Жұма, 01 Қараша 2019 12:25

Қаралы отбасыға жаңа үй салынатын болды

«Екі адамның өмі-рін жалмаған қайғылы өрт салдарынан отаға-сынан және үлкен ұлынан айырылған жесір әйел екі баласы-мен қалды. Облыс әкімінің тапсырмасы-мен қаралы отбасы үшін арнайы есепшот ашылып, қайырымды жандар ақша   жинастыруда», – дейді Ғ.Жүкел. Сонымен қа-тар, облыс әкімінің баспа-сөз хатшысының айтуынша, жергілікті билік бұл отбасыға Қырбалтабай ауылынан коммуналдық инфра-құрылыммен жер учаскесін бөліп беруді шешкен. Баспана демеушілер қаражатына тұрғызылатын болады. «Аудан тұрғындары үйдің құрылысына қатысты көмектерін аямайтындықтарын айтып отыр. Екі бала балабақшаға орналастырылатын болды. Жесір қалған әйелдің жұмысқа тұру мәселесі де қаралуда», – деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғ.Жүкел. Жесірдің әкесінің айтуынша, бұл отбасылық қайғыға ешкім көз жұма қарамаған. Жан-жақты көмек қолы созылуда. «Күйеу баламызды өзінің ұлымен қатар жерледік. Өзі мейірімді де жақсы адам еді. Жұбайын сыйлап, жақсы көретін. Балаларына қамқор әке еді. Ешқандай артық, жаман қылығы болмаған», – деп қайғыра жеткізді Мадинаның әкесі Сейділдә Оразов.

Жергілікті билік өкілдері отағасының алған несиесінің отбасына ауырлық түсірмеуін қадағалайтынын айтты. Естеріңізге сала кетейік, 5 адамнан құралған отбасы тұрып жатқан үй бесінші қазанда өртенген. Отағасы өрт ішінен жұбайы мен екі кіші баласын алып шыққан соң, үлкен ұлын құтқаруға өртеніп жатқан үйге қайта кіреді. Алайда, ол түтінге уланып, үлкен ұлын сыртқа шығаруға үлгермейді. Ақыры, екеуі де оқиға орнында қаза болған еді.

 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Read 777 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет