Жұма, 06 Қыркүйек 2019 16:02

Әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару жобасы ұсынылды

Әкімшілік-аумақтық бірлікті  басқару жобасы ұсынылды mezet.kz

Кезекті аудандық мәслихат жанындағы тұрақты комиссиялардың біріккен отырысында алты мәселе күн тәртібіне көтерілді: «Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы» атағын беру, аудан бойынша жергілікті әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын бекіту, аудан бюджетінің 2019 жылдың І-жартыжылдығындағы орындалуы және игерілуі, І-жартыжылдық бойынша салық түсімдері, жер қатынастары бөлімінің атқарған жұмыстары және Елбасы Жолдауы аясында аудандық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің атқарған жұмыстары.

Бүгінгі таңда аудан бюджетінің 35 млн теңгесі игерілмей тұр. Оның себебі, «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде мемлекет тарапынан берілетін субсидияға әлі ешкім құжат тапсырмаған. Сол секілді тағайындалған жәрдемақылар мен кәсіп ашуға ниетті деп жіберген азаматтардың сабаққа уақытылы бармауы салдарынан оқудан шыққандар. Бұл туралы аудандық қаржы бөлімінің басшысы Батыр Хайруллаев депутаттар алдындағы есебінде айтты. Сол секілді аудандағы жолдардың ұзындығы 30 пайызға өскендігі туралы  да баяндады жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бейбіт Искаков. – Бүгінгі таңда аудан әкімдігінің желілердегі парақшаларына түсетін өтініш-тілектердің 70 пайызы осы жол мәселелері. Оны өздеріңіз де білесіздер. Аудандық мәслихат депутаттары тарапынан берілетін депутаттық сауалдар да жетерлік. Әйткенмен, бізде қазіргі жолдардың біраз бөлігіне жол салу мақсатында жасалған жобалық-сметалық құжаттарымыз толық дайын. Тек қаржыны күтіп отырмыз, – деді Бейбіт Құлжамбайұлы.

Толассыз сұрақ-жауап ретінде өткен комиссия отырысы сессия жұмысына ұласты. Күн тәртібінде сегіз мәселе қаралып, бәрі шешімін тапты. Әсіресе, аудан бойынша әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасының жобасын депутаттар назарына ұсынды аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызмет бөлімінің басшысы Айдос Молдабаев. Мәліметіне сүйенсек, Еңбекшіқазақ аудандық ішкі саясат, жер қатынастары, білім, экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері сол қалпы қалады. Ал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, ауыл шаруашылығы және ветеринария, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімдері өзара бірігіп, дәл осылай аталатын болады. Әлбетте, бұл қазірге жоба. Сессия барысында «ҚР Үкіметімен бекітілген жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған Еңбекшіқазақ ауданы бойынша әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасы бекітілсін» және «Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың «Еңбекшіқазақ ауданы-ның жергілікті мемлекеттік басқару схемасын бекіту туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі №19-2 шешімі жойылды деп танылсын» деген шешім қабылданды.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА,

аудандық мәслихат депутаты.

Read 76 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет