государство поможет в трудоустройстве или занятии малым бизнесом. Государственная помощь будет включать в себя: поддержку многодетных семей, адресную социальную помощь малообеспеченным семьям, гарантированный социальный пакет для детей из малообеспеченных семей», – сообщил Биржан Нурымбетов. 

АСП будет выплачиваться малообеспеченным семьям, в том числе и многодетным. Пороговый критерий для назначения в 70% от ПМ остается. Если трудоспособные члены семьи отказываются от предложенной работы и мер содействия занятости, то выплата АСП будет прекращаться не только им, но и всей семье. 

Для детей из малообеспеченных семей предлагается внедрить гарантированный социальный пакет. Детей в возрасте от 1 года до 6 лет обеспечат продуктовыми наборами и гигиеническими принадлежностями, в возрасте от 6 до 18 лет – горячим питанием в школах, учебными принадлежностями и школьной одеждой, также им будут возмещаться расходы на проезд до школы. Медицинская помощь, в том числе стоматологическая, детям до 18 лет будет предоставляться в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и обязательного социального медицинского страхования. 

 

Published in Ресми

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамандарының болжамы бойынша 4 немесе одан көп баласы бар 340,3 мың отбасы көпбалалы болуына байланысты мемлекеттік жәрдемақыға үміткер бола алады. Айта кетерлігі, аталған жәрдемақы енгізілгеннен бастап Қазақстандағы көпбалалы отбасылар санының артуына байланысты алушылар саны да артуы мүмкін. 

Аталған мемлекеттік жәрдемақыны енгізу Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасы бойынша ҚР Еңбекмині әзірлеген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде (бұдан әрі – АӘК) көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың негізгі үш бағытының бірі болып табылады. Таяуда ҚР Еңбекмині тиісті заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізуді жоспарлап отыр. 

Жоғарыда аталған мемлекеттік жәрдемақы 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар барлық көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленеді деп жоспарлануда. Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бала санына қарай сараланады. Яғни, 4 баласы бар отбасыларға 42 500 теңге, 5 балаға – 53 125 теңге, 6 балаға – 63 750 теңге, 7 және одан да көп балаларға 74 375 теңге төленеді. 

Орта есеппен алғанда, жәрдемақы мөлшері әр балаға 10-11 мың теңгені құрайды, бұл 2018 жылдан бастап тағайындалмайтын осыған ұқсас жәрдемақыдан 4-7 есеге көп. 

Айта кетерлігі, Қазақстанда бүгінде бала саны 7-ден асатын 3151 отбасы бар. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және «Ана даңқы» орденімен марапатталған көпбалалы аналарға жеке мемлекеттік жәрдемақы төленеді, олардың орташа мөлшері 16 160 теңгені құрайды. Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша оны 235 мыңға жуық адам алады. Бұл мемлекеттік жәрдемақының төленуі сақтала бермек. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылғы 7 қазанда ҚР Үкіметі отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу жоспарланып отырған АӘК көрсетудің жаңа тетіктерін таныстырған болатын. 

«Ең басты принцип – мемлекет көмекке мұқтаж адамдарға, әсіресе балалар мен көпбалалы отбасыларға көмектеседі! Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек. Мемлекет жұмысқа орналасуға немесе шағын бизнеспен айналысуға көмектеседі. Мемлекеттік көмекке – көп балалы отбасыларды қолдау, табысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, табысы аз отбасылардағы балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік пакет кіреді», – деді Біржан Нұрымбетов. 

Министрдің айтуынша, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақылар енгізу арқылы қамтамасыз етілетін болады. Бұл мемлекеттік жәрдемақы барлық көпбалалы отбасыларға (4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар) табысына қарамастан төленеді. 

АӘК табысы аз отбасыларға, соның ішінде көпбалалы отбасыларға төленетін болады. Ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ы тағайындаудың шекті критерийі болып қала береді. Егер еңбекке қабілетті отбасы мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК төлемі тек оған ғана емес, бүкіл отбасына да тоқтатылады 

Табысы аз отбасылардан шыққан балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакетті енгізу ұсынылады. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды азық-түлік жиынтығымен және гигиеналық құралдармен, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп киімімен қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларға мектепке дейінгі жол жүру шығындары өтеледі. Медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін болады. 

Published in Ресми

«Nur Otan» партиясының «Үздік бастауыш партия ұйымы»  Республикалық байқауы 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Басты мақсат –  бастауыш партия ұйымдарының рөлін және белсенділігін көтеру, олардың қоғамдық-саяси ықпалын күшейту. Ағымдағы жылдың 18-30 қыркүйек аралығында «Үздік бастауыш партия ұйымы»  аудандық байқауының  I  кезеңі өткізілді. Барлығы 26 бастауыш партия ұйымдары қатысып, облыстық байқауға Шелек және Қаракемер бастауыш партия ұйымдары жолдама алған болатын.Мақсат айқын: бастауыш партия ұйымдарының рөлін және белсенділігін көтеру, олардың қоғамдық-саяси ықпалын күшейту.

Алакөл,  Еңбекшқазақ, Ескелді, Жамбыл, Іле,Қарасай, Кербұлақ,  Кеген, Панфилов, Сарқан, Қапшағай, Талдықорған бастауыш партия ұйымдарының ішінен партия мүшелері 500-ден жоғары 3-ші санаттағы Еңбекшіқазақ ауданынан «Шелек» бас-тауыш партия ұйымы  жеңіске жетті.

Байқауға төрағалық еткен  комиссия құрамында облыстық партия филиа-лы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев, төрағаның орынбасары Гүлнар Тойлыбаева, облыстық партия филиалы ұйымдастыру және бақылау жұмыс бөлімінің меңгерушісі Самал Бакирова, облыстық  партия филиалы саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Дүскеева,   «Өлке тынысы» ЖШС  директорының орынбасары Шыңғыс Бозым, «Жетісу»  газеті заң және саясат бөлімінің меңгерушісі  Мәди Алжанбай болды.

Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлық-тармен марапатталып, «Nur Otan» партиясының  «Үздік бастауыш партия ұйымы»  Республикалық байқауының  III кезеңіне жолдама алды.

 

Б.Рахимов,

«Nur Otan» партиясы

Еңбекшіқазақ  аудандық филиалының консультанты.

 

Published in Мақалалар

Қазанның он бесінде Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің акт залында аудан әкімінің орынбасары Айбек Бидаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Момунжан Исламов, аудан имамдары, округ әкімдері және жауапты мамандарының қатысуымен жиын өтті.

Жиынды А.Бидаев жүргізіп, жиылғандарды күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды. Мінберге көтерілген М.Исламов аудандағы діни ахуалға тоқталып, жат ағымдарға ерген азаматтардың анықталып, олармен байланыс орнатылып, жұмыс жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ, аудандағы мешіттердің жай-күйін зерделей келе, тіркелмеген, құжаттары толық емес немесе мүлдем құжатсыз отырған мешіттердің атын атап, ескерту жасады. Осы тұста, А.Бидаев: «Мешіттер салынбай тұрып, алдымен құжаттары ретке келтірілсін», – деген сын-ескертпесін айтты.

Келесі болып мінбер тізгінін тартқан аудандық білім бөлімінің басшысы Бәтес Аманова мектептердегі оқушылардың ислам дініне деген бетбұрыстары жоғары екенін, алайда жұма күндері намазға үлгереміз деп кейбірінің сабақтан қашып немесе кешігіп жатқандарын сынға алды. Сонымен қатар, имамдарға да өтінішін жеткізді. «Мешіттерде қандай уағыз айтылып, нендей оқулар өткізіліп жатқандығын қатаң қадағаласаңыздар. Се-бебі, санасы әлі түбегейлі қалыптаспаған жас жеткіншектер теріс ағымдардың арбауына тез түсіп қалуы мүмкін. Түсіндіру жұмыстарының дұрыс болмағандығынан көп жастарымыз адасуы да ықтимал», – деді Б.Аманова. Ал, мектеп формасының барлық мектеп жасындағы оқушылар үшін бірыңғай екенін, білім ордасына орамал тағып немесе хиджаб киіп келуге тыйым салынатынын тағы бір мәрте қадап айтты. «Кейбір қыздардың мектеп формасы деп тізесінен жоғары тым қысқа белдемше киіп, мектепке барып жатқандарын көріп жүрміз. Сонда оларға тыйым жоқ па?», – деген ауыл имамының сауалына А.Бидаев: «Тәрбие – отбасынан басталады. Қыздарының не киіп үйден шығып бара жатқанын ата-анасы қадағалау қажет. Әкесі қызының қысқа киюіне тыйым салсын», – деп тоқетерін айтты.

Балтабай, Бөлек ауылдық округтерінің әкімдері де баяндамаға шығып, туындаған сұрақтарға жауап берді.

Ауданның бас имамы Сапархан Төреқұлов жиын барысында талқыланған мәселелерге тоқталды. «Мектеп оқушысына ілім алу – бірінші парыз. Оқып жатқан оқуын тастап жұма намазға барамын деуі – дұрыс емес. Егер сол уақытта бос болса, ешқандай себеп болмаса, онда барсын намазға. Алайда, себеп бола тұра және ол себеп – ілім алу болса, білімін алсын, оқуын оқысын», – деп хадистерден мысал келтіре, түсіндірді. Ислам – тыныштықты, татулықты көздейтін дін екенін тілге тиек етіп, ауыл имамдарымен тұрақты түрде әр тақырыпта жиындар өткізіп тұратындықтарын жеткізді.

Жиын соңында нақты тапсырмалар берілді.

 

Алмагүл НҰҒМАН.

Published in Мақалалар
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет