Жұма, 09 Тамыз 2019 11:58

Әлеуметтік желілер - тұрғындар талап-тілегінің ортасы

Әлеуметтік желілер - тұрғындар  талап-тілегінің ортасы mezet.kz

Интернет иіріміне еніп, әлеуметтік желі адуындап тұрған бүгінгі қоғамда әрбіріне атүсті қарауға болмайды. Әсіресе, мемлекеттік қызметшілерге. Тіпті, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев тәулігіне бір мәрте тіршілік қайнап жатқан «ортаға» өзі уақыт бөліп, желілерге жауап беретіндігін ашық айтты. Ол аз десеңіз, парақшаларын ашып, қазақстандықтардың түрлі көкейтесті мәселелеріне тіл қатып отыратындығын қараша халық біледі. Енді әр мемлекеттік қызметші желілердегі жазбаларға жауап беруге тәуелді. Бұл туралы Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Жаныс Сапарғалиев мәлімдеді.

Қала, ауылдық округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары қатысқан жиынды аудан әкімінің орынбасары Айбек Бидаев жүргізді. Алғаш мінберге көтерілген Жаныс Құдайбергенұлы ақпарат толқыны секунд сайын сапырылысып жатқан кезеңде уақытылы тұрғындар тілегіне жауап бермеу түрлі қоғамдық шиеленістерге тірейтінін ашып айтты.

Құрметті округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары! Өздеріңізге мәлім,қазір орташа есеппен тәулігіне 300 мыңға жуық посттар мен жарияланымдар жарыққа шығады. 90 мыңның үстінде әлеуметтік желілерге посттар жарияланады. Оның бәрі бүгінгі қоғамның түйткілді мәселелері. Сондықтан уақы-тылы жауап беріп отыру – әрбіріңізге міндет, – деді. Мамандар мәліметіне сүйенсек, тұрғындардың басым көпшілігі Twitter-ге тілек-талаптарын түсіреді екен. Сол секілді «ВКонтакте» мен «Фейсбук» те көш бастап тұр.Шынын айту керек, тіршілік қазаны қайнап тұрған әлеуметтік желілерде тұрғындар тынысы тарылып тұрған тұстарды байқауға болады. Бұл турасында облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Әлия Құрманғалиева кеңінен тоқталды. Бүгінде Еңбекшіқазақ ауданы бойынша тұрғындар арыз-шағымдарының 55,8 пайы-зы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімдеріне тиесілі. Кейінгі орындарды білім саласы мен денсаулық сақтау саласы алып отыр. Өкініштісі, арыз түскен мекемелерден оңды жауап жазылмайтындығы.

– Бәріміз де білеміз, аудан бойынша атқарылып жатқан істер ауқымды. Тұрғындардың басым көпшілігі сол жаңалықтардан бейхабар болғандықтан, тілектерін әлеуметтік желілер арқылы айтып жатады. Ал Сіздер оған оңтайлы жауап беру арқылы шиеленістің алдын аласыздар» – деді Әлия Құдайбергенқызы.

Жиын соңында Айбек Дүй-сембекұлы бұл түйткілдің түйіні тұрғындармен етене жақын болуда екенін баса айтты:

– Бүгінде осы жазбаларды қалдырып жатқан азаматтар-дың 80 пайызы дерлік Сіздердің кабинеттеріңізден өтеді. Қанағаттанарлық жауап ал-мағандықтан әлеуметтік желі-лерге жазады. Сондықтан әр округте атқарылып жатқан, алдағы жылдары мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асатын істің бәрін айтып, түсіндіріп отыру керек. Демек, ашықтық қажет, – дей келе, аудан әкімінің баспасөз хатшысына әкімдер мен бөлім басшыларының әлеуметтік желілердегі белсенділігіне мониторинг жасауды тапсырды.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА

Read 227 times

Күнтiзбе

« Қазан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет