Дүйсенбі, 02 Қыркүйек 2019 16:34

Жолдауға қолдау. Ауылды дамыту – елдіктің айғағы

Еліміз 28 жыл ішінде Елбасының егемендіктің елең-алаңындағы «алдымен - экономика, сонан соң саясат» атты өміршең тарихи қағидаты мен сындарлы саясаты еліміздің экономикалық кемелденуіне даңғыл жол салып, Қазақстанның терезесі тең, керегесі кең мемлекетке айналуына жол ашты. Соның арқасында тәуелсіздіктің тамыры тереңдеп, халықтың әлеуметтік әлеуеті артты, ынтымағымыз бекіп, ырысымыз еселенді, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз, мәдениетіміз бен ата дәстүріміз қайта жаңғырды. Экономиканың жаппай күйреуі халықтың басым көпшілігін күйзеліске ұшыратты. Көптеген сарапшылар этносаралық шиеленістер мен қақтығыстар болады деп болжам жасады. Бірақ, біз өзіміздің егемен елімізде бейбітшілік пен келісім жағдайында өмір сүруге лайықты екенімізді бүкіл әлемге дәлелдедік.

Соның бір айғағы 50 дамыған елдер тізіміне еніп, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруге жақындап келеміз. Осы орайда, Қазақстан экономикасы жаһандық сипаттағы қиындықтарға қарамастан алға ілгерілеп келеді.

Ішкі жалпы өнімнің өсімі орташа әлемдік көрсеткіштен жоғары болғаны қуантарлық жағдай. Егер қажетті құрылымдық өзгерістерді бірге жұмыла жүзеге асырсақ, 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға және одан да жоғары деңгейге жеткізуге болады. Сондай-ақ «Ауыл – Ел бесігі» жобасы негізінде тиімді шағын және орта бизнес арқылы – қала мен ауылды дамытудың берік негізі болатынына кәміл сенемін.

 

Жұлдыз Абдыкадырова

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың экономика, бюджет  және қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі

Read 73 times

Күнтiзбе

« Қазан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет