Бейсенбі, 28 Қараша 2019 15:04

Өтініш тыңдау, пікір алмасу күнінен

Өтініш тыңдау, пікір алмасу күнінен mezet.kz

«Халық үніне құлақ асатын үкімет» тұжырымдамасы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өр-кендеуінің негізі» Жолдауында қабылданған болатын. Осы бағыттағы нақты қадамдардың бірі болып өткен аптаның бейсенбісінде – 21 қарашада бүкіл еліміз бойынша облыс, аудан әкімдерінің, ауылдық, қалалық округтер, құзырлы орган-дар басшыларының Бірыңғай (Ұлттық) қабылдауы өткізілді.

Аудан әкімдігінің кіші залына таңғы уақыттан келе бастаған тұрғындар өз кезегімен аудан әкімінің алдына келіп өтініш-тілектерін, арыздарын айтып, негізінен оң жауаптарын, әрі кетсе қойылған сұрақтың шешу жолдарынан ақпарат алып, оралып жатты. Қабылдауға аудандық мәслихат хатшысы, "НұрОтан" партиясы филиал төрағасының бірінші орынбасары, әкім орынбасарлары, аудан прокуроры, әділет, ішкі істер басқармасы, әкім аппараты, бөлім, басқарма басшылары қатысып, қойылған сұрақтарға   байланысты әкімнің алдына келген арыз-шағым иелеріне жан-жақты жауап беріп, заң аясында шешу жолдарын түсіндіруге, нақты шешім қабылдауға өз көмектерін көрсетті.

Жұмыс күні аясында 59 азамат жеке қабылдауда болып, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік, жер мәселелері бойынша өтініштерін айтып, түсіндірулер алды. Қабылдау барысында кейбір азаматтарымыздың өз мәселелерін аудан, тіпті қала басшыларының деңгейіне дейін көтермей-ақ тиісті қызмет көрсету мекемелерінде шешу мүмкіндіктері барынан бейхабар екендігінің қабылдауға қатысқан, осы жолдар авторы куәгер болды. Айталық өз кәсібін ашу мақсатында заңды тұлға тіркеу үшін халыққа қызмет көрсету орталығы қай заманнан бері жұмыс істеп жатыр! Аудан, қала, ауыл әкімдіктері, аудан мәслихаты тұрғындарға көрсетілетін қызметтерден бастап, заңдар мен заңнамаларды, тиісті шешімдерді аудан аумағындағы ақпарат құралдарында – газеттерде, әлеуметтік желілерде үзбей жариялап отыратындығынан да кейбір тұрғындардың хабарсыз болуы өкінішті.

Қоғамдық қабылдауды ұйымдастыру-өткізу барысында бірқатар тұрғындар өз пікірлерімен де бөліскен. Мысалы, күн тәртібінен түспейтін қаңғыбас (иесіз) иттер жөніндегі мәселе жеке бастың ғана емес қоғамды алаңдатарлық сұрақтың көтерілуі деп бағаланып отыр.

Бірыңғай (Ұлттық) қабылдау күні ауданымыздың барлық ауыл, қала округтерінде тұрғындар қабылданып, өтініш-тілектері тыңдалды. Бұның өзі ҚР Президенті Жолдауында қамтылған қоғамдық диалогтың негізгі жолдарының бірі болып отыр.

 

Қ.Қасымұлы.

Read 25 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет