Жұма, 22 Қараша 2019 09:21

Меморандумға қол қойды

Меморандумға қол қойды mezet.kz

Жақында аудандық білім бөлімінде мекеме басшылары жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу саласындағы ынтымастықтық және өзара іс-қимыл туралы үшжақты Меморандумға салтанатты түрде қол қойды.

«Жас Сарбаз» жас-өспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық  қоғамдық бірлестігі Алматы облыстық филиалының төрағасы Айбол Қасенов, аудандық білім бөлімінің басшысы Бәтес Аманова, қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушы, капитан Болат Смаилов жастар тәрбиесінде маңызды рөл атқаратын құжат бойынша алдағы уақытта жұмыс жасайтындықтарын айтып, қол алысты.

Меморандумның басты мақсаты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жоспар-лаған жастардың мемлекеттік саясатты қолдауы бойынша басымдықтарын, «Қазақстан-2050» стра-тегиясының, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының, «Рухани Жаңғыру» бағдар-ламасының мақсаттары мен міндеттерін іске асыру. Сонымен қатар, жастардың бойына жаңа қазақстандық патриотизм сезімдерін сіңіру және өскелең ұрпақ санасында отансүйгіштікті ұялату.

 

С.НҰРАДИН.

Read 33 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет