Сәрсенбі, 21 Тамыз 2019 12:25

Ұстаздар жалақысы екі есеге артады

Мыңға жуық республика ұстаздарының басын қосқан, елордамыз Нұр-Сұлтанда өткен тамыз кеңесі ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ерекшеленді. Жалпы, мұғалім мамандығына деген құрметті қарым-қатынасты қолға алған Президент алдағы төрт жылда жалақыларын екі есеге көтеретінін айтып, қуантып тастады. Сонымен қатар, өз қолымен мемлекеттік наградаларды тапсырып, мерейлерін өсірді.

Мектепке дейінгі білімді баса назарға ала отырып, 12 жылдық білім берудің де басымдықтарын жан-жақты түсіндірді мемлекет басшысы. Оқыту үрдісіндегі үштілділікті қолдай отырып, негізгі үстемдікті мемлекеттік тілге беретіндігін жеткізді. Көптеген елді мекендерде орын алып жатқан үш ауысымды оқуды түбегейлі жою мақсатында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталып, жас мамандардың ұлы жолға бейімделуі үшін барлық жағдай жасалатынын ескертті. Жиын барысында Мемлекет басшысы нақты тапсырмалар беріп, білім сапасын арттыру жолында ұстаздарға шығармашылық пен қажырлы қайрат тіледі.

Айжан Тортаева,

аудандық білім бөлімінің әдіскерлік кабинетінің меңгерушісі, конференция делегаты.

Read 92 times

Күнтiзбе

« Қазан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет