Бейсенбі, 21 Қараша 2019 11:05

Міндет – сапалы қызмет көрсету

Міндет – сапалы қызмет көрсету mezet.kz

Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел әрекет ету мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болып саналады. Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет екендігін атап өткен болатын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.

Президент тапсырмасын орындау мақсатында облысымыздың мемлекеттік мекемелерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру, азаматтардың өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» яғни кәсіби аппарат құру мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасымен бірлесе аудан әкімдігінде мемлекеттік қызметшілер үшін арнайы оқыту семинарын өткізді. Жиынға аталған департамент басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Ляззат Бейсеқұлова, ҚСжАЕАжК Алматы облысы бойынша басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша аға прокуроры Рамазан Махарадзе, аудан әкімі аппаратының басшысы Бекен Керімбеков, округ әкімдері, басқарма, бөлім басшылары мен мемлекеттік қызметкерлер қатыс-ты.

Алғашқы болып сөз алған Ляззат Бейсеқұлова азамат-тарға көрсетілетін мемлекеттік қызмет-тің сапалы әрі жылдам болу керектігін ескертті. Қызмет көрсетуде кеткен олқылықтарға мысал келтіріп өткен ол уақыты кешіктірілген 1 мемлекеттік қызмет осыған ұқсас 10 мың қызметті жоққа шығаратындығын мәлімдеді. Ал бір шағым немесе өтініштің уақыты кешіктірілсе, осындай мың қызмет күйіп кетеді. Демек, мемлекеттік қызмет көрсетуде «бір құмалақ бір қарын майды шірітеді». Осыны алға тартқан Ляззат Мұқатайқызы жиынға қатысушыларға өздерінің жұмыстарына ұқыппен, жауапкершілікпен қарауды тапсырды. Ал Рамазан Махарадзе қызмет көрсетуде жіберілетін олқылықтар негізінен мерзімге байланысты екендігін айтты. Сөзіне сүйенсек, көбіне қызметкерлер күнтізбелік пен жұмыс күнін шатастырып жататын көрінеді.

Жалпы жиын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында қызмет атқаратын, өтініштерді қарастыратын және азаматтармен тікелей жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмысын қамтыды. Шара соңында, мемлекеттік қызметтер бойынша түрлі сұрақтар қойылып, қатысушыларға кеңес берілді.

С.НҰРАДИН.

Read 34 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет